Абылай ханың билік еткен уақыт Қазақстан тарихындағы «алтын ғасыр» болып табылады - С.Нә

30 Қыркүйек 2013, 11:12

Абылай хан билік еткен уақыт Қазақстан тарихындағы «алтын ғасыр» болып табылады, дейді BNews.kz тілшісімен пікірлесе отырып. Назарбаев орталығының Бас ғылыми қызметкері, Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-эксперттік тобының төрайымы Сәуле Мамытова. «Тәуелсіздік Қазақстанның түпнұсқа, шынайы, империялық ойлаудан азат Қазақстанның тарихын қалпына келтіруге нақты мүмкіндіктер беріп отыр. Ғалымдарға көрнекті мемлекет қайраткері, XVIII ғасырдың талантты қолбасшысы әрі дипломаты  - Абылай хан сынды ірі тарихи тұлғалардың қызметін лайықты бағалауға мүмкіндік ашылды», дейді тарихшы.    Сәуле Нәсенқызының атап өтуінше, тәуелсіздік жылдары қазақстандық тарихи ғылымның қазақ халқының тарихындағы Абылай ханның рөлі мен орнын зерттеудегі жетістіктері орасан зор.   «Қаншама ғылыми еңбектер жарыққа шықты.  Алайда, осы күнге дейін XVIII ғасырдың қазақ көшбасшысы Абылайдың шынайы саяси және рухани портреті хақындағы ғылыми пікірталастар әлі де жалғасуда. Көптеген зерттеушілер Абылай ханның бойында жағымды да, жағымсыз да қасиеттері болған деседі. Аса көрнекті орыс тарихшысы Ключевскийдің «Қадірлі адам - кемшілігі жоқ адам емес, қадірі бар адам» деген сөзіне сүйене отырып, Абылай хан туралы да солай айтуға болады. Оның ұлылығын мойындау үшін оның қадірі жеткілікті болды. Оның барлық іс-әрекетінің ішіндегі ең маңыздысы барлық жақтан жаулап алу қаупі төнген, бетбұрысты және қайғылы кезеңде қазақ мемлекеттілігін сақтап қалуы болды. Дипломатия өнерін шебер меңгерген Абылай хан қазақ халқының дербестігін, территориясының этнотарихи тұтастығын сақтап қалды. Алпауыт көршілері Ресей мен Цин империясымен бейбіт, өзара тиімді қарым-қатынас құрып, ол даланың ұзақ жылдар аңсаған тыныштығын орнатты, өңірдің экономикасының гүлденуін қамтамасыз етті, бұл өз кезегінде халық санының өсуіне ықпал етті.  Абылайдың билік еткен уақыты Қазақстан тарихындағы «алтын ғасыр» болып табылады. Ол Қазақ хандығын Еуразияның ірі державасына айналдыра алды. Абылайдың есімі бірнеше ғасырлар бойы қазақ халқының бірлігінің және оның мемлекетінің егемендігінің символы қызметін атқарды деп нық сеніммен айтуға болады», дейді ол.   Сұхбат бере отырып Сәуле Мамытова Абылай ханның 300 жылдығына орай  өтеді деп жоспарланып отырған бірқатар шаралар туралы да құлағдар етті. «Қазан айының басында Көкшетауда Халықаралық ғылыми конференция болады. Мен оған шақырту алдым және «Қазіргі отандық тарихнамадағы Абылай ханның тұлғасын және мемлекеттік қызметін зерттеу: нақтылығы мен келешегі» тақырыбында баяндама дайындадым.Үстіміздегі жылдың тамыз айында Павлодар облысында «Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы Шыңғыс әулетінің тарихи рөлі» атты тақырыпта конференция өтті, Сұлтанбет пен Жантөре сұлтандарға ескерткіш ашылды. Осы бағытта одан әрі ғылыми зерттеулер жүргізу, Омбының, Мәскеудің (Ресей Әскери-тарихи мұрағаты) және Санкт-Петербордағы (Ресей мемлекеттік тарихи мұрағаты) мұрағаттарында жұмыс істеу жоспарланып отыр.  Монография шығару жоспарда бар», деп түйіндеді сұхбатын ол.

Абылай хан билік еткен уақыт Қазақстан тарихындағы «алтын ғасыр» болып табылады, дейді BNews.kz тілшісімен пікірлесе отырып. Назарбаев орталығының Бас ғылыми қызметкері, Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-эксперттік тобының төрайымы Сәуле Мамытова.

«Тәуелсіздік Қазақстанның түпнұсқа, шынайы, империялық ойлаудан азат Қазақстанның тарихын қалпына келтіруге нақты мүмкіндіктер беріп отыр. Ғалымдарға көрнекті мемлекет қайраткері, XVIII ғасырдың талантты қолбасшысы әрі дипломаты  - Абылай хан сынды ірі тарихи тұлғалардың қызметін лайықты бағалауға мүмкіндік ашылды», дейді тарихшы. 

 

Сәуле Нәсенқызының атап өтуінше, тәуелсіздік жылдары қазақстандық тарихи ғылымның қазақ халқының тарихындағы Абылай ханның рөлі мен орнын зерттеудегі жетістіктері орасан зор.
 
«Қаншама ғылыми еңбектер жарыққа шықты.  Алайда, осы күнге дейін XVIII ғасырдың қазақ көшбасшысы Абылайдың шынайы саяси және рухани портреті хақындағы ғылыми пікірталастар әлі де жалғасуда. Көптеген зерттеушілер Абылай ханның бойында жағымды да, жағымсыз да қасиеттері болған деседі. Аса көрнекті орыс тарихшысы Ключевскийдің «Қадірлі адам - кемшілігі жоқ адам емес, қадірі бар адам» деген сөзіне сүйене отырып, Абылай хан туралы да солай айтуға болады. Оның ұлылығын мойындау үшін оның қадірі жеткілікті болды. Оның барлық іс-әрекетінің ішіндегі ең маңыздысы барлық жақтан жаулап алу қаупі төнген, бетбұрысты және қайғылы кезеңде қазақ мемлекеттілігін сақтап қалуы болды. Дипломатия өнерін шебер меңгерген Абылай хан қазақ халқының дербестігін, территориясының этнотарихи тұтастығын сақтап қалды. Алпауыт көршілері Ресей мен Цин империясымен бейбіт, өзара тиімді қарым-қатынас құрып, ол даланың ұзақ жылдар аңсаған тыныштығын орнатты, өңірдің экономикасының гүлденуін қамтамасыз етті, бұл өз кезегінде халық санының өсуіне ықпал етті.  Абылайдың билік еткен уақыты Қазақстан тарихындағы «алтын ғасыр» болып табылады. Ол Қазақ хандығын Еуразияның ірі державасына айналдыра алды. Абылайдың есімі бірнеше ғасырлар бойы қазақ халқының бірлігінің және оның мемлекетінің егемендігінің символы қызметін атқарды деп нық сеніммен айтуға болады», дейді ол.
 
Сұхбат бере отырып Сәуле Мамытова Абылай ханның 300 жылдығына орай  өтеді деп жоспарланып отырған бірқатар шаралар туралы да құлағдар етті. «Қазан айының басында Көкшетауда Халықаралық ғылыми конференция болады. Мен оған шақырту алдым және «Қазіргі отандық тарихнамадағы Абылай ханның тұлғасын және мемлекеттік қызметін зерттеу: нақтылығы мен келешегі» тақырыбында баяндама дайындадым.Үстіміздегі жылдың тамыз айында Павлодар облысында «Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы Шыңғыс әулетінің тарихи рөлі» атты тақырыпта конференция өтті, Сұлтанбет пен Жантөре сұлтандарға ескерткіш ашылды. Осы бағытта одан әрі ғылыми зерттеулер жүргізу, Омбының, Мәскеудің (Ресей Әскери-тарихи мұрағаты) және Санкт-Петербордағы (Ресей мемлекеттік тарихи мұрағаты) мұрағаттарында жұмыс істеу жоспарланып отыр.  Монография шығару жоспарда бар», деп түйіндеді сұхбатын ол.
Бөлісу: