Корей асханасынан дәм татыңыз!

1 Наурыз 2014, 10:36

Жетпіс жыл бойы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру дағдысы тұтасып кеткен Қазақстанның коре-сарам корейлері ел жұртшылығына өзіндік бірегей де ерекше асханасымен белгілі.

Жетпіс жыл бойы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру дағдысы тұтасып кеткен Қазақстанның коре-сарам корейлері ел жұртшылығына өзіндік бірегей де ерекше асханасымен белгілі. Сонау Кеңес кезеңінен бері қазақ халқының да, жалпы қазақ елінде тұратын басқа ұлт өкілдерінің де мерекелік дастарханынан корей салаттары түспей келеді. Бүгінде осы елде тұратын барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі дастархан мәзірінің төрінде тұратын тағамдардың бірі де дәл осы корей салаттары. 
Бәрімізге белгілі, корейлердің ұлттық тағамдары – қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөністер қосып даярланады. Корейлердің Қазақстан халқына кеңінен тараған, кез-келген шағын дүкендерден табылатын ұлттық тағамдарының қатарына чимчи, кокси, хе т.б. секілді ащы салаттар кіреді. Олар шөп майын пайдаланады. Қазақстан корейлерінің аса ұнататын тағамы тұз салмай буға пісірілген күріш (пон) немесе ботқа. Бұл тағамды көбінесе олар нан орнына пайдаланады. Корейлер сүтті және сүттен жасалған тағамдарды пайдаланбаған. Корейлер шай орнына жеміс және көкөніс шырындарын, шөптің шырындысынан жасалған тұнбаларды пайдаланады. Қазіргі корейлердің кулинариясында папты дайындаудың шамамен 40 түрлі әдісі бар және олардың атауы да тиісінше әртүрлі. Корейліктердің тағамдарының ішіндегі куксу, үзбе кеспе сучэби тағамдары негізгі тағамдар болып табылады. Оны бидай, жүгері, қара құмық және картоп ұнынан әзірленеді. Куксуды ұсақтап турап бұқтырылған етпен, көкөніспен, қызыл үгітілген бұрышпен суытылған немесе ыстық сорпамен қоса береді. Қосымша тағамға көже, тұздықты сорпа, қайнатпа, қою ет (балық) сорпасы, кимчхи, көкөніс салаты, майға бұқтырылған және қуырылған ет (балық), қақталған ет (балық), теңіз өнімдері (моллюскілер, трепангілері) тағамдар. Шалғам, орамжапырақ, сәбіз, қияр, пияз, баклажан, картоптан дәмдеуіштер қосылған көкөністер, туралған көкөністер мен шөптерден жасалған салаттар чхэ салаттар дайындалады. Ет тағамдарынан сиыр, шошқа, тауық еттері көп қолданылады. Ет пен балықты шикі (хвэ), тұздалған, маринадталған, қақталған, бұқтырылған, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Корейліктердің тамақтарында бұршақ тұқымдас: соя, жасыл бұршақ және фасоль ерекше орын алады. Соядан корейліктер соя сүтін, соя ірімшігін, соя пастасын және соя тұздығын алады. Сусындардың ішінен күріш арағының түрлі сорттарын, брага, сонымен қатар лимон мен жеміс –жидектен, жаңғақ, зімбір, кептірілген құрма, корица және бал қосылған бал қарағай жаңғағынан жасалған әр түрлі сусындарды айтуға болады. Жалпы, бүгінде корей асханасы елдің сүйіп пайдаланатын асханасына айналғанын еліміздің басты-басты қалаларында орын тепкен корей асханалары мен тамақтану орындарының көптігінен-ақ аңғаруға болады. Сондықтан, корей асханасы ел  тағам мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған ұлттық тағамдар қатарында. 
 
Бөлісу: