Ақынның туған жылы неге үш түрлі болып көрсетіліп жүр?

24 Қазан 2014, 14:07

Ақынның туған жылы осылайша үш түрлі болып көрсетіліп жүр.

"Ер жігіт үйде де өлер, түзде де өлер,

Көп жасаса ер жігіт жүзге келер.

Пәнденің маңдайына жазуы сол,

Үйде өлгенмен апарып түзге көмер.

Осы сәлемнің өзін әркім әр түрлі етіп айтады. Кейбіреулер аяғына қосымша сөз жалғайды".

Ақынның туған жылы осылайша үш түрлі болып көрсетіліп жүр. Біз 1840 жылы туған деген дерекке күмәнмен қараймыз. Өйткені, Майлықожаның 1835 жылы туғанын, Жамбыл Жабаевтың 1846 жылы туғанын зерттеушілер бірауыздан мойындаған. Жамбыл Жәкеміз 25 жасында біздің өлкеге келіп, Құлыншақ пен Майлықожадан ақындық, жыршылық өнерді үйренеді. Сапарының соңында «Майлықожа, Құлыншақ, пірім еді бас ұрған!» – деп екі ақынды пір тұтып, батасын алғаны бәрімізге аян. Майлықожа мен Жәкеңнің жас арасы 11 жыл, ал, Құлыншақпен 6 жыл. Қанша мықты болса да өзінен 5-6-ақ жас үлкенді пір тұтуы күмәнділеу. Егер 14 жас үлкен болса ше? Бұл енді құлаққа қонымдылау.

Екіншіден, Мәделі мен Құлыншақтың жас айырмашылығы 24 жыл. Олай болса, Бұдабай ақын айтпақшы, олар қалай тұстас болады? Осы жайларды ескере келе біздіңше Ә.Оспанұлы айтқан 1832 жылға тоқтағанымыз жөн сияқты. Сонда екі ақынның жас арасы жақындап, 16 жыл болады.

Енді ақынның дүниеден қайтқан жылына келсек. Х.Сүйіншіәлиев көрсеткен 1892 жыл мүлдем ақылға сыймайды. Ақынның кенже баласы Исахан 1896 жылы туып, 1977 жылы 81 жасында қайтыс болғанын, ақын мұрасын зерттеуші, Исекеңмен бір ауылда тұрған Р.Рысжанов дәлелдеп берген.

Е.Өмірбековтің 1904 жыл деген дерегі де қисынға келмейтін сияқты. Сөзіміз дәлелді болу үшін Махамбетсал Мырзалының («Өмірдің өзі – есеп» Шымкент: ТОО «Кітап», 2012. – 196 бет) аталған кітабының 46-47-беттерінде: «Әліпбек нағашы атам руы Қоңырат, байлар-жандар Садықбек байдың баласы. Мыңға жақын қой, түйе, жылқы біткен бес ағайынды болыпты. Ескіше оқыған, 1904 жылы 40 жасында қасына 20-шақты қарияларды ертіп, соның бірі менің бабам Жандарбек, жасы 70-ке таянған кезде Меккеге қажылыққа бірге барып келген. Аталарымыздың Сауд Арабияға сапары туралы мынадай қызық әңгіме осы күнге жеткен.

Бірге барған сапарластары жастары біразға барып қалған қариялар екен. Ол кезде Сырдария губерниясы Қоқан хандығына қараған, солардан рұқсат-қағаз алып, пойызбен Украинаның Одесса қаласына барады. Сол жерде жылына екі-ақ рет жүретін үлкен кемеге билет алып, енді оның жолға шығуын бірнеше ай күтіп жатады. Ақыры күткен күн де жетіп, мінейін десе, «кеменің жүгі ауыр» деп адамдардың көбін мінгізбей қояды. Кеме «Ал, кеттік!» деп гудок шалып трап баспалдақтарын көтере бастағанда Әліпбек нағашы атам шалдарды қоржын-қосқалақтарымен бір-бірлеп кемедегі адамдардың үстіне лақтырып, соңында өзі де секіріп мініп кеткен екен. Осы әңгімеге қарағанда асқан қара күш иесі, қайратты болуымен қатар, ер жүректі ер болғаны көрініп-ақ тұр. Немесе кеме жүзіп кете бастаған ғой! Содан кеме ай жүзіп Жерорта теңізіне, одан Қызыл теңізге жетіп, Араб елдері жағалауына кідіреді. Аялдайтын жаға – пристань жоқ болғандықтан кеме жағаға 30-40 метр жетпей якорь тастап тоқтайды. Әрі қарай адамдар жүктерін арқалап суды кешіп өтуге мәжбүр болады.

Алмас Ақылбек,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013

Бөлісу: