Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері Алматыда өтіп жатқан халықаралық өнер фестиваліне қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Әлемнің 16 елінен келген 400-ге жуық қазақ халықаралық өнер фестиваліне қатысты. Фестиваль аясында жыршылар сайысы, мүшәйра байқаулары өткізілді, «Көк тудың желбірегені» атты көрме ашылды. Ресей, Қытай, Норвегия, Швеция, Иран, Ауғанстан, Франция мен басқа да шет елдерден келген отандастарымыз мұндай сәтті өте ұзақ күтті»,- дейді фестиваль ұйымдастырушылары.
Аталмыш фестиваль шет елде тұратын қазақ диаспорасының мәдени-рухани әлеуетін көтеріп, өзара қарым-қатынаста болуды көздейді.