Арман Дүйсенов туған жерін жырлайды

1 Қазан 2013, 09:11

3 қазан күні Алматы қаласындағы Республика сарайында белгілі композитор, әнші Арман Дүйсенов «Туған жер» атты үшінші шығармашылық кешін өткізбекші. «Алтайдан Атырауға дейін Есілкөлден Гүлістанға дейін Ақжайықтан сұлу Жетісуға дейін созылып жатқан қазақтың сайын даласы бәріміздің ортақ еліміз, Отан – анамыз! Әрбір қазақ азаматының басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға өз үлесін қосу. Міне, менде осы мақсаты жолында «Туған жер» атты ән кешімді халықтың назарына ұсынғалы отырмын. Кеш өте қызық әрі тосын сыйларға толы болады», -деді Арман Дүйсенов. Сазгердің авторлық кешінде Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, «МузАрт» тобы, Мәдина Сәдуақасова, Алтынай Жорабаева, Ақылбек Жеменей, Қайрат Нұртас, «Kesh -You», «Жігіттер» квартеті, Динара Қырықбаева, Таңат Мамырханұлы тағы басқа өнер жұлдыздары өнер көрсетеді. Арман Дүйсеновтың шығармашылық кешін Тұрсынбек Қабатов, Жанатбек Байтеков, Баян Есентаева және Айгүл Иманбаева жүргізеді деп күтілуде. Baq.kz

3 қазан күні Алматы қаласындағы Республика сарайында белгілі композитор, әнші Арман Дүйсенов «Туған жер» атты үшінші шығармашылық кешін өткізбекші.

«Алтайдан Атырауға дейін Есілкөлден Гүлістанға дейін Ақжайықтан сұлу Жетісуға дейін созылып жатқан қазақтың сайын даласы бәріміздің ортақ еліміз, Отан – анамыз! Әрбір қазақ азаматының басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға өз үлесін қосу. Міне, менде осы мақсаты жолында «Туған жер» атты ән кешімді халықтың назарына ұсынғалы отырмын. Кеш өте қызық әрі тосын сыйларға толы болады», -деді Арман Дүйсенов.

Сазгердің авторлық кешінде Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, «МузАрт» тобы, Мәдина Сәдуақасова, Алтынай Жорабаева, Ақылбек Жеменей, Қайрат Нұртас, «Kesh -You», «Жігіттер» квартеті, Динара Қырықбаева, Таңат Мамырханұлы тағы басқа өнер жұлдыздары өнер көрсетеді.

Арман Дүйсеновтың шығармашылық кешін Тұрсынбек Қабатов, Жанатбек Байтеков, Баян Есентаева және Айгүл Иманбаева жүргізеді деп күтілуде.

Baq.kz

Бөлісу: