Тарихтың археологиялық бағытын зерттеуді қолға алу керек – шығыстанушы

3 Қазан 2013, 05:32

Тарихты зерттеуде археологиялық бағыттағы жұмыстарды қолға алу керек. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей мәлімдеді.  «Ұлттық тарихты зерттеуде археологиялық бағыттағы жұмыстар қолға алынуы тиіс. Жиырма жылдың ішінде біраз жұмыстар атқарылды, оны мойындау керек. Археологиялық орындар зерттеліп, тың деректер табылды, олар ғылыми тұрғыда дәлелденді. Жазба деректерде де дәл осылай. Мен мынаны баса айтар едім... Қазір ЖОО-лардағы тарих кафедраларының жұмысы да назарда болып отыр ғой. Осы орайда, тарих факультетінің студенттері үшін арнайы тарихи саяхат ұйымдастырылуы тиіс. Яғни, бұл оқу бағдарламасының бір бөлігі болуы керек. Яғни, олардың тарих, тарихи өлкелелер мен өңірлер жайында оқып қана қоймай, оны көзбен көруіне мүмкіндік жасау және кең-байтақ жеріміздегі тарихи орындармен таныстыру қажет», - деді профессор.  Оның айтуынша, ұлттық тарихты зерттеу жұмыстарына тек тарихшылар ғана емес, жалпы ғалымдардың барлығы бірдей атсалысуы тиіс. «Тарих бір топтың немесе бір адамның еншісіндегі дүние емес. Оған тек тарихшылар ғана емес, шығыстанушылар, дерекнамашылар, сондай-ақ философтар да атсалысып, бірлесе жұмыс істеуі тиіс. Бұл үлкен жауапкершілік пен мұқияттылықты талап ететін күрделі жұмыс», - деді И.Жеменей.

Тарихты зерттеуде археологиялық бағыттағы жұмыстарды қолға алу керек. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей мәлімдеді. 

«Ұлттық тарихты зерттеуде археологиялық бағыттағы жұмыстар қолға алынуы тиіс. Жиырма жылдың ішінде біраз жұмыстар атқарылды, оны мойындау керек. Археологиялық орындар зерттеліп, тың деректер табылды, олар ғылыми тұрғыда дәлелденді. Жазба деректерде де дәл осылай. Мен мынаны баса айтар едім... Қазір ЖОО-лардағы тарих кафедраларының жұмысы да назарда болып отыр ғой. Осы орайда, тарих факультетінің студенттері үшін арнайы тарихи саяхат ұйымдастырылуы тиіс. Яғни, бұл оқу бағдарламасының бір бөлігі болуы керек. Яғни, олардың тарих, тарихи өлкелелер мен өңірлер жайында оқып қана қоймай, оны көзбен көруіне мүмкіндік жасау және кең-байтақ жеріміздегі тарихи орындармен таныстыру қажет», - деді профессор. 

Оның айтуынша, ұлттық тарихты зерттеу жұмыстарына тек тарихшылар ғана емес, жалпы ғалымдардың барлығы бірдей атсалысуы тиіс.

«Тарих бір топтың немесе бір адамның еншісіндегі дүние емес. Оған тек тарихшылар ғана емес, шығыстанушылар, дерекнамашылар, сондай-ақ философтар да атсалысып, бірлесе жұмыс істеуі тиіс. Бұл үлкен жауапкершілік пен мұқияттылықты талап ететін күрделі жұмыс», - деді И.Жеменей.

Бөлісу: