Жас велоспортшылар

1 Наурыз 2014, 12:23

«Бұқаралық спорт және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт кешенді жүйелі тәсілді талап етеді. Тек саламатты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болмақ» – деді Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050»

«Бұқаралық спорт және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт кешенді жүйелі тәсілді талап етеді. Тек саламатты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болмақ» – деді Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Ілияс Батырбеков – еліміздегі жас велоспортшылардың бірі.  Алғашында велосипед тебу – оның сүйікті ісі болған екен. Ілияс қазір Астанадағы балалар және жасөспірімдер мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде жаттығады. Жеткіншектің аталмыш спорт түрімен кәсіби тұрғыда айналысқанына бір жыл болыпты. «Велоспортта жетістікке жету үшін – күн сайынғы дайындық маңызды. Бірінші қатысқан уақытта, қиындық тудырғаны рас, соңғы орындардан ғана көрінетінмін. Қазір алғашқы бестікке кірдім. Кейде үшінші орынға қол жеткізем. Бұл  - бір ішіндегі жақсы көрсеткіш. Бірінші қатыса алмай, қиналдым. барған сайын өзіне үйреншікті болып кетеді. Қазақстанның атынан шыққан, қазақтың арасынан шыққан ұлы велоспортшы болғым келеді» - дейді Ілияс Батырбеков.

Елордадағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебі 2004 жылы ашылыпты. Мұнда жеткіншектер сан түрлі кәсіби спорттың қыр-сырын үйренеді. Бір ғана велоспорт бөлімінде 350 жас шабандоз тәрбиеленуде. Олар тас жол және тау велоспорты, велотрек бойынша олимпиадаға дайындалады екен. Спорт мектебі балаларды 12 жастан қабылдап, күн сайын жаттығу жүргізеді. Жасы кішілер 2 cағат үлкендер, бес сағат бойы дайындалады. Дайындық кезінде велоспортшылар қала ішіндегі «Сарыарқа» спорт кешенінен, әуежайға дейінгі жолды жүріп өтеді екен. «Шәкірттер әрдайым бапкердің бақылауында болады. Жаттығуға үнемі қатысып, дамылсыз дайындалатын балалар жақсы нәтиже көрсетеді. Ұлттық құрамада біздің де спортшыларымыз - ел абыройын қорғайды. Мәселен, Астанадағы олимпиадаға дайындау орталығы біздің мектептен 16 баланы іріктеп алды. Спорт мектебінің шәкірттері халықаралық жарыстарға жиі шығып тұрады. Биыл Қытайға, Кореяға барды» -  дейді жаттықтырушы Денис Анненков.

Велоспорт  – соңғы жылдары Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің  бірі. Оған Лондон олимпиадасында көк туды желбіреткен шабандоз Александр Винокуровты,  талай дүниежүзілік байқауларда елдің абыройын асқақтатқан «Астана» велокомандасын айтуға болады. Сондай-ақ, бұқаралық спортпен шұғылданатын  ел тұрғындарының ішінде велосипедшілердің саны артып келеді. Салауатты өмір салтын салтын қатыптастыру, халық денсаулығын жақсарту мақсатында велоспорттан республикамыздың әр  аймақтарында жыл сайын мыңдаған спорттық шаралар өткізіледі екен. Бұқаралық спорттың ішінде де осы велоспортпен айналысатындар көбейіп келеді. Бұл бастамаға кәсіпорындар мен ұйым-мекеме­лер­дің қызметкерлері де атсалысуда. Кәсіби тұрғыда және ел арасында велоспорт дамыса –  дені сау ұрпақ тәрбиеленетіні анық.  

Бұл жайында жаттықтырушы Денис Анненков өз ойын былай сабақтайды: «Велоспортқа деген халықтың қызығушылығы орасан зор. Тұрғындардың ықыласын арттыру «Бәйтерек», «Ханшатыр» маңында үшін жылына екі-үш рет олармен бірге арнайы жарыс өткіземіз. Қаладағы ерікті спортсүейер қауымның арасынан қала құрамасын іріктедік. Бүгінде күні Астана мен Алматыда жастың да, кәрінің де велоспортпен айналысуы, көшеде велосипед тебуі дәстүрге айналды. Бұл  –  қуанарлық жайт».

Айзат Меңдешова

Бөлісу: