Әйгілі футболшы өмірден өтті

25 Шілде 2013, 04:45

Футбол әлемі орны толмас қазаға ұшырады. Бразилия құрамасының құрамында екі дүркін чемпион болған әйгілі футболшы қайтыс болды. Ол 23 шілде күні бразилиялық Убераба қаласында  дүниеден өткен деп хабарлайды Globo Esporte.   84 жастағы Джалма Сантос 1 шілде күні өкпесіне суық тиіп ауруханаға түскеннен үйіне қайтып оралмады. Атақты аяқдоп шеберінің 1948 жылы басталған спорттағы карьерасы  1971 жылға дейін созылды. Клуб деңгейінде ол "Португезы Деспортос", "Палмейраса" және "Атлетико Паранаэнседе" ойнаған. Бразилия құрамасының намысын футболшы 1952-1968 жылдары қорғаған еді. Ұлттық командамен бірге Сантос төрт рет әлем чемпионатына қатысып, 1958 жылы Швециядағы әлем біріншілігі мен 1962 жылы Чилидегі жарыста жеңіске жетті. Құрама сапында үш рет Америка Кубогының күміс жүлдегері атанды (1953, 1957, 1959 жылдары).   2004 жылы Пеле Сантосты өткен ғасырдың ең үздік ойыншыларының тізіміне енгізген болатын. bnews.kz

Футбол әлемі орны толмас қазаға ұшырады. Бразилия құрамасының құрамында екі дүркін чемпион болған әйгілі футболшы қайтыс болды. Ол 23 шілде күні бразилиялық Убераба қаласында  дүниеден өткен деп хабарлайды Globo Esporte.  

84 жастағы Джалма Сантос 1 шілде күні өкпесіне суық тиіп ауруханаға түскеннен үйіне қайтып оралмады. Атақты аяқдоп шеберінің 1948 жылы басталған спорттағы карьерасы  1971 жылға дейін созылды. Клуб деңгейінде ол "Португезы Деспортос", "Палмейраса" және "Атлетико Паранаэнседе" ойнаған.

Бразилия құрамасының намысын футболшы 1952-1968 жылдары қорғаған еді. Ұлттық командамен бірге Сантос төрт рет әлем чемпионатына қатысып, 1958 жылы Швециядағы әлем біріншілігі мен 1962 жылы Чилидегі жарыста жеңіске жетті. Құрама сапында үш рет Америка Кубогының күміс жүлдегері атанды (1953, 1957, 1959 жылдары).  

2004 жылы Пеле Сантосты өткен ғасырдың ең үздік ойыншыларының тізіміне енгізген болатын.

bnews.kz

Бөлісу: