28 Қараша 2012, 08:01
Бүгін Астанада «Бірінші Назарбаев оқулары – Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халықаралық форумы аясында Румынияның бұрынғы президенті Эмиль Константинеску бастаған Румыния делегациясының кездесуі өтті, ол Елбасының білім саласындағы оң саясаты жөніндегі пікірін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Мен үшін аталмыш шараға қатысу өте үлкен құрмет, әрі қуаныш. Мен бүгін Агротехникалық университеттің профессорлары мен студенттері арасында отырғаныма қуаныштымын. Мен Қазақстандағы білім, соның ішінде жоғары білім өте сапалы, жоғары деңгейде екенін білемін. Дәл осы сапалы білім – қоғамның тұрақты дамуының кепілі. Бұл жасөспірім кезден бастап даму кепілі», - деп атап өтті ол.
Бұрынғы президенттің айтуынша, мәдениет, білім саласында, екі елдің жастар ұйымдары арасындағы қатынастарды дамытуға дейін, Қазақстан мен Румыния арасындағы қатынасты әрі қарай дамыту өте маңызды.
«Мен Президент Назарбаевтың жастарға, білімге қатысты барлық бастамаларын жоғары бағалаймын. Ол лайықты білім алу үшін және өз мақсаттарын жүзеге асыруда жастарға жағдай жасап отыр», - дейді Константинеску.