Қарағанды индустрияландыру картасына 148 млрд теңге салынбақ

22 Шілде 2013, 03:18

Өңірлік Индустрияландыру картасына Теміртау қаласынан жалпы инвестиция көлемі 148 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба қосылды. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да өткен отырыс барысында Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілішісі. «Сонымен, өңірлік Индустрияландыру картасына қаладан жалпы инвестиция көлемі 148 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба қосылды. 1339 жұмыс орны құрылды», - деп хабарлады Б. Әбдішев. Облыс әкімі атап өткендей, Индустрияландыру картасына қосылған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ дамыту және жаңғырту» жобасы аясында өндіріс жылына 6 млн тоннаға дейін ұлғайып, 133,6 млрд теңге инвестиция тартылады, 1034 жұмыс орны құрылады.  «Карцемент» АҚ-да құрғақ тәсілмен цемент өндіру бойынша №5 технологиялық желі іске қосылғаннан кейін 115 жұмыс орны ашылған. Жоба құны – 12,3 млрд теңге. «NordПром НС» ЖШС-да 901 млн теңгеге жылына 300 мың шпал шығаратын бетон темір жол шпалдары өндірісі жолға қойылмақ. 331 млн теңгеге «КМК Профиль» ЖШС-да кескінделген лист шығару өндірісі кеңейтіліп, 45 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Өңірлік Индустрияландыру картасына Теміртау қаласынан жалпы инвестиция көлемі 148 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба қосылды. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да өткен отырыс барысында Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілішісі.

«Сонымен, өңірлік Индустрияландыру картасына қаладан жалпы инвестиция көлемі 148 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба қосылды. 1339 жұмыс орны құрылды», - деп хабарлады Б. Әбдішев.

Облыс әкімі атап өткендей, Индустрияландыру картасына қосылған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ дамыту және жаңғырту» жобасы аясында өндіріс жылына 6 млн тоннаға дейін ұлғайып, 133,6 млрд теңге инвестиция тартылады, 1034 жұмыс орны құрылады. 

«Карцемент» АҚ-да құрғақ тәсілмен цемент өндіру бойынша №5 технологиялық желі іске қосылғаннан кейін 115 жұмыс орны ашылған. Жоба құны – 12,3 млрд теңге. «NordПром НС» ЖШС-да 901 млн теңгеге жылына 300 мың шпал шығаратын бетон темір жол шпалдары өндірісі жолға қойылмақ. 331 млн теңгеге «КМК Профиль» ЖШС-да кескінделген лист шығару өндірісі кеңейтіліп, 45 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Бөлісу: