Астанада Елбасы теміржолшыларға пәтер кілтін табыс етті

2 Тамыз 2013, 05:38

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада 548 теміржолшыға пәтер кілтін табыс ету салтанатына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Ұлт көшбасшысы теміржолшыларды екі бірдей қуаныштарымен құттықтай отырып, бір жас отбасының пәтеріне қонаққа кірді.  «Құрметті теміржолшылар, тамыз айының алғашқы жексенбісі – сіздердің төл кәсіби мерекелеріңіз. Мерекеге орай бүгінгі қуаныштарыңызға құтты болсын айтайын деп алдарыңызға әдейі келіп тұрмын. Бүгін сіздер теміржолшылар үшін теңдесі жоқ пәтерлерді аласыздар. Қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңңізге бақыт қонсын», - деді Елбасы. 

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада 548 теміржолшыға пәтер кілтін табыс ету салтанатына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ұлт көшбасшысы теміржолшыларды екі бірдей қуаныштарымен құттықтай отырып, бір жас отбасының пәтеріне қонаққа кірді. 

«Құрметті теміржолшылар, тамыз айының алғашқы жексенбісі – сіздердің төл кәсіби мерекелеріңіз. Мерекеге орай бүгінгі қуаныштарыңызға құтты болсын айтайын деп алдарыңызға әдейі келіп тұрмын. Бүгін сіздер теміржолшылар үшін теңдесі жоқ пәтерлерді аласыздар. Қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңңізге бақыт қонсын», - деді Елбасы. 

Бөлісу: