Ұлттың ұлт ретінде сақталып қалуының бірден бір кепілі – ана тіліне деген перзенттік жанашырлы

22 Шілде 2013, 11:25

Ұлттың ұлт ретінде сақталып қалуының бірден бір кепілі – ана тіліне деген перзенттік жанашырлығын автор мынандай пікірмен тұжырымдайды: "Дүниедегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оның кең тыныспен табиғи дамуы, ұлт ретінде өмір кешуіміздің аса қажетті шарты екенін басшымыздан қосшымызға дейін мойындап, оны сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындағанда ғана ілгері басамыз. Қазір тіліміздің рухы мен мәнін қалпына келтіруге, оны әлемдегі ең озық ғылыми халықаралық тілдердің қатарына қосуға қолайлы кезең туып отыр. Жүздеген жылдарда кеткен есеміздің орнын толтыруға тағдырдың беті бері қарап отырған сәттілікті толығымен пайдалана алмасақ, болашақ буындар алдында кешірілмес айыпқа батамыз. Сол үшін бүгінгі таңда "ана тілі үшін күрес – ұлт келешегі үшін күрес" деген сөздер сарқылмас қуат беретін ортақ ұранымыз болсын." (190-бет).      Ғалымның халқына деген шынайы махаббаты, елдігімізді жоғалпасақ екен деген игі тілегі үнемі ол үшін не істеу керек деген сауалдармен астасып, кітапта оған жұртшылық көкейіне қонымды жауаптар беріліп, ұсыныстар айтылып отырады. Ел мүддесіне қатысты ондай көкейкесті пікірлер тұрмысымыздың, мәдениетіміз бен өнеріміздің сан-саласын қамтитынын жоғарыда айтып өттік және олардың бәрін бірдей мұрнынан тізіп беруді орынсыз деп санаймыз. Дегенмен де халық мұрасына, соның ішінде музыкаға қатысты автордың жүрегін сыздатқан, сонан соң қалам ұшынан запыран болып төгілген мына бір жолдарды айтпай кете алмадық: "Қазақты ұлттық ерекшелігінен айырғысы келгендердің бір құрығы халық музыкасына түсіпті. Бұндай "әккілік" "мен озбырмын" деп төтелеп келмей, "теория" қисынын жамылып, өте нәзік, жымысқы жолмен бой көрсеткен. "Қазақ музыкасы социализм дәуіріне сәйкес келмейді, еуропалық саз, опера жүйесіне көшу ғана бірден-бір дұрыс бағыт" деп музыка көшін табиғатымызға жат арнаға итермелегендердің ішкі пиғылын аңғару да оңай емес еді. Қазақ халқының ең білімді, саналы, зиялы қауымын "халық жауы" атандырып, жоқ қылған соң, "мынауың дұрыс емес" деп еуроцентристерге қарсы шыға қоярлық күш те ол кезде табыла қоймайтын. Ұлт деген сөзді айта қалғандарға "ұлтшыл" деген таңбаны баса салу оңайдың оңайы еді. Сонымен, не керек, музыканың теориялық, методологиялық "майданында" саз өнерінің еуропалық үлгісін бірыңғай дәріптеушілердің дегені болып, халық әндері мен күйлері екінші кезекке ысырылып шыға берген. Шұғыл түрде опера жасаудың, оны қазақ музыкасының ірі жетістігі деп марапаттаудың тасасында ұлттық саз өнерінің тамырына балта шабу процесі үздіксіз жүргізіліп жатты…

Ұлттың ұлт ретінде сақталып қалуының бірден бір кепілі – ана тіліне деген перзенттік жанашырлығын автор мынандай пікірмен тұжырымдайды: "Дүниедегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оның кең тыныспен табиғи дамуы, ұлт ретінде өмір кешуіміздің аса қажетті шарты екенін басшымыздан қосшымызға дейін мойындап, оны сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындағанда ғана ілгері басамыз. Қазір тіліміздің рухы мен мәнін қалпына келтіруге, оны әлемдегі ең озық ғылыми халықаралық тілдердің қатарына қосуға қолайлы кезең туып отыр. Жүздеген жылдарда кеткен есеміздің орнын толтыруға тағдырдың беті бері қарап отырған сәттілікті толығымен пайдалана алмасақ, болашақ буындар алдында кешірілмес айыпқа батамыз. Сол үшін бүгінгі таңда "ана тілі үшін күрес – ұлт келешегі үшін күрес" деген сөздер сарқылмас қуат беретін ортақ ұранымыз болсын." (190-бет).     

Ғалымның халқына деген шынайы махаббаты, елдігімізді жоғалпасақ екен деген игі тілегі үнемі ол үшін не істеу керек деген сауалдармен астасып, кітапта оған жұртшылық көкейіне қонымды жауаптар беріліп, ұсыныстар айтылып отырады. Ел мүддесіне қатысты ондай көкейкесті пікірлер тұрмысымыздың, мәдениетіміз бен өнеріміздің сан-саласын қамтитынын жоғарыда айтып өттік және олардың бәрін бірдей мұрнынан тізіп беруді орынсыз деп санаймыз. Дегенмен де халық мұрасына, соның ішінде музыкаға қатысты автордың жүрегін сыздатқан, сонан соң қалам ұшынан запыран болып төгілген мына бір жолдарды айтпай кете алмадық: "Қазақты ұлттық ерекшелігінен айырғысы келгендердің бір құрығы халық музыкасына түсіпті. Бұндай "әккілік" "мен озбырмын" деп төтелеп келмей, "теория" қисынын жамылып, өте нәзік, жымысқы жолмен бой көрсеткен. "Қазақ музыкасы социализм дәуіріне сәйкес келмейді, еуропалық саз, опера жүйесіне көшу ғана бірден-бір дұрыс бағыт" деп музыка көшін табиғатымызға жат арнаға итермелегендердің ішкі пиғылын аңғару да оңай емес еді. Қазақ халқының ең білімді, саналы, зиялы қауымын "халық жауы" атандырып, жоқ қылған соң, "мынауың дұрыс емес" деп еуроцентристерге қарсы шыға қоярлық күш те ол кезде табыла қоймайтын. Ұлт деген сөзді айта қалғандарға "ұлтшыл" деген таңбаны баса салу оңайдың оңайы еді. Сонымен, не керек, музыканың теориялық, методологиялық "майданында" саз өнерінің еуропалық үлгісін бірыңғай дәріптеушілердің дегені болып, халық әндері мен күйлері екінші кезекке ысырылып шыға берген. Шұғыл түрде опера жасаудың, оны қазақ музыкасының ірі жетістігі деп марапаттаудың тасасында ұлттық саз өнерінің тамырына балта шабу процесі үздіксіз жүргізіліп жатты…

Бөлісу: