Кашмирлік 141 жастағы қария әлемнің ең қарт тұрғыны аталуы мүмкін

23 Шілде 2013, 03:33

Кашмирдегі қарияның құжаттары реттелетін болса, ол әлемнің ең қарт тұрғыны атануы мүмкін. Бұл туралы muslim.kz сайты жазады. ANI агенттігінің хабарлауына қарағанда, Кашмирдің солтүстігінде орын тепкен Ури ауданындағы таулы өңірде өмір сүретін Фироз уд-Лин Мир қолындағы құжаты бойынша 1872 жылдың 10 наурызында дүниеге келген. Ендеше биыл оның жасы 141-ге толды. Төрт рет үйленіп, жар қызығын армансыз көрген оның қазіргі әйелі өзінен 60 жас кіші екенін айта кету керек.   «Фироз уд-Лин Мир әлемнің ең қарт тұрғыны ретінде белгілі жапон қариясы Мисао Окавадан 27 жас үлкен. Жеміс-жидек пен жаңғақ сатуды кәсіп еткен қария әлі де тың», - деп жазады muslim.kz.

Кашмирдегі қарияның құжаттары реттелетін болса, ол әлемнің ең қарт тұрғыны атануы мүмкін. Бұл туралы muslim.kz сайты жазады.

ANI агенттігінің хабарлауына қарағанда, Кашмирдің солтүстігінде орын тепкен Ури ауданындағы таулы өңірде өмір сүретін Фироз уд-Лин Мир қолындағы құжаты бойынша 1872 жылдың 10 наурызында дүниеге келген. Ендеше биыл оның жасы 141-ге толды. Төрт рет үйленіп, жар қызығын армансыз көрген оның қазіргі әйелі өзінен 60 жас кіші екенін айта кету керек.  

«Фироз уд-Лин Мир әлемнің ең қарт тұрғыны ретінде белгілі жапон қариясы Мисао Окавадан 27 жас үлкен. Жеміс-жидек пен жаңғақ сатуды кәсіп еткен қария әлі де тың», - деп жазады muslim.kz.

Бөлісу: