10 Қараша 2014, 10:41
Халықаралық бағдаршам күні. 1914 жылы болған оқиғаға байланысты 5 тамыз күні атап өтіледі. Осы күні Амеркианың Кливленд қаласында заманауи құрылғылардың алғашқы үлгілері пайда болды. Оның қызыл және жасыл шамдары болды, ал түстерін ауыстырған кезде дыбыс сигналын шығарып тұрды.
Не дегенмен, ең алғашқы бағдаршамды британдық Джей Найт 19-ғасырда-ақ ойлап тапқан болатын. Бұл аппарат 1868 жылы Лондон парламенті ғимаратының алдына орнатылды. Үш жылдан кейін бағдаршам өздігінен жарылып, полицейді жарақаттады. Бұдан кейін бағдаршам 50 жылға ұмытылды. Тек 1910 жылы екі түсі бар алғашқы автоматты бағдаршам құрылғысы патенттелді.
Қазіргі қолданыстағы үш түсті бағдаршамдарды алғаш рет 1920 жылы Детройт пен Нью-Йорк қалаларының тұрғындары көрді. Уақыт өте келе құрылғылар Америка мен Еуропаның түрлі қалаларында кең қолданыла бастады.
1718 жылы бүгінде үлкен қалаға айналған Семей әскери бекінісінің іргесі қаланды. Қазір қалада жақсы сақталып қалған бірегей және тарихи ескерткіштер баршылық. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас кездерінде салынған ғимараттар мен нысандардың құндылықтары ерекше. Олардың көбісі әлі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде бір және екі мұнаралы мешітті, бүгінде оқу мекемелері орналасқан ерлер мен қыздар гимназияларын, мұғалімдер семинариясын атауға болады. Ал көпес Сахноның бұрынғы қонақүйінде - бүгінде «Бинар» қонақүйі, ал губернатор үйінде - тарихи-өлкетану мұражайының залдары орналасқан.
2008 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Есіл» ауданы құрылды.
Ол Астана қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, Елорданың «Алматы», «Сарыарқа» және Ақмола облысының Целиноград аудандарымен шектеседі. Жалпы ауданы - 31,2 мың гектар жерді құрайды, тұрғындары - 180 мың адам. Ауданға кіретін тұрғын алаптары - Пригородный, Ильинка, Шұбар, Тельман, Қараөткел, Заречный.
Ауданда 137 сауда мекемелері жұмыс істейді және «Керуен», «Мега», «Сарыарқа» сияқты ірі сауда орталықтары бар.
1922 жылы авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры Талғат Бигелдинов дүниеге келді. Ол Ақмола облысы Майбалық ауылында туған. Саратов және Орынбор әскери авиациялық училищесін бітірген.
Балалық және жастық шақтарын Бішкекте өткізді. 16 жасында аэроклубқа оқуға түсті. 1943 жылдың қаңтарында Бигелдинов Калинин майданына келді және алғашқы шайқастарда-ақ жеңімпаз болды.
1944 жылдың 26 қазанында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл уақытқа дейін ол 200 әскери ұшулар жасады. Т.Бигелдинов Берлин үшін шайқасқа да қатысты.
1945 жылдың 27 маусымында оған екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. ол Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет иеленген 65 әскери ұшқыштың бірі болды.
1950 жылы Бигелдинов Әскери-әуе академиясын аяқтады және 1956 жылдарға дейін КСРО Қорғаныс Күштерінің қатарында командир орынбасары және авиациялық полк штабы басшысы қызметтерінде жұмыс істеді. Т.Бигелднинов сондай-ақ Ленин орденімен, екі рет Қызыл Ту орденімен, Отан соғысының ІІ және ІІІ дәрежелі ордендерімен, Қызыл Жұлдыз, Александр Невский, ІІІ дәрежелі Даңқ, және өзге де отандық және шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған.