Астанада 1 желтоқсан күні туған сәбилерге сыйлықтар беріледі

18 Ақпан 2014, 13:18

2012 жылғы 1 желтоқсанда дүниеге келген барлық сәбилерге Тұңғыш Президент Күніне орай ерекше белгілері мен жазуы бар балалар комбинезоны сыйға беріледі, деп хабарлайды BNews.kz.

2012 жылғы 1 желтоқсанда дүниеге келген барлық сәбилерге Тұңғыш Президент Күніне орай ерекше белгілері мен жазуы бар балалар комбинезоны сыйға беріледі, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бұл балаларға естелікке арналған, олардың өмір бойы сақтайтын сыйлығы. Қазақ халқында сәбидің ең бірінші киімін сақтау дәстүрі бар», - деді Астана қаласы денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Гүлнәр Төлегенова «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығында Тұңғыш Президент Күні шеңберінде әлеуметтік акцияларды өткізуге арналған баспасөз мәжілісінде.

Сондай-ақ, оның айтуынша, комбинезонмен бірге Марина Цветаеваның өлеңдері жазылған құттықтау хаты беріледі.

Бөлісу: