"Өзге тілдің бәрін біл..."

1 Наурыз 2014, 12:14

Қазір көше бойында, аялдама да, оқу орындарында, телеэкранда тіпті ғаламторды аша қалсаңыз барлықтарыңызда ағылшын тілінің курсын оқуға шақырамыз деген хабарландыруларға еріксіз көзің түседі.

Қазір көше бойында, аялдама да, оқу орындарында, телеэкранда тіпті ғаламторды аша қалсаңыз барлықтарыңызда ағылшын тілінің курсын оқуға шақырамыз деген хабарландыруларға еріксіз көзің түседі. Бұл дегеніміз – бүгінгі күннің заман талабы – ағылшын тіліне деген сұраныстың жоғары деңгейде екенін айқын дәлелі. Зерттеуші ағылшын тілінің лингвисті Д.Грэддол, 2015 жылы дүниежүзіндегі халықтың тең жартысы ағылшын тілінде сөйлейтін болады деп, жорамалдау да. Бұған дәлел қазіргі уақыттың өзінде, өз ана тілі – ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың саны 300 млн-асқан, ал жер бетіндегі 2 млн-дай халық екінші тіл ретінде қолданады. Сонымен қатар тілді әртүрлі дәрежеде меңгерген адам саны 1 млрд-тан асып отыр. Сондай-ақ ғалымының зерттеуі бойынша, 2005-2015 жылдар аралығында 2 млрд-қа жуық адам ағылшын тілін үйрене бастаса, бұл көрсеткіш тағы да өсіп, әлемде тілді түрлі дәрежеде қолданатын халық 3 млрд-қа дейін өседі. Бұл көрсеткіштің күн санап ұлғайуына қазақ ұлты барынша өз үлестерін қосып жатқанын айта кету керек. Себебі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзі халыққа жолдауында «Тіл үштұғырлығы»  мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Бұндай үндеу қоғамда қызу пікірталас туғызып келеді. Қазақ тілінің мәртебесін көтермейінше, мықты, өркениеті дамыған ел болмайтынымызды алға тартты. Ғалым Шоқан Уәлиханов: Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет" – дейді. Сондықтан да өркениетті, қоғам мен құқықтық мемлекеттің одан ары өсіп-дамуы үшін білімді мамандармен қатар ағылшын  тілін жетік білу керек екені айқын.

Елбасымыз «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деді халыққа жолдауында. Айтылған сөзде негіз бар, себебі халықаралық байланыстар тіл мәртебесіне – ағылшын тілі ие болып отыр.

Ағылшын тілінің әлемдік статусқа ие болуын бірнешеге бөліп қарастыруға болады.

1)      Осы тілдің бірнеше елде мемлекеттік тіл функциясын орындауы.

2)      Оның басқа мемлекеттерде ресми статусқа ие болып, мемлекет басқармасында, заң жүйесінде таралуы. Бұл жағдайда «болашақ жаһандық» тіл мемлекеттік тілден кейін, екінші ресми тіл болып саналуымен қатар, бірінші орынға иелік етуі де мүмкін. Дәлірек айтқанда шет тілі жартылай ресми болып, өмірдің кейбір салаларында қолданылады.

3)      Тілдің мемлекеттегі оқу жүйесі саясатына байланысты болуы. Бұл жағдайда тіл ешқандай ресми дәрежеге ие болмай тұрып, оқытудағы негізгі шет тілі қабылданады.

Ағылшын тілінің әлемдік болуына әсер еткен тағы бір фактор – оның лингвистикалық қасиеттері. «The story of English» кітабының авторлары Р. Мак Крам, У. Кран және Р. МакНэйл тек ағылшын тіліне ғана тән үш қасиетті атап өтеді.

а) Ағылшын тілінде зат есімдік род лексикалық мағынамен анықталады. Ол үшін артикльді қажет етпейді.

ә) Тіл грамматикасы әлдеқайда икемді болып келеді. Қосымшалар жүйесінің жеңілдігі сөздердің бір сөз табынан екіншісіне өтуге мүмкіндік береді.

б) Ағылшын тілінің сөз құрылымдарының генетикалық түрлілігі кельт, герман, және роман тілдерінен бастау алады.

Жалпы алғанда тілдің икемді және өзге халық өкілдеріне түсінікті болуы – ағылшын сөздігінің 80 пайыз басқа тілдерден еніп келген түбірлерден құралатындығы .

Американың социолог-лингвистері ағылшын тілін қолдану аясын 3 шеңберге бөледі.

1)      «Inner circle» –ішкі аймақ

2)      «Outer circle» – сыртқы аймақ

3)      «Expanding circle» – кеңейіп жатқан аймақ.

Елімізді осы кеңейіп жатқан аймақтың шеткері тұсына қарай жатқызуға болады. Бұның себебі мемлекетіміздің енді ағылшын тіліне ден қойып жатқандығынан ескеруге болады. Сонымен қатар тілді оқытуда біршама қайшылықтар кездесіп жатыр. Мәселен, профессионалдық дәрежедегі жекеменшік курстарда ағылшын тілін үйренетін адамдар саны көбейсе, екінші жағынан білім беретін оқу орындарын да шет тілі бар болғанымен, керекті деңгейде оқытылмауы. Қазақстанда ағылшын тілін тек шетелге шығу немесе оқу үшін ғана емес, еңбек нарығында  бәсекеге түсе алатын жас мамандар үшін аса маңызды. Көш жүре түзеледі деп халқымыз айтпақшы бұндай кетіп жатқан олқылықтар болашақта өз шешімін табатынына сенеміз мол.

Алдымызда 2030 стратегия мақсат –  50 дамыған мықты мемлекеттердің қатарына қосылу. Әрине бұл үшін ағылшын тілін жетік меңгеру керек. Өйткені ағылшын тілі – ел экономикасын алға бастайтын, онда жасалатын маңызды келісім-шарттардың таптырмас кілті.

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады» – деп Ғабит Мүсірепов айтқандай,  «Өзге тілдің бәрін біліп», тек өз тілімізді құрметтеуді ешқашан ұмытпайық. Өз  тіліміз сан ғасырлардан, атадан балаға жалғасып, жойылмай, әлі күнге де дейін келе жатқан баға жетпес байлығымыз. Бұны өсіп келе жатқан ұрпақ жадынан шығармауы тиіс. Біз тек байлығымызда сақтай отырып дамыған төрткүл дүниенің алпауыт мемлекеттеріне қазақтай ұлы халықтың бар екенін паш ете аламыз.

(Мәліметтер Л.Ченемисованың «Ағылшын тілінің Қазақстан қоғамында алатын орны» атты ғылыми еңбегінен алынды).

 

Бөлісу: