«Шахтер» – «Маккаби» матчында Әнуар Нұрпейісов ән салады

2 Қазан 2013, 09:18

Актер Әнуар Нұрпейісов «Шахтер» – «Маккаби» матчында жанкүйерлермен қосылып ән шырқамақшы. Израиль мен Қарағанды клубтары арасындағы кездесу 3 қазанда түнгі 22:00-де «Астана-Арена» стадионында өтеді. Нұрпейісовтің айтуынша, УЕФА матч алдында оның ән айтуына қарсы емес көрінеді. «Бұл өзіміздің футболшыларға арнаған сыйым. Әзірге қандай ән шырқайтынымды айтпай тұрайын. Алайда, тыңдармандар әннің сөзін білетініне күмәнім жоқ және ертеңгі ойынның алдында қолдау көрсететініне сенемін», - дейді әнші. Соған қарағанда ол «Шахтер» мен «Селтик» матчынан бұрын айтқан әнді меңзеп тұрған сияқты. «Шахтер» - «Маккаби» матчын КТК арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ойын кезінде ресейлік журналист Константин Генич комментатор болады. Букмекерлер ойынға қатысты өз болжамдарын жасап үлгерді. Олар израильдік клубтың жеңетінін айтып отыр. Алайда, «Шахтер» жанкүйерлері мен жалпы Қазақстан жұрты өз командасының жеңетініне сенеді және ойын кезінде қолдау көрсетуге дайын отыр. Baq.kz

Актер Әнуар Нұрпейісов «Шахтер» – «Маккаби» матчында жанкүйерлермен қосылып ән шырқамақшы. Израиль мен Қарағанды клубтары арасындағы кездесу 3 қазанда түнгі 22:00-де «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Нұрпейісовтің айтуынша, УЕФА матч алдында оның ән айтуына қарсы емес көрінеді.
«Бұл өзіміздің футболшыларға арнаған сыйым. Әзірге қандай ән шырқайтынымды айтпай тұрайын. Алайда, тыңдармандар әннің сөзін білетініне күмәнім жоқ және ертеңгі ойынның алдында қолдау көрсететініне сенемін», - дейді әнші.
Соған қарағанда ол «Шахтер» мен «Селтик» матчынан бұрын айтқан әнді меңзеп тұрған сияқты.
«Шахтер» - «Маккаби» матчын КТК арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ойын кезінде ресейлік журналист Константин Генич комментатор болады. Букмекерлер ойынға қатысты өз болжамдарын жасап үлгерді. Олар израильдік клубтың жеңетінін айтып отыр.
Алайда, «Шахтер» жанкүйерлері мен жалпы Қазақстан жұрты өз командасының жеңетініне сенеді және ойын кезінде қолдау көрсетуге дайын отыр.

Baq.kz

Бөлісу: