Астанада Д.А.Қонаевтың мұрасы талқыланады

23 Қараша 2012, 08:53

Бүгін елордада «Д.А. Қонаев мұрасы: жастар үшін үлгі, ұрпақ үшін өнеге» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты astana.kz. Дінмұхаммед Қонаевтың есімімен Қазақстан дамуының тұтас бір дәуірі байланысты. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сұңғыла саясаткер, ғалым ретінде танымал. Д. Қонаев мемлекет басқарған жылдары республиканың экономикалық әлеуеті айтарлықтай өсіп, көшелердің саны көбейді. Жаңа тұрғын үй кешендері салынып, Алматыда он екі шағын аудан пайда болды. Д. Қонаев Қазақстанда білім берудің, мәдениеттің, спорт пен туризмнің дамуына орасан зор көңіл бөлді. Оның бастамасымен Оқушылар сарайы, Республика сарайы, Спорт және мәдениет сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық кітапхана, бірқатар қонақ үй кешендері, соның ішінде, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Қазақстан» қонақ үйлері салынды. Елдің экономикасын дамытып, өркендеткені үшін ол үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алып, кеудесіне сегіз рет Ленин ордені мен Еңбек Қызыл Ту орденін қадады. Оған қоса, көптеген медальдар мен басқа мемлекеттердің наградаларымен марапатталды.

Бүгін елордада «Д.А. Қонаев мұрасы: жастар үшін үлгі, ұрпақ үшін өнеге» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты astana.kz.

Дінмұхаммед Қонаевтың есімімен Қазақстан дамуының тұтас бір дәуірі байланысты. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сұңғыла саясаткер, ғалым ретінде танымал.

Д. Қонаев мемлекет басқарған жылдары республиканың экономикалық әлеуеті айтарлықтай өсіп, көшелердің саны көбейді. Жаңа тұрғын үй кешендері салынып, Алматыда он екі шағын аудан пайда болды.
Д. Қонаев Қазақстанда білім берудің, мәдениеттің, спорт пен туризмнің дамуына орасан зор көңіл бөлді. Оның бастамасымен Оқушылар сарайы, Республика сарайы, Спорт және мәдениет сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық кітапхана, бірқатар қонақ үй кешендері, соның ішінде, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Қазақстан» қонақ үйлері салынды.

Елдің экономикасын дамытып, өркендеткені үшін ол үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алып, кеудесіне сегіз рет Ленин ордені мен Еңбек Қызыл Ту орденін қадады. Оған қоса, көптеген медальдар мен басқа мемлекеттердің наградаларымен марапатталды.

Бөлісу: