Максим Галкин киноға түседі

2 Тамыз 2013, 08:47

Ресейлік әртіс Максим Галкин "Иван Васильевич мамандығын ауыстырады" фильмінде басты рөлді сомдамақ. Аңызға айналған кеңестік комедиядың жаңарған нұсқасын "Россия" телеарнасы қолға алды деп жазады Heat.ru. Үлкен киноэкранға алғаш қадам басқалы отырған Галкин болса: "Түсірілім жұмыстары Ресей мен Украинада өтеді Мен өзімді толықтай осы жобаға бердім десем болады. Дәл қазір демалыс, гастрольдік сапарлардан бас тарттым" деп ағынан жарылды. "Россия" арнасы фильмге қатысты ақпараттарды құпия күйінде сақтап отыр. Максимге бірден екі рөл бұйырыпты. Оны қазіргі заман адамы мен Британия ханзадасы кейпінде көре аламыз. Фильи сценарийі бойынша нағыз комедия оның екі кейіпкерінің орны ауысып кеткенде басталады. Кинотуындының тұсауы келесі жылы кесіледі деп күтілуде.  Мақпал ЖҰМАШОВА

Ресейлік әртіс Максим Галкин "Иван Васильевич мамандығын ауыстырады" фильмінде басты рөлді сомдамақ. Аңызға айналған кеңестік комедиядың жаңарған нұсқасын "Россия" телеарнасы қолға алды деп жазады Heat.ru.

Үлкен киноэкранға алғаш қадам басқалы отырған Галкин болса:

"Түсірілім жұмыстары Ресей мен Украинада өтеді Мен өзімді толықтай осы жобаға бердім десем болады. Дәл қазір демалыс, гастрольдік сапарлардан бас тарттым" деп ағынан жарылды.

"Россия" арнасы фильмге қатысты ақпараттарды құпия күйінде сақтап отыр. Максимге бірден екі рөл бұйырыпты. Оны қазіргі заман адамы мен Британия ханзадасы кейпінде көре аламыз. Фильи сценарийі бойынша нағыз комедия оның екі кейіпкерінің орны ауысып кеткенде басталады.

Кинотуындының тұсауы келесі жылы кесіледі деп күтілуде. 

Мақпал ЖҰМАШОВА
Бөлісу: