Білімді ұрпақ – бақытты болашақ

2 Наурыз 2014, 19:36

Білімдінің сөзі - ем, мейірімі көп, өзі кең! Мағжан Жұмабаев «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп» дегенді халқымыз бекер айтпаған.

Білімдінің сөзі - ем, мейірімі көп, өзі кең!

Мағжан Жұмабаев

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп» дегенді халқымыз бекер айтпаған. Қашанда да білімі барды жарқын болашақ күтуде. Білімді адам деп ойлау өрісі кең, көп жағдайларды түсінетін, кей кезде оқығанын қолдана білетін, білімді, дұрыс ойлай алатын, жоғары қасиетті адам десек қателеспеспіз. Білімді әрі қарай жетілдіру күнделікті ізденістен тұрады.

Еліміздің жарқын болашағы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын аз толғандырып отырған жоқ. Оған біз "Қазақстан-2050" Жолдауынан айқын көз жеткізе аламыз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын барша қазақстандықтар аса қызығушылықпен күтіп отыратыны жасырын емес. Себебі, жаңа Жолдаудан халық жаңалық, жақсылық күтеді. Биылғы Жолдау да қарапайым көпшілікті бей-жай қалдырмай, көкейіндегісін тауып, көңілінен шықты деп есептеймін.

Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы көңілімізді көтеріп, болашаққа деген сенімімізді бекіте түсті. Елбасының 2050 жылға ауқымды жоспарлар белгілеп, ол үшін басты-басты бағыттарды айқындап беруі – қазақстандықтардың бақытты болашағының кепілі деп білемін.

Ұлт көшбасшысы Жолдауындағы білімді көтеру мәселесі ерекше маңызға ие болды. Білім беру саласы бойынша жеткен жетістіктерімізді Елбасымыз ерекше атап өтті. Қазақстандықтардың 1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға артқан. Ал «Балапан» бағдарламасын іске асыру барысында мектепке дейінгі мекемелер балалардың 65,4% қамтып отыр. Еліміздегі өтпелі қиыншылықтарға қарамастан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен сонау 1993 жылы іске қосылған «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында озық білім алып келген жастарымыз, сегіз мың талантты студент бүгінгі таңда қазақ елінің өркендеуіне өз үлестерін аянбай қосып жатқанын Президент мақтанышпен жеткізді. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін дамытып жатқанын атап өтті.

"Болашақ" бағдарламасына кішкене тоқтала кетсек. "Болашақ" бағдарламасы мемлекетке қажетті сапалы білікті, білімді мамандар даярлау үшін қолға алынып, іске асып жатқан жоба.

 90-ыншы жылдары еліміз қиын жағдайды басынан өткергені баршаға белгілі. Соған қарамастан, 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы аясында дарынды жастардың шетелде білім алуына жағдай жасалды. Еліміздің болашағының жарқын болуы білімді ұрпақ, білікті маманға байланысты десек, міне, сол қиын-қыстау кездердің өзінде ұлт ертеңі үшін келелі жобалар қолға алынды. Аталмыш бастаманың негізгі идеясы дарынды жастардың шет елдерде білім алуы.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде білім алу үшін елдер тізіміне: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария, Жапония сынды елдер кіреді.

Елбасының Жолдауында айтылған барлық шаралар қазір бірте-бірте іске асып келе жатыр. Мысалы, елімізде 1997 жылдан бері "Дарынды балалар" бағдарламасы қабылданған болса, зияткерлік мектептер 2009 жылдан бері жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ, қазақстандық білім жүйесінде академиялық, шығармашылық қабілеттері бар балаларды анықтап, оқытумен айналысатын арнайы білім мекемелері – гимназиялар, лицейлер, музыкалық, спорттық, көркемдік, тілдік оқытуға бағыттағы мектептер ашылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 13 мамырдағы № 452 қаулысымен «Өркен» акционерлік қоғамы құрылды.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 7 маусымдағы № 532 қаулысымен «Өркен» акционерлік қоғамы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы болып өзгертілді. Еліміздің бірнеше қалаларында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" есігін ашты. Атап айтсақ:

1. 2009 жылдың 12 қаңтар айында физика-математика бағыты бойынша Астана қаласында;

2. 2009 жылдың 1 қыркүйекте физика-математикалық бағыты бойынша Семей қаласында;

3. 2010 жылдың 21 тамыз айында физика - математикалық бағыттағы "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Талдықорған қаласында ашылды;

4. 2010 жылдың 1 қыркүйегінде екінші Назарбаев Зияткерлік мектебі халықаралық бакалавриат бағыты бойынша Астана қаласында ашылды;

5. 2010 жылы 13 қыркүйекте химия-биология бағытындағы мектеп Өскемен қаласында;

6. 29 қыркүйек 2012 жылы физика-математика бағытындағы мектеп Орал қаласында;

7. 2013 жылы 1 ақпанда химия-биология бағытындағы мектеп Қарағандыда;

8. 16 ақпан 2013 жылы Шымкент қаласында физика-математика бағыты бойынша ашылды;

9. 2013 жылы 25 ақпан физика-математика бағыты бойынша Ақтөбеде;

10.2013 жылы 25 ақпанда Шымкент қаласында химия-биология бағыты бойынша;

11. 2013 жылдың 4 шілде айында Тараз қаласында физика-математика бағыты бойынша "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ашылды.

Қазіргі уақытта мектептерде электрондық оқулық, интерактивті тақталарды қолдану – заман ағымына сай жасалған қажеттіліктер. Компьютерлік технологиялар күннен-күнге дамуда. Сондықтан заман ағымынан қалмау үшін әрбір оқушыға сол негізді беру керек.

 «2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды білім беру әдісін пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90 пайызға дейін жетеді», – деп мәлім еткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында. 

Білім беруді дамытуға арналған негізгі құраларының бірі е-learning жүйесі болып табылады. Дамыған елдердің қатарына ілігіп, бұл электрондық оқыту жүйесі елімізде қолданысқа енгізіле бастаған. Енді ата-аналар өз балаларының оқу үлгерімін ғаламтор арқылы тексеріп отыру мүмкіндігіне, ал оқушылар – үйде отырып оқу мүмкіндігіне ие болады.

 

Осы салада істеп жатқан дүниелердің барлығына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі, сындарлы саясатының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма бір жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетімізбен мемлекеттік тілді жаңғыртуға қыруар жұмыстар жасадық. Тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз, баға жетпес байлығымыз. Сондықтан тәуелсіздігімізді бағалай білейік.

Пайдаланған әдебиеттер:

[1] http://nisa.edu.kz/

[2]http://www.uralskweek.kz/2012/10/01/v-subbotu-29-sentyabrya-v-uralske-otkrylas-shkola-nazarbaeva/

[3] http://tv.ekaraganda.kz/news/8441

[4] http://kk.wikipedia.org

[5] http://www.bnews.kz/kk/photonews/post/126206/П

[6] http://nis.edu.kz/ru/schools/nis-oskem/

[7] http://nis.edu.kz/ru/schools/nis-shym-bio/

[8] http://nis.edu.kz/ru/schools/nis-shym-fm/

 [9] http://nis.edu.kz/ru/schools/taraz-nis/

Рысгүл Сағынова

 

 

Бөлісу: