Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік

3 Қазан 2013, 04:25

Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік 1938 жылғы 6 наурызда құрылды. Кейін оған 1990 жылы қазақтың белгілі әншісі Қ. Байжановтың аты берілді. Алғашқы жылдары бұл ұжымда Қ. Байжанов, Ж. Елебеков, М. Хамзин, Н. Әбішев, З. Жұбатова, Р. Қойшыбаева дарынды өнер майталмандары жұмыс жасады. Филармонияның алғашқы директоры Стародубенко болды. Филармонияның гүлденіп, беделінің өсуіне барлық күш-жігерін, шығармашылығы мен ұйымдастырушылық қабілетін жұмсаған филармонияның кейінгі директоры - П.И. Яповицкий. Ол филармонияға 30 жылдан астам уақыт басшылық етті. Оған табысты еңбегі ушін «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді. Одан кейінгі жылдары ұжымға «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет кызметкері» Я.М. Симановский басшылық етті. Жас таланттарды тәрбиелеуге және облысымызда кәсіби-вокалдық өнердің дамуына Қарағанды филармониясының алғашқы көркемдік жетекшісі, Қазақ ССР-нін халық әртісі, Саратов консерваториясының түлегі Б.А. Орлов көп еңбек сіңірді. Қазіргі уақытта бірлестіктін директоры Қазақстанның еңбек сінірген мәдениет қайраткері З.К. Мейрамбеков. 1956 жылы классикалық музыканы насихаттайтын шекті квартет құрылды. Бұл квартетте В. Якимов, А. Каненов сияқты белгілі музыканттар өнер көрсетті. Бұл концерттік бірлестіктегі 1995 жылы құрылған ең жас ұжым - «Әуен» ансамблі. Бұл ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері М. Рымжанов болды. 1997 жылы ансанбль орындаушыларының бірі Е. Құжиманов Ш. Қалдаяқов атындағы II Халықаралық конкурстың лауреаты атағына ие болды. Ал, 1999 жылы ол «Шабыт» Республикалық жастар шығармашылығы фестивалінде бас жүлдеге ие болып, Президент стипендиаты болды. Сонымен қатар ансамбль құрамында Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты - Ж. Кемалов, Қ. Байсейітова атындағы Республикалық конкурстың лауреаты, «Вокалшы - 2000» номинациясы бойынша облыс әкімі сыйлығының иегері Т. Ыдырысовтар өнер көрсетеді. 1994 жылы И. Андрейченконың басшылығымен «Биг Бенд» джаз оркестры құрылды. Бұл оркестрдің бағдарламасында джаз және белгілі жеңіп сазды композициялар орындалады. Ресейде өткен Халықаралық джаз музыкасы фестивалінің лауреаты. Джаз оркестрінің репертуары жыл сайын қазақ композиторларының шығармаларымен толығып отыратын джаз музыкасына өте бай. 1993 жылы «Аққу» ансамблі құрылды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Республикалық эстрада өнері студиясының түлегі Қ. Мұқатова. Ал кейінгі жылдары «Шыңдауыл» соқпалы аспаптар ансамблі, «Жігер» домбырашылар ансамблі, «Шағала» қобызшылар ансамблі және шекті квартет құрылды. Музей экспозициясында «Қуаныш», «Искорка», «Вольшебная страна», «Салтанат», «Вдохновение», «Арабески», «Антре», «Шашу» сияқты Қарағанды облысындағы балалардың би ұжымдары көрсетілген. Олар «Айналайын», Бозторғай», «Обзор» (Болгария), «Бодрум» (Турция) атты Халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатысып жүлделі орындарға ие болған. Тәттімбет атындағы халық аспаптары оркестрі 1988 жылы кұрылды. 1990 жылы қазақтың ұлы күйшісі Тәттімбет Қазанғапұлының аты берілді. Оркестрдің іргесін қалаған КСРО халық артисті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Қажығалиев. Оның басшылығымен Республиканың музыка тәжірибесінде тұңғыш рет А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операларының концерттік варианты қазақ оркестрінің орындауында сахнаға шыкты. Сонымен қатар оркестр орыс және шетел композиторларының шығармаларында орындайды. 2000 жылы оркестрге «Академиялық» құрметті атағы берілді. Оркестрдің бас дирижеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д. Үкібай, директоры Ғ. Әжбағамбетов.

Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік 1938 жылғы 6 наурызда құрылды. Кейін оған 1990 жылы қазақтың белгілі әншісі Қ. Байжановтың аты берілді. Алғашқы жылдары бұл ұжымда Қ. Байжанов, Ж. Елебеков, М. Хамзин, Н. Әбішев, З. Жұбатова, Р. Қойшыбаева дарынды өнер майталмандары жұмыс жасады.

Филармонияның алғашқы директоры Стародубенко болды. Филармонияның гүлденіп, беделінің өсуіне барлық күш-жігерін, шығармашылығы мен ұйымдастырушылық қабілетін жұмсаған филармонияның кейінгі директоры - П.И. Яповицкий. Ол филармонияға 30 жылдан астам уақыт басшылық етті. Оған табысты еңбегі ушін «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді. Одан кейінгі жылдары ұжымға «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет кызметкері» Я.М. Симановский басшылық етті. Жас таланттарды тәрбиелеуге және облысымызда кәсіби-вокалдық өнердің дамуына Қарағанды филармониясының алғашқы көркемдік жетекшісі, Қазақ ССР-нін халық әртісі, Саратов консерваториясының түлегі Б.А. Орлов көп еңбек сіңірді. Қазіргі уақытта бірлестіктін директоры Қазақстанның еңбек сінірген мәдениет қайраткері З.К. Мейрамбеков.

1956 жылы классикалық музыканы насихаттайтын шекті квартет құрылды. Бұл квартетте В. Якимов, А. Каненов сияқты белгілі музыканттар өнер көрсетті.

Бұл концерттік бірлестіктегі 1995 жылы құрылған ең жас ұжым - «Әуен» ансамблі. Бұл ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері М. Рымжанов болды. 1997 жылы ансанбль орындаушыларының бірі Е. Құжиманов Ш. Қалдаяқов атындағы II Халықаралық конкурстың лауреаты атағына ие болды.

Ал, 1999 жылы ол «Шабыт» Республикалық жастар шығармашылығы фестивалінде бас жүлдеге ие болып, Президент стипендиаты болды.

Сонымен қатар ансамбль құрамында Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты - Ж. Кемалов, Қ. Байсейітова атындағы Республикалық конкурстың лауреаты, «Вокалшы - 2000» номинациясы бойынша облыс әкімі сыйлығының иегері Т. Ыдырысовтар өнер көрсетеді.

1994 жылы И. Андрейченконың басшылығымен «Биг Бенд» джаз оркестры құрылды. Бұл оркестрдің бағдарламасында джаз және белгілі жеңіп сазды композициялар орындалады. Ресейде өткен Халықаралық джаз музыкасы фестивалінің лауреаты. Джаз оркестрінің репертуары жыл сайын қазақ композиторларының шығармаларымен толығып отыратын джаз музыкасына өте бай.

1993 жылы «Аққу» ансамблі құрылды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Республикалық эстрада өнері студиясының түлегі Қ. Мұқатова.

Ал кейінгі жылдары «Шыңдауыл» соқпалы аспаптар ансамблі, «Жігер» домбырашылар ансамблі, «Шағала» қобызшылар ансамблі және шекті квартет құрылды.

Музей экспозициясында «Қуаныш», «Искорка», «Вольшебная страна», «Салтанат», «Вдохновение», «Арабески», «Антре», «Шашу» сияқты Қарағанды облысындағы балалардың би ұжымдары көрсетілген. Олар «Айналайын», Бозторғай», «Обзор» (Болгария), «Бодрум» (Турция) атты Халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатысып жүлделі орындарға ие болған.

Тәттімбет атындағы халық аспаптары оркестрі 1988 жылы кұрылды.

1990 жылы қазақтың ұлы күйшісі Тәттімбет Қазанғапұлының аты берілді.

Оркестрдің іргесін қалаған КСРО халық артисті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Қажығалиев. Оның басшылығымен Республиканың музыка тәжірибесінде тұңғыш рет А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операларының концерттік варианты қазақ оркестрінің орындауында сахнаға шыкты. Сонымен қатар оркестр орыс және шетел композиторларының шығармаларында орындайды.

2000 жылы оркестрге «Академиялық» құрметті атағы берілді. Оркестрдің бас дирижеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д. Үкібай, директоры Ғ. Әжбағамбетов.

Бөлісу: