Түріктің тарихи тұлғалары

1 Наурыз 2014, 10:51

Өзге  елдің перзенті бола тұра, Қазақстанға еңбек етіп, елімізге жақсылық жасаған тұлғаларға айтарымыз мол.  

Өзге  елдің перзенті бола тұра, Қазақстанға еңбек етіп, елімізге жақсылық жасаған тұлғаларға айтарымыз мол.  Бүгінде республикамызға және одан да тыс жерлерге халық ақындары Али Паша Вейсалоғлы және Қараев Камал, жазушы Шыңғыс Бадалова, әнші-ақын Ахметов Маулет, театр мен кино әртісі Афрасоғлы Микаел, «Қайрат» футбол клубының негізгі құрамының ойыншысы — Алиев Али, медицина ғылымдарының кандидаты, елуден астам ғылыми жұмыстардың авторы — Курдаев Тофик Ашимұлы, профессор, ғалым-химик, шет тілі және іскерлік қызмет институының проректоры — Каримов Алибек Ниязұлы сияқты адамдардың есімдері белгілі.
Сондай азаматтарымыздың бірі түрік ұлтының өкілі - Тұрғыт Озал. Ол 1927 қараша айының он үшінші жұлдызында Малатьеда  дүниеге келген. Түрік мемлекеттік және саяси қайраткер болған. Стамбул қаласында орналасқан техникалық университетте электроэнергетика мамандығы бойынша жоғарғы білім алады. 1952 жылы АҚШ-қа оқуға жіберіліп, онда экономика саласы бойынша білімін шыңдады. 1953 жылы Түркияға оралған соң Электр жүйелері басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарады. 1961 – 1962 жылы әскери борышын Ұлттық қорғаныс министрлігінің ғылым анықтама кеңесінің мүшесі ретінде өтеді. 1962 – 1982 жылы премьер-министр кеңсесіндегі техника мамандар құрылымының мүшесі, премьер-министрдің кеңесшісі, Мемлекеттік жоспарлау мекемесінде кеңесші, Экономика үйлестіру мекемесінің төрағасы, Дүниежүзілік банкте кеңесші, премьер-министрдің экономикалық істерге жауапты көмекшісі болған.
Сексенінші жылдары орын алған төңкеріліске дейін премьер министрдің кеңесші орынбасары қызметін атқарады. 1982 жылы “Анаватан” атты саяси партия құрып, сол жылы өткен парламент сайлауында осы партияның жеңіске ие болуына қол жеткізді. Соның нәтижесінде Түркияның 19-премьер-министрі болып сайланып, ел экономикасына шетел инвестициясын тарту және туризм саласын дамыту бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыра бастады. Ол өз кезегінде ел экономикасының артуына игі ықпалын тигізді. 1987 жылғы сайлауда “Анаватан” партиясы тағы да жеңіске жетіп, Тұрғыт Озал премьер-министр болып қайта сайланды. 1983-89 жылдары премьер-министр, Отан партиясының төрағасы болды. 1989 жылы Түркия парламенті Тұрғыт Озалды президент етіп сайлады. Осылайша ол Түркияның сегізінші президенті болды. Тұрғыт Озал Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаңа құрылған тәуелсіз түркі мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта танылуына өзіндік үлес қосты.
Алматы қаласы әкімінің 22.09.1993 жылғы № 390 шешімі бойынша бүкіл түркі жұртының мақтанышына айналған аса көрнекті мемлекет қайраткері әрі президенті болған Тұрғыт Озалдың есімімен қала көшесі аталынды. Көше Бостандық, Алмалы аудандарында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып, Жандосов көшесіне дейін созылып жатыр. Абай, Райымбек даңғылдары, Төле би, Тілендеиев, Сәтбаев, Мыңбаев, Есенжанов, Шәкәрім, Құлымбетов, Қарасай батыр, Артем, Кавказ көшелерімен қиылысады.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанда Тұрғыт Озал оны алғаш таныған қайраткер болды. Ол 1993 жылы Қазақстанға арнайы сапармен келіп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесін зиярат етті. Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылуына қолдау жасады. Сәуір айының он жетінші жұлдызы 1993 жылы дүниеден озған.
Асиев Шахисмаил Ахметұлы — Қазақстан Республикасы түріктерінің қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Алматыдағы түрік диаспорасының төрағасы. Ол сондай-ақ, біліктілігі мол, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарымен, әртүрлі санаттағы тұрғындармен тез тіл табысатын азамат ретінде белгілі. Кез келген проблеманың шешімін бірден табатын, түрлі жағдайға оңай бейімделеді. Түрік диаспора жастарының өмірлерін белсендендіруге көмектеседі, түріктердің мәдени, спорттық шараларын өткізуге қолдау көрсетеді.  Оның тікелей басшылығымен және Зиядин Исмиханұлының көмегімен қоғам жұмысының тиімділігін арттыру бойынша көптеген істер атқарылды.
Сүлеймен Демирел 1924 жылы қараша айының бірінші жұлдызында Түркия Республикасының Испарта провинциясы, Исламкой кентінде дүниеге келген. Түркияның мемлекет қайраткері, Тұрғыт Озалдан кейінгі елдің тоғызыншы президенті. 1949 жылы Стамбұл техникалық университетін тәмамдап, жоғары білім алған.  1961 жылы “Әділет” партиясына мүше болып саясатқа араласа бастады. 1964 жылы өткен екінші құрылтайдың қорытындысы бойынша Сүлейман Демирелі осы партияның бас төрағалығына сайланып, үкіметте вице-премьер қызметін атқарды. Атқарған елеулі еңбегінің арқасында 1965 жылы 10 қазанда өткен сайлауда “Әділет” партиясы көпшілік дауыс жинап, жеңіске жетті. Сүлеймен Демирел партия жетекшісі ретінде Түркия үкіметін 4 жыл басқарды. Оның басқару жылдарында елдің ішкі және сыртқы экономикасы дамып, әлеуметтік салада, мәдениет пен өнер, спорт салаларында  оңды өзгерістер орын алды. 1969 жылы 10 қазанда ұйымдастырылған кезекті сайлау кезінде “Әділет” партиясы тағы да жеңіске жетіп, ол екінші рет премьер-министр болып сайланды. 1971 – 1980 жылдар аралығында бұл партия тағы да үш мәрте жеңіске қол жеткізіп, үкімет құрды. 
 
Елді экономикалық дағдарыстан шығару жолдарын қарастырып, жаңа өзгерістер мен қайта құру жұмыстарын енгізді. Сүлеймен Демирелдің басқаруымен 1980 жылы “24 қаңтар экономикалық қаулысы” атты жаңа экономикалық саясат пайда болды. Осы жылы қыркүйек айында орын алған әскери төңкерістің нәтижесінде Сүлеймен Демирел бірнеше жылға саяси қызметтен шеттетіледі. 1986 жылы өзіне қойылған тыйымдар мен шектеулерден біржолата құтылу үшін ұлттық науқан ұйымдастырады. 1987 жылдың алтыншы қыркүйегінде бүкілхалықтық дауыстың нәтижесінде толық ақталып шығады. 1987 жылы 24 қыркүйекте “Тура жол” партиясына басшылық жасайды.  1991 жылы 28 қазандағы жалпы сайлауда оның партиясы тағы жеңіске жетіп, Сүлеймен Демирел жетінші рет премьер-министр болып тағайындалады. 1993 жылы 16 мамырда Түркия Конституциясына сәйкес ел Президенті болып сайланды. Жеті жылдан соң өкілеттік мерзімі аяқталып отставкаға кетеді. Үкімет басында жүрген жылдары Сүлеймен Демирел Түркияның дамыған елдер қатарына қосылуына аса зор еңбек етті. 
 
Түркия Мемлекеті Еуропалық кеден одағына енді. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы кезінде Сүлеймен Демирелдің бастамасымен Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының соңғы бас қосуы Стамбұл қаласында өтті. Бұл оқиға дүниежүзілік тарихқа “Стамбұл саммиті” деген атпен енді. Сүлейманның арқасында “Қара теңіз достық аймағы” құрылды. Ол 1975 жылы алғаш рет Еуропа қауіпсіздігі хартиясына қол қоюға қатысты. Сүлеймен Демирел туыстас түркі халықтарының ынтымағы мен іс-қимыл бірлігін жетілдіріп, экономикалық, мәдени байланыстарын нығайтуға зор үлес қосты. 
 
Сүлеймен Демирел 1992 жылдың 29 сәуір мен бірінші мамыр аралығында ресми сапармен Қазақстанда келген. Оңтүстік Қазақстан Қ.А. Иасауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетіне халықаралық қазақ-түрік универсететі мәртебесін беру туралы бірлескен шартқа қол қойды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен қосыла университет қалашығының алғашқы іргетасын қалауға қатысты. 2000 жылы Сүлеймен Демирел қамқорлығымен Алматыда қазақ-түрік университетіті ашылып, оған Сүлеймен Демирел есімі берілді. Бұл жоғарғы оқу орнында шамамен 1800-ге жуық студент білім алып жатыр. 
 
Бөлісу: