"Мәдени мұра" бағдарламасы аясында жарық көрген қазақ сөздіктері

1 Наурыз 2014, 11:40

Қазақстан қарқындап дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын алға тартып отырған тұста қоғамдық ғылымдарда да, жаратылыстану ғылымдарында да ұлттық бірегейлік (идентичность)

Қазақстан қарқындап дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын алға тартып отырған тұста қоғамдық ғылымдарда да, жаратылыстану ғылымдарында да ұлттық бірегейлік (идентичность) проблемасы алдыңғы шепке шығып отыр. Себебі ұлтты ұйытушы факторсыз оның әлемдік жаһандану үрдісіне өзіндік бет-бейнесімен еніп, ұлттық ерекше феноменін сақтап қалу, сондай-ақ қоғам болып бірігіп алға ілгерілеу мүмкін болмайды. Ал еліміздің мемлекетқұрушы этносының бірегейлігіне, сол арқылы бүкіл қазақстандық бірегейлікке қол жеткізуде мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі мен маңызы ерекше. Осыған байланысты бүгінгі күні мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің қоғамдағы қызметін кеңейту мен тереңдету, мәдениетін көтеруге бағытталған ғылыми зерттеулер және солардың негізіндегі көпшілікке арналған әлеуметтік мәні жоғары нормативтік  еңбектер аса қажет. Осы орайда қазіргі қазақтілді ортада ауызша және жазбаша сөз мәдениетінің, сөз қолданысының тиісті деңгейден көрінбей жатқан тұстарының көп екенін ескерсек, қазақ тілінің жазылу нормасын көрсетіп, насихаттауға, сөздердің мағыналық реңктерін, қолданылу ерекшеліктері мен байлығын көрсетуге, сондай-ақ сөздіктердегі түрлі лекска-фразеологиялық бірліктер арқылы ұлттық мәдениет реалийлері мен рухани процестерді, құндылықтарды, ұлттық ділді танытатын құбылыстарды ашып көрсетудің жаңарту жолдарына арналған лингвистикалық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің және нормативтік, түсіндірме сөздіктердің жоғары қоғамдық сұранысқа ие екені белгілі. Сондай-ақ аталған сөздіктер ғылыми қауым ғана емес, сондай-ақ жалпы жұртшылықтың қолданысы үшін де маңызды, әлеуметтік маңызы жоғары, қоғамдағы лингвистикалық білім мен мәдениетті көтеретін сөздіктерді құрастыруда соны зерттеулер мен көп жылдар бойы жүргізілген іргелі зерттеу бағдарламаларының ғылыми нәтижелері мен жетістіктері кеңінен қолданылды. Аталмыш сөздіктің корпусын құрайтын сөздік мақалаларда қазіргі лексикографиядағы тың үрдістер, жаңартпалар кеңінен қолданылды. Солардың ішінде Он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» еліміздің бас сөздігі рөлін атқаратын көпшілікқолды еңбек болып табылады, сондықтан мұндай еңбекте жаңартпалардың қолданылып, жалпы жұртшылыққа сапалы түрде ұсынылуы тек қазақ лексикографиясын емес, сонымен бірге жұртшылықтың тілтанымдық құзіреттілігін де арттырады. Ал мемлекеттік тілдегі тілтанымдық құзіреттілігі артқан қоғам мүшелерінің тілдік бірегейленуі, сол арқылы ұлттық бірегейлену процесі жеделдетіле түсері анық.

Жоғарыда аталғанмен байланысты қазіргі қазақ тілінің лексикалық бірліктерінің жазбаша қолданысындағы, семантикасындағы, сөздіктерде берілуіндегі әртүрлі процестерге ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізіп, саралап, талдау арқылы, әдеби тілдің нормасы тұрғысынан бұл процестердің ішіндегі заңдылыққа айналғандарын көрсету, тілдік кодификацияға салу, унификациялау, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде лексика-фразеологиялық бірліктерді лексикографиялаудағы теориялық негізделген жаңартпаларды тәжірибеде қолдану «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарыққа шыққан сөздіктердің бәрінде дерлік басты мақсат болды.

Қазіргі қазақтілді ортада ауызша және жазбаша сөз мәдениетінің, сөз қолданысының тиісті деңгейден көрінбей жатқан тұстарының көп екенін ескерсек, қазақ тілінің жазылу нормасын көрсетіп, насихаттауға, сөздердің мағыналық реңктерін, қолданылу ерекшеліктері мен байлығын көрсетуге, сондай-ақ сөздіктердегі түрлі лексика-фразеологиялық бірліктер арқылы ұлттық мәдениет реалийлері мен рухани үдерістерді, құндылықтарды, ұлттық ділді танытатын құбылыстарды ашып көрсетудің жаңартпа жолдарына арналған лингвистикалық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің және нормативтік, түсіндірме сөздіктердің жоғары қоғамдық сұранысқа ие екені белгілі. Осындай проблемалар аясындағы Он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігіндегі»  (бас редакторы проф. Нұргелді Уәли) сөздік мақалалары, оларды дайындауда қолданылған лексикографиялық тың білімдер мен сөздікте беру тәжірибесі қазіргі қазақ лексикологиясы, лексикографиясы, семасиологиясы үшін маңызды болмақ. Сондай-ақ сөздікті құрастыру барысында пайдаланылған, жүргізілген зерттеу мен тәжірибе нәтижелері тек ғана ғылыми қауым емес, сондай-ақ жалпы жұртшылықтың қолданысы үшін де маңызды, себебі зерттеу нәтижелері әлеуметтік маңызы жоғары, қоғамдағы лингвистикалық білім мен мәдениетті көтеретін сөздікте, Қазақ әдеби тілінің (15 томдық түсіндірме) сөздігін құрастыруда кеңінен қолданылды.

Сонымен, «Қазақ әдеби тілінің сөздігіндегі» сөздік мақалалар бойынша мынадай жаңартпалар енгізілді:

- әлемдік лингвистикалық лексикографиялық еңбектерде кейінгі кезде кең қолданыс алған энциклопедиялық ақпаратты қоса беру үрдісіне артықшылық берілді, басқаша айтқанда тіл иесінің санасындағы сөз туралы жалпы тілдік білімдермен қоса сол сөз бейнелеп тұрған зат немесе құбылыс туралы мамандардың білімдер жүйесінде бар ақпарат та берілді, мысалы, БАҒА сөзі семаларының дефинициялары және оның ұясындағы лексикалық және фразеологиялық тіркестерде тек жалпы жұртшылыққа белгілі ғана емес, сондай-ақ арнайы экономист, қаржыгер мамандарға белгілі, бірақ қазіргі нарық заманы заңдылықтарына байланысты коғамдық-әлеуметтік өмірде жиі қолданылып, белсенділік танытып отырған ақпарат та берілді. Мысалы: БАҒА з а т. 1. Заттың құны, нарқы. 2. э к о н. Тауарды (қызметті, бағалы қағазды) өткізу құны, тауардың ақшаға шаққандағы құны. 3. п е д. Оқушының білім дәрежесін анықтауда қойылатын балдық жүйе. 4. а у ы с. Қадір-қасиет. 5. Сыны, парқы. Әлемдік баға. с а я с и. Қандай да бір тауар, өнім не қызмет түрінің әлемдік деңгейде анықталған орта бағасы. Баға ауқымы. э к о н. Ақша өлшемі түрінде бекітілген алтын немесе күмістің анықталған салмағы. Баға бәсекесі. э к о н. Баға арқылы нарықтағы жоғары орынға ие болуға әрекеттену процесі. Баға белгілеу. э к о н. Тауар, қызмет немесе өнімнің  экономикалық ережелерге сәйкес құнын анықтау. Баға берді. Қадір-қасиетін, құнын айырып дәл таныды. Баға босатылды. Нарық заңдылықтарына сәйкес тауарлар бағасының еркін белгіленуі. Баға жетпес. Теңдесі жоқ, өте құнды. Баға жоқ. Аса құнды, қадірлі. Баға кесті. Бағалады. Бағасы кетті. Қадірі кетті, беделі түсті. Бағасын көтерді. Қадірін асырды; жоғары бағалады. Баға қойды. п е д. Оқыту-тәрбиелеу процесінде оқушының білімін, тәртібін бағалау жүйесі бойынша белгіледі.   э к о н. Тауар, қызмет немесе өнімнің құнын белгілеу, бағалау. Бағаны әртараптандыру. э к о н. Қаржылық мүмкіндіктері әр түрлі тұтынушыларды көптеп тарту жолымен рыноктың үлкен бөлігін қамту мақсатымен кәсіпорындар қолданатын баға саясаты. Бағаны қалпында сақтау. э к о н. Сыртқы экономикалық факторлардың немесе ақшаның құнсыздануының әсерінен бағаның бірнеше есе өсу процесі кезінде оны бір деңгейде ұстап тұру. Бағаны оңтайландыру. э к о н. Бәсеке үшін күресте қолданылатын жеңілдік жасау жүйесіне негізделген сапасы әртүрлі тауарларға бірдей баға белгілеу. Бағаны ырықтандыру. э к о н. Бағаны тәуелсіздендіру, оны  мемлекеттің тікелей реттеуінен шектеу. Бағасы артық. Қадірлі, ардақты. Бағасын арттырды. Қадірін білдірді, беделін көтерді. Бағасы асты. Қадірі артты, беделі артты. Баға масштабы. э к о н. Белгілі бір елде ақша бірлігі ретінде қабылданған металдың (алтын немесе кұміс) салмақтық өлшемі. Бастапқы баға. э к о н. Аукционға қойылатын тауар не заттың алғашқы құны. Бөлшек баға. Аз мөлшерде немесе бір талдап сатып алынатын тауар бағасы. Көтерме баға. э к о н. Толайым, біржолата немесе ірі партиямен сатып алынатын тауар бағасы. Нарықтық баға. э к о н. Тауар, қызмет немесе өнімнің нарық белгілеген бағасы. Өзіндік баға. э к о н.  Тауарды шығаруға немесе сатып алуға жұмсалған қаражат, құн. Салыстырмалы баға. э к о н. Жасалынған келісімшартқа сәйкес белгілі бір мерзім ішінде келісілген көлемде жеткізілетін тауарлар бағасы. Сатып алу бағасы. э к о н. Мемлекеттік және жекеменшік дайындау ұйымдары тауар өндірушілерден сатып алынатын өнімдерге қойылатын бағасы. Шарттық баға. э к о н. Шарт жасасу арқылы белгіленген баға. Үстеме баға. э к о н. Тауардың өзіндік бағасының үстінен қосылатын қаражат, құн.

- сөздік мақаланың дефиниция аймағында (зона) берілетін ақпаратты тек лингвистикалық ақпаратпен шектемей әмбебеаптандыру, яғни сөз таңбалап тұрған реалий немесе дерексіз құбылыс туралы да, оның қасиеттері мен байланыстары туралы да ақпараттарды жеткізу. Мысалы,  ИЗАФЕТ [а р] з а т. л и н г в. Түркі және кейбір иран тілдеріне тән атрибутивтік құрылым; анықтауыш пен анықталатын сөз тіркесіндегі зат есімдердің бір-бірімен тіркесу жүйесі.

- қазақ лексикографиясында түсіндірме сөздіктің сөздік мақаласын беруде қалыптасқан тәжірибеге соңғы кездердегі қазақ тіл білімінің антропоцентристік бағыттағы этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика сияқты салалары бойынша жүргізілген зерттеулердің жаңалықтары мен қол жеткізген ғылыми нәтижелерін пайдалана отырып, біраз тың өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетіне қатысты атау-ұғымдар мен реалийлердің дефинициясын көрсетуде, олардың үстірт лексикалық мағынасына қоса астырт мағынасы қоса берілді, мысалы, аққу сөзінің тек қана зоологиялық түр особі немесе қазақ үшін киелі саналған құс деген мағынасына қоса, оның тіркестер құрамында немесе ерекше поэтикалық қолданыста ашылатын сұлулық символы, тазалық, пәктік сияқты концептілерді құраушы элемент  ретіндегі семантикасы да көрсетілді.

-                      терминдік мағына алған, алайда о бастан жалпы лексикалық мағынасы болған сөздердің бұл екі мағынасы да алғаш рет екі бөлек ашылып берілді, мысалы, борсық сөзінің күнделікті адамдардың қарапайым қатынасындағы қолданысында оның аң деген жалпы лексикалық мағынасы берілсе, мамандардың қолданысында оның терминдік мағынасы пайдаланылатындықтан, зоология саласының атауы ретіндегі дефинициясы, содан кейін барып, бейнелі қолданыстардағы ауыспалы мағынасы (семіз, тойымсыз және т.б.) көрсетілді; Мысалы, ИЗЕННІҢ тіл иелерінің санасындағы жалпы ұғым ретіндегі анықтамасы, сонымен бірге ботаникалық термин ретіндегі анықтамасы берілді:ИЗЕН з а т. ө с. 1. Таулы, құмды, сортаңды жерлерде өсетін, жіңішке жапырақты, солғын жасыл гүлді малазықтық өсімдік. Арқаның қызыл и з е н і, Басы күрдек, түбі арал, Қыдырып шалар аруана. Кәрісі кімнің жоқ болса, Жасы болар дуана (Махамбет Өтемісұлы // ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы). Таласа, жарыса білінген и з е н, жусан, жас бетеге иістері де күн-шуақты салқын сәскенің хош лебіндей (М.Әуезов, Абай). Мына Қарақияның жазығына мал тұяғы тимей жүр. Ырғалған жусаны мен и з е н і жылдан-жылға ысырап болып қалып жатыр (Т.Ахтанов, Боран). И з е н мен жусан, дәмді бауырсақ, қуырылған балық иісі кеңсірік қытықтайды (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз әуендері). 2. <лат. kochia> Алабұта тұқымдасына жататын  бір немесе көпжылдық Жер шарына кең тараған бұташық өсімдік. Қазақстанда и з е н н і ң 9 түрі өседі (ҚҰЭ). И з е н н і ң сабағының ұзындығы 10-100 см., гүлдері гүлжапырақсыз, қосжынысты, бесмүшелі, екі-төрттен топтанып жапырақ қолтығына орналасқан, кейде жеке жапырақты, масақты гүлшоғын құрайды. Аталығы - бесеу (ҚҰЭ).  И з е н д і мал күзде және қыста жақсы жейді (М.Қажымұратов. Пайдалы өсімдік.).

-                      әртүрлі ғылым салаларында қолданылатын қазақ атауларының терминдік әлеуетін, олардың халықаралық терминдермен сәйкестігін көрсетіп, сондай-ақ әдеби тілдегі нұсқасын орнықтыру мақсатында, бұл сөздердің сөздік мақаласында өздері сәйкес келетін халықаралық терминдердің этимологиясы, яғни қай тілден шыққаны туралы ақпарат алғаш рет беріліп отырды, мысалы, Атбұршақ з а т. ө с. <лат. ficia vaba>; бұл ақпаратты берудің үлгісі, оны жүйелеу жолдары анықталды (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. А., Арыс, 2006 І-ІІ томдар); Ит тіс. а н а т. <лат. dens lupinus>. а) Үстіңгі тіс қатарынан сойдақ тіске жапсарласа шыққан тіс.

- бір құрамдас бөлігі өзге тілден енген екінші бөлігі қазақ тіліндегі бір ұғым атауына қызмет ететін жаңа реалийлермен, құбылыстармен байланысты қалыптасқан атаулар енгізілді, мысалы, ИНТЕРМӘТІН з а т. л и н г в. Бір мәтіннің өзге мәтінге кіруі, мәтіндерінің кірігуі.

- сонымен бірге қазіргі қазақ дискурсындағы белсенді қолданысқа енген жаңа ұғым атаулары өзінің лексикалық тіркестері аясында көрсетілді, мысалы, ИНТЕРНЕТ [ағыл. Internet, inter – аралық, net – желі]. з а т. и н ф. Компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы; бір-бірімен телекомуникация арналары (телефон, радио, жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы.  Интернетке шығу. и н ф. Компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығына қосылу. Интернет жүйесі. и н ф. Бір-бірімен телекомуникация арналары (телефон, радио, жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабының жүйесі. Интернет желісінің адресі. и н ф. <ағыл. Internet address>. Интернетке тіркелгенде әрбір компьютерге берілетін адрес, т.б.

- сөздік мақалалар бір концептінің төңірегіндегі бүкіл білімдер жүйесін білдіретін, яғни семантикалық өрісті бейнелейтін тіркестерді мейлінше толық қамтылды: мәселен, қазақ тіліндегі «ит» концептісінің элементтері оның негізінде құрылған лексикалық тіркестер, фразеологиялық тіркестер, терминдік атаулар, терминдік тіркестер, прецедентті сөздер, прецедентті мәтіндер негізінде толық ашылады (берілген мысалда сөздік мақаладағы иллюстрациялық материал алынып тасталды):

ИТ з а т. 1. з о о л. Сүтқоректілер табы, ит туысына жататын, қасқырға жақын асыранды үй хайуаны. 2. Үй күзету, мал бағуға бейімделген асыранды үй хайуаны. 3. Аң аулауға немесе аңға салуға үйретілген үй хайуаны. 4. э т н. Қазақ халқында қасиетті саналатын жеті қазынаның бірі. 5. э в ф. Қасқыр. 6. а у ы с. Қас жау, жауыз, қараниет адам. 7. а у ы с. Надан, түк көрмеген тоғышар адам. 8. а у ы с. Құр бос жүрген, қолынан еш нәрсе келмейтін, ісінен сөзі көп адам. 9. а у ы с. Керітартпа, көре алмайтын, біреуге ор қазғыш, қаскөй адам. 10. э к с п р. Қатар-құрбы адамдардың бір-біріне немесе жасы кіші бала-шағаға, сондай-ақ басқа бір өзімсінген адамға олардың жағымсыз әрекет-қылығын кешіргенде зілсіз айтатын сөзі. 11. э к с п р. ж а ғ ы м с ы з. Бір адамды жақтырмағанда немесе одан әбден қорлық көріп зәрезап болғанда айтылатын оған қарата айтылатын жек көру сөзі. 12. э к с п р. Кейіп, ренжігенде малға қарата айтылатын сөз. // э к с п р. б е й н. Бір нәрсенің соңынан ит сияқты салақтап, далақтап жүгіре беретін, бір тоқтамайтын. Ақсақ ит жатып үреді. Ит қалай болса да, иттігін жасайтыны сияқты, жаман адам да жамандығын жасамай қоймайды. Алтын аяққа құйылған әселді күшік ит ішті. к ө н е. п о э т. Алтын ыдысқа құйылған балды ит ішіп кетті, қадірін білмейтін жаманға асылы қор болды. Арабы ит. Аңға салатын иттің ішінде қасқыр алатын бағалы түрі. Арсыз келіннен кесектеген ит артық. б е й н. Ұятсыз, әдепсіз келіннен кескек байлаған итің болғаны жақсы. Астынан ит жүгіртіп, үстінен құс ұшырды. Үркітіп, үрейге сап, бәлені айдақтап жүрді, неше түрлі зорлық-зомбылық жасап, бәле қуды. Аузы иттен де салулы. Олжаның, ас, тағамның үстінен шыққыш, несібелі деген мағынадағы жақтырыңқырамай айтылған сөз. Аузына [аузынан] ақ ит кіріп, қара [көк] ит шықты. Айтпағанды айтып тілдеді, балағаттады. Аулыңнан үрген иттің үні шықпағыр. қ а р ғ. а)Үрерге итің, сығарға битің болмасын, құра алақан қал. ә) Қаңырап, бос қал, жалғыз қол.Ауыл итінің құйрығы қайқы. ю м о р. Өз жерінде мықты, күшті, өз елінде өзін сенімді сезінеді. Аш [ұры] иттің артын [к...ін] сұқ ит жалайды. қ а р а п. Сұғанақтық істеуші кісі туралы айтылады.Балағына ит жармасты. Көре алмайтындар қастық ойлап, өсіп-көтерілуіне кедергі келтірді.Барақ ит. Жүні ұзын, сабалақ ит. Бір аймақтың бар иттін үргізді. о к к а з. Тасаланып, жасырын келгені бүкіл жұртқа аян болып қалды, жұртты шулатты. Дүние – киік, адам – ит. о к к а з. б е й н. Осы дүниеде адам көксеген мақсатына түпкілікті жете алмайды, үнемі соған қарай ұмтылуда боладыДүрегей ит. Әдетте үй күзетуге жарайтын тұқымы араласып кеткен, будан ит. Жақсы ит. Сұғанақ емес, ұры-қарыға алдырмайтын, иесіне адал қырағы ит..Жақсы ит өлгенін көрсетпейді. Намысты адам өзін ешкімге қорлатпайды, көзтүрткі болмай шетке кетеді. Жаман ит. Сұғанақ, ұры-қарыны байқай бермейтін қазан-аяқ аңдыған, кім ас берсе соның соңынан ере беретін тойымсыз ит.Ит айтақтады. Жауықты, өшікті; айдап салды. Ит ашуын тырнадан алады. Әлі жеткеніне күш жұмсайды, өшін әлсізден алады. Ит атым жоғалмасын деп, пайғамбарға үрді. Қай жерде жүрсе де ит иттігін жасамай тұрмайды, кім болса да өз бет-бейнесін танытпай қоймайды [Ежелгі аңыз бойынша Мұхаммед пайғамбарға абалап, үрген итке: «бұл пайғамбар емес пе» дегенде, ит: «өзім де білем, бірақ ит атым ұмытылмас үшін үріп тұрмын» деп жауап берген екен].  Ит әлегін шығарды. Берекесін кетірді, апшысын қуырды. Ит әуеге үргенмен, айдың нұры кетпейді. «Жақсыны» қаралаймын деп қанша әлек болғанмен, «жақсы» жақсы күйінде қалады Ит байласа тұрғысыз [тоқтағысыз]. Азынаған, тастай суық жылылық жоқ (үй, т.б.). Ит басты сиыр аяқты. ж е р г. Жексұрын, сұмпайы (адам).Ит басына іркіт [айран] төгілді. Аста-төк, ағыл-тегіл молшылық болды, ішкені алдында, ішпегені артында, ауқатты тұрмыс орнады. Ит басын шағу. ж е р г. Рәсуасын шығару, көзін жою, қатты қинау. Ит батпақтап, ат сүрінеді. Аяқ алғысыз, көп болғандықтан, еш нәрсеге түсініп болмайды. Ит боғынан қыл шықпай қалмайды. Әр нәрсе тегіне, затына тартпай қоймайды.Ит болды. а) Адамшылықтан кетті, жексұрын, қарабет болды. ә) Бос әуреге түсті, әбден зықысы шықты. б) Қор болды, абыройы төгілді, намысы аяққа тапталды.Ит бұйда етті. ж е р г. Қатты ұрысты, сөкті, ұялтты. Ит бүлкіл [бүлкек]. а) Көлік малының бірқалыпты баяу, ұзаққа созылған ауыр жүрісі. ә) Өнбейтін,  өндімейтін жүріс. Ит біле ме [біледі]. Кім білсін, қайдан білейін, ешкімге белгісіз.    Ит біледі сүйекті. Әркім өз бейіміндегі істің шебері. Ит есепті саналды. Адам қатарында есептелмеді, қорланды. Ит етектен қапты. Жығылғанға жұдырық, қиналғанда, қол ұшын бергеннің орнына аяқтан шалды. Ит жақсысы [ең жақсы] – құмай [тазы]. Қазақы ұғым бойынша иттің ішіндегі тазасы, алғыры, жүйрігі – бағалысы құмай немесе тазы.Ит жаманы ырыс әкеледі. Байырғы наным бойынша жаман деген иттің өзі иесіне байлық, құт тілейді (сондықтан итті теппеген).  Ит жегір [ит жесін]. қ а р ғ. Біреуге риза болмағанда айтылатын бұйырмағыр, қызығын көрмегір деген мағынадағы зілсіз кейіс сөз. Ит жегіріңді ит жесін. э к с п р. қ а р ғ. Өзіне тиесілі нәрсе бұйырмай қалып, қатты кейігенде айтылатын кейіс сөз. Ит жем болды. а) Ысырап, рәсуа болды. ә) Құр босқа қор болды, қадірі болмады. Ит жеріген жаужұмырдай  ж е р г. Жеккөрінішті, сүйкімсіз, құнсыз, қадірі жоқ. Ит жон. Онша биік емес, дөңестеу жер. Ит жуа. Жуаның ұсақ, жабайы түрі.  Ит жүгіртіп, құс салды. а) Аң аулады; аңшылық, саятшылық құрды, аңға шықты. ә) Сауық-сайран құрды.Ит жүзіс [ат малту]. Жүзе білмейтін адамның жүзуі; аяқ-қолды тырбаңдатып малту түрі. Ит жүрек. п о э т. Қызығы кетіп суынған, құлазыған көңіл. Ит жылы. к ө н е. Қазақша жыл қайырудың он бірінші жылы. Ит жыны келді [ұстады]. Күйіп-пісіп, ыза болды. Ит жіліншек. э т н. Жүйрік ат сынындағы аттың аяғының тізеден төменгі жіңішке жерінің сипаттама аты. Ит зықысы шықты. Әбден құр босқа титықтады, мазасы кетті, шаршады. Ит иттігін қылмай қоймас. Жаман адам жаманшылығын көрсетеді. Итке айналды. Адамшылықты ұмытты, азғындады. Итке бермесін [берсін]. Адам баласының басына бермесін. Итке есептеді. Төменшіктетті, адам қатарын қоспады. Итке жалпош жапқандай. Бағасын, құнын түсінбейтін адамға бағалы, құнды нәрсені бергендей. Итке құйған айрандай абыройы төгілді. б е й н. Қадірін білмейтін адамнан опық жеп, намысы тапталды, әбден ұятқа қалды. Ит келмес. Өте алыс (жер). Ит кемірген [қу] асықтай. Өте жүдеу, арық. Итке таста. Текке керегі жоқ, қажетсіз. Итке ұқсады. Адамшылықтан жұрдай болды. Ит кешуге салды. Азап тарттырды. Ит көзі түтін танымас. ж е р г. Мүлдем нашар, тым төмен, жұтаң. Ит көзі  түтін танымас болу. ж е р г. Әрең-әрең күнелту, күн көру, күні қараң болу. Ит көрген ешкі көзденді [ит көрген мысықша үрпиді, ит көрген текедей болды]. Зәресі ұшып, үрейленді, қатты қорықты. Ит көргенін көрді. Әбден қорлық көрді, қиын тіршілік кешті. Ит көтінен ине алу. ж е р г. Қулық істеу, сұғанақтық істеу. Ит көтінен ине суырған. Айлакер, епті, жылпос. Ит қайратты күні барда. Өз қолы өз аузына жетіп тұрғанда шамашарқы келіп тұрғанда.. Ит қор адам. Қиыншылық, ауыртпалық көріп, жапа шеккен адам. Ит қосты. а) Итпен аң аулады. ә) Мұқатты, ұятқа қалдырды, сын тақты. б) И т Айтақтады, қуды. Ит қосу. Итпен аң аулау. Ит қуып келгендей. Қатты ентігіп, ырсылдап, екі иінінен демалып күйі. Ит   құйрық. с ө й л. м а з а қ. Ұзындау құйрығы бар арқар-меринос қойы. Ит қылды. а) Ақымақ етті, қолбалаша жұмсап, абыройын түсірді. ә) Бос әуреге салып, әбден титықтатты, жынына тиді. б) Қор қылды, қорлады, көрмегенді көрсетті.Ит қылу. Қор қылу, қорлау, көрмегенді көрсету. Ит май жемейтіні [жегісіз]. Ит басына іркіт төгілген молшылық Ит малтуға [малтауға] салды. а) Есін шығарды, берекесін кетірді. ә) Тынбады, тыным таппады, итшіледіИт мойнына гауһар тақты. Қадірін мүлде білмейтін, түсінбейтін адамға қор қылды. Ит мұрыны өткісіз [өтпейтін, батпайтын]. Қалың, ну. Ит [итке] мініп, ирек [ирекпен] қамшылады. а) Жүрісі өнбей, жол азабын тартты. ә)  Өлмешінің  күнін көрді. Ит нәпсі. Қу құлқын қу көрсе-қызарлық. Ит өлген жер. Тым алыс, қашық жер, ат тұяғы жеткізбес алыс шет. Ит өлім. а) Қадірсіз, абыройсыз жиренішті өлім. ә) Қаңғып көмусіз қалу, айдалада, жырақтағы өлім. Ит өмір. Қорлықпен өткен ғұмыр, итше ырылдасқан тірлік. Ит өндіршек. э т н. Жүйрік ат сынындағы аттың жұтқыншақтан басталатын өңешінің бойы, иегінің астының сипаттама аты. Ит өңешінен ине суырған. Айласы асқан, қадалған жерінен қан алатын. Ит өсіру. Кеден іскесушілік жұмыстарына пайдалану үшін арнайы бейімдеп үйрету, асырау. Ит пен құсқа жем [азық] болды. а) Айдалада көмусіз қалды. ә) Кім көрінгеннің  қолында  кетті; ұстағанның  қолында, тістегеннің аузында кетті. Ит пен мысықтай [ит пен мысықша]. Бірімен-бірі өш, араз. Ит салпақ. Ертеден қара кешке дейін біреудің жалшылығында жүрген; итқорлық. Ит салпақта жүрді. Ертеден қара кешке дейін біреудің жалшылығында жүрді; итқорлық көрді. Ит сорпасын шығарды. Діңкесін құртты, әбден шаршатты. Ит сілікпесі шықты. а) Титықтап тұралады, шаршады. ә) Өрім-өрім болып, тамтығы ғана қалды. Ит талағандай. Сау тамтығы жоқ, өрім-өрім.

Ит – тамаққа. Ит тамақ жеген жерге үйір болады, адам жақын тартқан, туыс, қамқор болған адамдарын іздеп тұрады. Ит те болса. Қанша жаман болса да. Ит те көзге ілмейді. Ешкімге керегі жоқ; түрсіз. Итте – құмай. Ит атаулыда ең жақсысы құмай; бір алуан нәрсенің ішіндегі бірегейі. Иттен [де] көп. ж а қ т ы р м а у. Өте көп. Иттен де сүйек қарыздар. Қарыз алмаған адамы жоқ, әбден тілемсектікке салынған. Иттен жаман [жек] көрді. Жаны жақтырмады, мүлдем ұнатпады. Иттен жаман құтырды. Шектен шығып кетті, астамшылық көрсетті. Иттен жаралған [иттен туған] қ а р а п. Оңбаған, жетесіз, түк көрмеген. Ит терісін басына қаптады. Айтпағанды айтып, жер-жебіріне жетті; айыбын бетіне басып, масқаралады. Ит тиген астай.  Жарамсыз, былғанған, арам. Ит тиген күшіктей. Көрінгенге жалтақ.. Ит тиген табақтай қарады. Жек көрінішті сезіммен, жиіркене қарады. Ит тиген [тигендей] арам ас. а) Керексіз, жарамсыз, адал болмаған соң бұйырмаған нәрсе. ә) Қадірсіз, босқа, қор болған Ит тиді. т а б у.Сұқ көз тиді [жас балаға біреудің назары түсіп, содан ауырды деген ел арасындғы наным]. Ит тимесін [тиіп кетпесін]. Жатар уақытта далада тамақ, ыдыс-аяқ ашық қалмасын, жиыстырып жат деген мағынада айтылатын сөз.Ит тұмсығы [мұрны] батпайтын [өтпейтін]. Адам өте алмайтын қалың, ну; бітік шыққан. Ит түрткі болды [түрткіге түсті] Бәрінің көзіне түрткі болды, әркімнің мазағына, ілікті. Итті алдайтын қулық та жоқ. Қулық-сұмдықты білмейтін сенгіш, ақкөңіл.Ит тілеуін тіледі. Жамандық тіледі, жалғыздықты, қаңғымалықты қалады. Иттің [ғана] баласы. қ а р а п. а) Ұрысқанда айтылатын балағат сөз. ә) Біреудің қылығына бір жағы қызығып, таңырқап, жақын тартып бір жағы жақтырыңқырамай тұрғанда өзімсініп айтылатын сөз. б) Оңбаған, жетпегір. Иттің [ит] етінен [етіндей] жек көреді. Қатты жиреніп, суқаны сүймейді. Иттің жорғасындай. м ы с қ ы л. Қалай болса солай, нашар. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар. Әркімнің өзіне лайық бір сүйенері, қорғаушысы бар. Иттің итақайы. Кім болса сол, кім көрінген. Иттің қара тұмсығындай көрді. ж е р г. Өлердей жек көрді, иттің етінен жек көрді  Иттің сырттаны. м и ф. Иттің ең жақсысы, қасиеттісі, иттің патша

Бөлісу: