«Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек»
«Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», – бұл Елбасының халыққа арнайы жолдауында айтылған сөзі. Елбасы жолдауында, халық игілі үшін, еліміздің, келер ұрпақтың болашағы үшін жаңадан түрлі салаларда белгілі бір қажет нысандардың тез арада бой көтеруі керек екенің нұсқап айтқан болатын. Соның бірі мәдениет саласына қатысты. Елбасының тапсырмасымен салынған тағы бір мәдени ошақ, ел игілігіне берілді. Бұл өз кезегінде елбасының бастамасымен салынған үшінші театр.
Күні кеше ғана Астана күніне орай Орталық Азиядағы ең үлкен, опера және балет театры, елорданың қақ төрінен бой көтерді. «Астана-Опера» деп аталатын театр әлемде көрермендердің сыйымдылығы жөнінен төртінші ТМД бойынша бірінші орында тұр. Айта кетейік, ауқымдылығы жағынан алғашқы үштіктің басында 1776-78 жылдары Италияның Милан қаласында салынған атақты Ла-Скала опера және балет театры 3600 адамға арналған. Екінші орында Рим опера театры 2200, үштіктің соның 1862 жылы Парижде бой көтерген, 1900 адам еркін сыйып кететін «Гарнье» театры. Осындай аты әлемге танымал өнер ордаларының қатарына кірген «Астана-Опера» театрында бір уақытта 1750 көрермен еркін отырып, сахналық көріністерді тамашалай алады.
Театр ғимаратының құрылысына келсек, аумағы 64 163 шаршы метр. Бас сахнаның көлемі 935 шаршы м құрайды. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ғимараттың биіктігі - 50 метр болса, холлдағы люстраның салмағы - 1600 келі. Бұл люстра театр үшін арнайы жасалған богема хрусталі. Ғимарат грек-рим және қазақтың ұлттық сәулет өнерімен үйлестіріп соның нақышында салынған. Театр залы 1250 ал, оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие. «Жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол»1. Театр құрылысына 33 елдің ең мықты мамандары тартылған. Әлемдік стандарттарға сай келетін өнер ордасында ең жаңа студиялық жабдықтармен жабдықталған. Өнер ұжымына ерекше мән беріліп, олардың өз өнерлерін көрермендеріне паш етуге барлық мүмкіндік жасалған. Театрға спектакльге қажетті декорациялар да жаңадан әкелініп, театр әртістері үшін арнайы жаңа костюмдер тігілген. Залдың акустикасы ерекше. Ол шәмшат деген ағаштан жасалған. Бұл ағаштан жасалған панель мен еден акустиканы көрермендерге дыбысты мінсіз жеткізеді.
Сонымен қатар театр еш театрға ұқсамайтын қазақтың ұлттық болмысынан көрініс беретін ою-өрнектермен де бейнеленген. Солардың бірі Шарын, Бурабай көріністерін атауға болады.
Опера театрының тағы бір ерекшелігі, кейде әйелдер қауымы жұмыстан шыға сала, үйге барып киім ауыстыруға үлгермей жататыны анық. Мұндай да театрға шалбармен келген жағдайда сізге арнайы кешкі көйлек беріледі. Мамандар бұл жағында қарастырып қойған. Себебі киім үлгісі қатаң тәртіппен қадағаланады.
Осылайша елорданың төрінде тағы бір ғажайып сәулет туындысы өмірге келді. Бұл тарих беттеріне әлемдегі ең ірі опера және балет театры ретінде жазылып қалары сөзсіз. Әлі талай Римде, Миланда, Парижде сахналанған небір шедеврлер, келесі кезек те өз елімізде қойылатынына да сеніміміз мол.