Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

1 Наурыз 2014, 11:44

«Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

«Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.

Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмеқмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады».

Н.Назарбаев

Баршамызға мәлім, Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланған ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы мазмұны терең, бағыты айқын, стратегиялық мәні ерекше құжат. Бұл Жолдау ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып, келесі бір асуға бет бұрғанын айғақтайды.

Елбасымыз өзі атап айтқандай, мықты мемлекет жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен ерекшеленетін бұл Жолдау – болашаққа нық қадам жасайтын, Қазақстанның жаңа келбетін көрсететін, баршамызға жауапкершілік жүктейтін ел Президентінің халыққа арнаған он жетінші жолдауы екен. Әрбір Жолдау кемел Қазақстанмен, оның азаматтарының игілігі үшін қызмет етуде. Осыдан 15 бұрын Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы қабылданғаннан кейінгі жылдарда еліміздің экономикалық тығырықтан шығуына, өркендеп өсуіне, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуына жол ашты. Еліміз жиырма жылда жаңарған жасампаз қалыпқа жетті. Кез келген мемлекеттің дамуы қабылданған қажетті заңнамалардың негізінде жүзеге асатыны мәлім.

Ең алғашқы «Қазақстан - 2030» стратегиясындағы көрсетілген негізгі бағыттардың мерзіменен бұрын жүзеге асырылғанына баршамыз куә болып отырмыз. Қазақстанның аз уақыт ішінде қол жеткізген жетістіктерін әлем мойындады. Қадап айтар болсақ, басты жетістігіміз – тәуелсіз мемлекет құрғанымыз. Көпұлты, ынтымағы жарасқан елге айналдық. Еліміздегі өндірістік байланыстар орнықтырылып, нығайтылды. Сәулетіне салтанаты сай жаңға елорда – Астана бой көтеріп, төрткүл дүниені тамсандырып халықаралық қауымдастық «Экспо-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу орны ретінде таңдалып алынды.

Еліміз ықпалды халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосты. Өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан бірінші ел ретінде әлем тарихында танылды.

Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпы ұлттық міндет қойған болатын. Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның рейтінгісі бойынша 51-орынды иеленді. Бұл, әрине, мемлекетіміздің мәртебесінің асқақтап келе жатқандығының бірден бір айғағы.

Жаңа Жолдауда елбасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің санатына қосылу межесін белгіледі.

«Қазақстан-2050» стратегиясы «Қазақстан-2030» бағдарламасының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы екені еш күмәнсіз.

Түйіндеп айтсақ, «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін қалаушы жоспар болса, «Қазақстан-2050» бағдарламасы еліміздің өркендеуіне ерекше мән беріп, сапа беріп, болашақ кемел даму жолына бастайтын стратегияға айналғаны анық. Экономикалық прогматизм, кәсіпкерлік, әлеуметтік саясат, білім және кәсіби машық – заманауи білім беру, демократияны дамыту, сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм, жұмыспен қамтуды үйлестіру, жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етумен қатар білім беру жүйесінде заманауи инновациялық технологиялыр мен әдістерді енгізуді жалғастыру, индустриялды-инновациялық жобаларды дамыту сияқты  мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын қарастырғандығы біздің болшаққа деген сенімімізді арттыра түседі.

            Жалпы, Жолдауда айтылған барлық басымдық – елімізді одан да биік белестерді бағындыруға жетелейтін жасампаз бағдарлама. Қазақстан халқы қандай биіктік болсын бағындыруға, қандай асу болсын алуға даяр.

Жасампаз Жолдаудың басты бағытының бірі – білім саласы. ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заманымызың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ. Жолдаудың «Білім және кәсіби машық заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» атты бөлімінен білім беру мәселесіне баса көңіл бөлінгендігін байқаймыз. «Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарының бағыттылығы мен басымдылықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту» деген ұсыныстарды көрсеткен. Бұдан алдымызда бүгінгі заман талабына сай қазақстандық білім беру жүйесін дамыту міндетінің тұрғанын мойындаймыз. Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор.

Елбасының сындарлы саясатының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Алайда, талғам өзгергенімен талап жалғыз. Ол – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру. Алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдардай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе.

Қазақ халқының шолпан жұлдыздарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиеден мақсұт – баланың тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару... Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі» дегеніндей ақпараттық технологиялар заманында жоғары білімді ұлт болуымыз үшін жас ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеудің маңызы өте зор. Өскелең ұрпақтың бүгінгі келбеті еліміздің ертеңін елестетеді. Ал, ел ертеңін қалыптастыру білім беруді жаңғыртудан басталады.

«Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін, біз, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек... Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз борлып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп Елбасы Жолдауында атап көрсетті.

Олай болса, өскелең жас ұрпақты болшақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, оқытушының, тәрбиешінің, қоғамның міндеті. Осы міндеттерді атқару баршамыздың азаматтық парызымыз болмақ. Бұл жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа заманның салмақты жүгін қайыспай, жұмыла, бірлесе көтерген жүктің жеңіл болатыны сияқты отбасы, бала-бақша, мектеп, оқу орындары және қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі көрсететін болады.

Баршамызды алдымызда «Мен осы парызымды дұрыс атқарып жүрмін бе?» деген сұрақ тұруы қажет. Бұл сауал әрқайсысымызды ойландыруы тиіс.

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші, білім саласындағы басым бағыттардың бірі – педагог мәртебесін арттыру болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмаділов: «Мұғалімнің жоғары біліктілігі – адами капитал дамуының негізі болады», –  деп, өз мәлімдемесінде көрсеткен болатын.

Қазіргі таңда мұғалімдер біліктілігін арттыруда Назарбаев интеллектуалды мектептерінің қасындағы педагогикалық шеберлік орталықтарында және педагогикалық біліктілігін көтеру бойынша Ұлттық орталықтарда әлемдік тәжірибеге сай арнайы 3 айлық қайта дайындаулардан өту үстінде. Олар мұғалімдер біліктілігінің жаңа (бірінші, екінші, үшінші) деңгейлері бойынша білімін жетілдіруде.

Қазіргі заман мұғалімінен қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруін көздейтін, жаңашылдыққа жаны құмар, әр ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дағдыларын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы талап етіледі.   

Елбасының қолдауының нәтижесінде қазақстандық білім беру жүйесі жаңа даму деңгейіне өтуде. Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанның мектепке дейінгі білім берудің әдістеріне көшуі, «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін жалғастырылуы, «онлайн» жүйесін, инженерлік білім беруді дамытуды,  балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамту үкімет пен әкімдерге міндеттелді. Жылдан жылға білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі өсіп келеді. Бұл орайда ел Президентінің «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа білім мен ғылымды игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайды жағдайлармен қастамасыз етуіміз керек» деген қанатты сөзін басшылыққа алып, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етуіміз, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына ат салысуымыз қажет деп білеміз. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, «мәңгілік ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін.

Гаухар Әлім

Бөлісу: