2 Наурыз 2014, 19:38
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жариялауының ерекше мәні бар. Себебі, 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында көрсетілген ауқымды міндеттер негізінен, мерзімінен бұрын орындалды. Өткен күнге бір сәт көз жүгіртер болсақ, осыншама аз уақыттың ішінде қыруар істер атқарылып, егемен Қазақстанымыз толағай табыстарға жетті.
Дүние жүзі қазақ деген ұлттың бар екенін мойындады. Ең басты құндылығымыз – көп ұлттың басын қосып, бірлігі мен ынтымағы, татулығы жарасқан ел болдық. 2030 жылға дейін жоспарланған көптеген бағдарламаларды мерзімінен бұрын орындауымыздың нәтижесінде Қазақстан әлемнің дамыған 50 елінің қатарына енгенін атап өту қажет.
Елбасымыз өз Жолдауында: «Өткен жолдан алысы жоқ, келер жолдан жақын жоқ» деген қазақтың даналық сөзін айта келе, ХХІ ғасырдың «Қазақстанның алтын ғасыры» болатынына сенім білдірді және еліміздің 2050 жылға қарай әлемнің ең озат дамыған 30 мемлекеттерінің қатарына кіру қажеттігін тілге тиек етті. Бүгінде еліміз үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бес жылдығын табысты аяқтады. Болашақта да көптеген жаңа шикізат өнімдерін шығаратын зауыттар салынып, сан мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұл – ел әлеуетінің артуы мен сол арқылы қарапайым халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы деп білеміз. Елімізде Елбасымыздың тікелей бастамасымен жүргізіліп жатқан «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы да өз нәтижесін беруде. Қазіргі таңда мыңдаған жастар орта кәсіптік білім алу арқылы болашаққа жолдама алса, көптеген кәсіп иелері өзге де мамандықтарды игеріп, басқа салаға жұмысқа орналасуда.
2050 жылға қарай әлем халқының саны тоғыз миллиард адамды құраса, әрине, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінің туындайтыны, осыған сұраныстың көп болары сөзсіз. Осы мәселелерді шешуде біздің Қазақстанның мол мүмкіндіктері бар екенін Елбасымыз өз Жолдауында шегелеп айтты. Біздің Бородулиха ауданы аграрлы өңір болғандықтан, мыңғыртып мал, жайқалтып егін өсіріп, халықты астықпен, ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз мол. Қазірдің өзінде ауданымызда егін және мал шаруашылығын дамытуда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламалар аясында, егістік жер көлемі мен мал басын көбейтіп, ауқымды жұмыстар жасап жатыр. Осы қарқынмен дамитын болсақ, еліміздің 2050 жылы әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіретіні сөзсіз. Ол үшін мемлекеттің басты байлығы – ынтымағы мен бірлігі жарасқан көп ұлтты халқымыз аман болсын дегім келеді. Әрі бірлігі жарасқан өңірімдегі бір шапағатты іс турасында сөз қозғамақпын.
Бородулихадағы ең ірі кент тұрғындары арасында спорт алдыңғы орындарда тұрады, әрі үнемі түрлі жарыстарда топ жарып жүргені жасырын емес.
ӘТҚВ спортзалында аяқдопшылардың салтанатты шеруі болып өтті.
Иә, маусымнан бастап қыркүйектің соңына дейін екі айналымнан тұратын өңір чемпионаты болып өтіп, онда кеншілердің маңдайы жарқырады. Жезкенттіктер бірде-бір ойынды құр жібермей өздерінің оқ бойы озықтықтарын таныта білді.
Бұл жеңіс кеншілерге сондай ыстық. «Жезкент КБК» кәсіподақ комитетінің төрағасы К.С. Апенова осындай шыңды бағындырған жандарды марапаттап, ақшалай сыйлықпен сияпаттау керек деп шешті.
Осыған орай, Жезкент к/о әкімшілігі ұйытқы болуымен салтанатты іс-шара өткізіліп, оған мектеп директорлары: Гүлнар Кенжеболатовна Апенова мен Орал Жарыспаевич Мусабековтер шақырылды. Себебі, олардың шәкірттері Танат Тусупбаев, Павел Ифанов, Денис Чаплиев, Стас Шарипов, Борис Гинетенов, Женя Глебов, Саша Черданцевтер сырт алаңда найзағайдай жарқылдап, ересектермен бірге осы ортақ жеңіске үлес қосқанды.
Кент әкімшілігі «Кәсіп Қазақмыс» кәсіподақ комитетінің өкілдері Кумар Александрович Изембаев пен Татьяна Аркадьевна Маерларға екі рет шыққан болаты олар өз көмек қолдарын соза білді. Сондықтан оларда осы игілікті іс-шараға шақырылды.
Жезкент ӘТҚВ командирі – Николай Иванович Фуртовта тек өңіріміздегі спорттың дамуы үшін жаттығуға зал ғана беріп қоймайды, сонымен бірге өз қызметкерлерін сөзге келмей үнемі жарыстарға жіберіп отырады.
ӘТҚВ тек футболшыларымен ғана емес, спортшыларымен де мақтана алады. Ринат Ташметов, Нурсултан Маратов, Даулет Азирбаевтар бүкіл ала жаздай доп қуып, жеңіс жалауын желбіретуге үлестерін қоса білді. Н.И. Фуртов спортшылар шеруінен өзіне лайық орнын алды.
Жезкент к/о әкімі Чингисхан Акимгазинович Галиев балаларды құттықтай отырып, әрқайсысына марапат қағаздарын табыстады. Одан соң, спортшыларымыздың атына мектеп директорлары мен құрметті қонақтар ыстық лебіздер ағынын төгілтті.
Ақыр соңында, Кималитдин Сагалбайұлы Апенов аяқдопшыларға ақшалы конвертті табыс етті. Олар өз кезегінде осы қаржыға жақсы да, сапалы доп сатып алу керек деп өзара шешті.
Осы орайда кент спортын дамыту үшін әкімшілікпен меморандумға отырған тұрақты демеушілеріміз, ақшалай қолдаушыларымыз: И.П.Щегалев пен И.П. Городецкийлерге алғысымыз зор.
Жезкент к/о футбол десе ішкен асын жерге қойып, ауыр жұмыстан кейін бәрін ұмытып, дайындық залына жүгіретін: Кундугышев Марат, Жилбаев Саят, Нурсеит Фархад, Волков Иван, Джандильдинов Санат, Гаймалетдинов Рафаэль, Закиров Даурен, Апаров Адиль, Белич Игорь, Мейрембаев Азамат, Мейрембаев Асхат, Бердинов Арман, Кабылбаев Канат, Касенгазин Мейрамдарға өз ризалығын білдіреді.
Серік Әбілқасымұлы