Қазақстан ноғайларының музыкалық фольклоры

3 Наурыз 2014, 04:12

Қазақстан – түрлі этностардың бейбітшілік пен өзара сыйластық, толеранттылықпен өмір сүріп жатқан туған жері болып табылады. Өздерінің тарихи отандарынан әр кезеңде түрлі саяси себептермен қоныс аударған өзге ұлт өкілдері

Қазақстан – түрлі этностардың бейбітшілік пен өзара сыйластық, толеранттылықпен өмір сүріп жатқан туған жері болып табылады. Өздерінің тарихи отандарынан әр кезеңде түрлі саяси себептермен қоныс аударған өзге ұлт өкілдері – орыс, украин, неміс, корей, беларусь, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, түрікмен, т.б. бір тудың астында, Қазақстанды Отаным деп танып, оның тарихын, мәдениетін, ұлттық дәстүрін құрметтеп келеді. Елбасы Жолдауында: «Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз. Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты» деп көрсетілді.

Еліміздегі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін, оның ішінде музыкалық фольклоры мен ауыз әдебиетін ғылыми тұрғыда игеру ісі соңғы жылдардың үлесіне тиіп отыр. Әрине, әр жылдары мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылып жүрген Орта Азия халықтарының немесе түркітілдес ұлыстардың музыкалық мәдениетіне арналған фестивальдер мен симпозиумдардың, концерттердің жөні бір басқа.

Алға қойып отырған «Қазақстан халықтарының музыка өнері» атты іргелі-ғылыми зерттеу жобасының мақсаты өзге ұлттардың ауыз әдебиеті мен фольклорын, өнерін жан-жақты терең игеру, өткені мен бүгінгі жай-күйін ғылыми тұрғыдан сараптау болып табылады. Аталмыш жоба М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жүзеге асырылуда. Бұрын-соңды арнайы ғылыми игерілмеген нысанды жан-жақты зерттеуді қолға алған мамандар бұл бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Қазақстандық ноғай халқына арналған тарауды жазу барысында бұл аз халықтар санатындағы ұлттың бүгінге дейін сақталып қалған салт-дәстүрі мен музыка мәдениеті қарастырылды. Алдымен арнайы фольклорлық-этнографиялық экспедицияда үнтаспаға жазылып алынған көне саз фольклорының бірқатар үлгілері нотаға түсіріліп, музыкалық-поэтикалық жағынан талданды. Фольклор құбылысына тән, атадан балаға ауызекі жалғасып келген ғұрыптық әндер бүгінгі ұрпақ емес, ноғайлардың аға буын өкілдерінен және орта буыннан жинап алынды.

       Бүгінгі уақытта ноғайлардың этномәдениет орталығы Қазақстан Халқы Ассамблеясымен қатар, Алматы, Ақтау қалаларында да ашылуы жоспарлануда. Ноғайлардың мәдениетіне, өнеріне зер салсақ осы түркітілдес, ислам дінін ұстанған этностың қазақтармен тілі, діні, кейбір салт-дәстүрдегі ұқсастықтары, музыкалық өнеріндегі (домбыра, қылқобыз аспаптары) ортақтастықтар ерекше назар аудартады. Бұл ұқсастықтар тамырлас, бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүрген сонау орта ғасыр ру-тайпаларының тарихына қарай жетелейді.

       Жалпы әлемдегі ноғай музыкасы туралы шолу жасар болсақ, түркітілдес ұлыстардың құрамды бөлігі ретінде көрсетіліп, олардың бүгінгі уақытта тарихи факторлар негізінде шашырай қоныс тебуіне қарай музыкасы саздық диалектіге бай деп көрсетіледі. Ноғайлардың музыкалық өнері қазіргі уақытқа дейін жүйелі түрде ешбір мемлекетте ғылыми тұрғыдан зерттелмей келеді. Интернет беттерінде, академиялық жинақтарға назар аударғанда осы этностың музыка фольклоры арнайы зерттеу нысанына айналмауы, тек соңғы жылдарда ғана бірен-саран мақалаларда ғана осы мәселе енді көтеріліп жүргендігі байқалады.

Музыкатану ғылымы саласында олардың йырлары (эпикалық жырлары – Б.Т.), тарихи, әскери, еңбек, ғұрыптық, лирикалық тақырыптағы әндері аталады. Ал дәстүрлі музыкалық аспаптарында қазақтармен ұқсастық бар, мәселен, екі ішекті домбыра, қобыз (гармоника), сыбызғы; сонымен бірге баян, аккордеон, мандолина, гитара және т.б. Ұлттық музыка дәстүрінің өкілдері ретінде «йырау» немесе «йырза», домбрашылар көрсетіледі (Большой Энциклопедический Словарь).

Сонымен бірге «Үлкен музыкалық Сөздікте» әйгілі жырау ретінде Сыбара-йырау, Парыздақ-йырау, Асан Қайғылы, Жиренше, Асан Абыз, Садықбай, Ораз, Әжи-Молла-йырау Ногман-ұлы деп берілген.

 Алғаш рет ноғай әндерінің нотасы «Азиатский музыкальный журналда» (1816-1818) И.В. Добровольскийдің нотаға түсіруінде жарық көрді. Сонымен бірге этнос әндеріне Г.А.Гасанов, К.Е.Мацютин, Н.С.Дагировтер де назар аударды.

            Бұл этностың аспаптық музыка мәдениетінде үш бағыттың дамығандығы аңғарылады, ол домбыра, сыбызғы және қобыз. Олардың арасынан бүгінге толығырақ жетіп, саны жағынан да шығармаларының басымырақ болуы домбыра орындаушылық дәстүрі.

Мәліметтерде ноғайлардың аспаптық музыканың бағдарламалылығын, яғни бұрын музыканттар ойнар алдында шығарманың тарихын айтып, «аңлама» (аңдатпа – Б.Т.) жасаған. Бірақ бүгінгі өнердің өмір сүру формасының өзгеруіне сәйкес, бұл дәстүр ылғи сақталмайды. Сондықтан да «күй-саздардың» аңыз, әңгімелерінің көбі ұмыт болған. Домбыра – ноғай халқының «жаны» деп саналып, халықтың шежіресі ретінде қабылданған. өйткені бұл аспап көшпенді халықтың өзіндік тарихындағы шешуші сәттердің куәсі болған. Зерттеуші Э.Кайбалиева «Му

Бөлісу: