Қазақстан халқының құрамдас бөлігіне айналған корейлер бүгінде ел мәдениетін, экономикасын, әлеуетін көтеруге атсалысып жүрген бейбіт халықтар санатында.
Қазақстан халқының құрамдас бөлігіне айналған корейлер бүгінде ел мәдениетін, экономикасын, әлеуетін көтеруге атсалысып жүрген бейбіт халықтар санатында. Қазақ халқының болмыс-бітімімен біте қайнасып, тұрмыс-тіршілігі ортақ бір арнаға тоғысқан корейлердің өзіндік ұлт ретіндегі мәдени құндылықтары біздің елде де қалыптасып келеді. Өзіндік өрнектерімен, ұлттық болмысымен, ұлттық киімдерінің айрықша үлгісімен, барша халықтар дастарханының сүйікті мәзіріне айналған асханасымен ерекшеленетін корей халқының мәдени құндылықтары қазақ елінде де тарғыл жолмен дамып келеді. Жалпы, тарихи отанында корейліктер коре сарам ("Коре елінің адамдары"), чосон сарам ("Чосон елінің адамдары"), хангук сарам ("Хангук елінің адамдары") деп бөлінеді. Қазақстан Республикасында тұратын корейліктер өздерін коре сарам, яғни «Коре елінің адамдары» деп атайды.
1939 жылғы депортация салдарынан Қазақстанға 96453 корей күштеп көшірілген. Жолдан әбден қажып, қалжыраған корей ұлтын қазақтар болмысына сай құшағын айқара ашып, емін-жарқын көңіл күймен қарсы алды. Қаншама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді басынан өткерген қазақ халқы тағдырлас корей халқының жан батпанын тереңінен түсініп, бауырына басты. Сол уақыттан бері корейлерден бірнеше ұрпақ тарады, бүгінде олар осыншама ыстық ықылас пен аса мейірбандылық танытқан қазақ жұртының, қазақ елі мен жеріне адал қызмет етіп жүрген, кез келген салада өзіндік үлесі бар ел азаматтары болып отыр. Олардың ұрпақтары бүгінде Қазақстанды өз Отаны санайды. Саны аз болғанымен (халықтың 1%-нен аз) корейлер ұлт ретіндегі болмыс-бітімін ғана сақтап қалмай, ұлттық-мәдени орталықтар арқылы өздерінің ұлт ретіндегі ерекшеліктерін өз елінен жырақта насихаттап жүрген бірегей ұлттардың санатында.
Жалпы, корей ұлты өзінің тарихи отанында-ақ егін шаруашылығымен айналысқан. Олар көбінесе күріш, арпа, тары, бұршақ дақылдарын, бау-бақша мен көкөніс егеді. Жібек құртын өсіреді. Қыш-құмыра жасау, балташылық, тоқымашылық, тұрмысқа қажетті бұйымдарды қамыстан, сабаннан жасап пайдаланады. Бүгінде Қазақстанда тұратын корей ұлты өзінің еңбексүйгіштігімен, тиянықтылығымен, білімқорлығымен ерекшеленеді.
Қазақстанда тұратын коре сарам корейлерінің ұлттық киімі көбінесе ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақ шалбар, күртеше, халат киеді. Мереке күндері қыз балалар қызыл түсті юбка және ашық қызыл түсті кофта киеді. Балалар киімдері де пішілуі мен тігілуі жағынан үлкендердің киімдерінен көп өзгешелігі болмайды.
Ерте кезде корей шаруалары аяқтарына жуан иірілген жіптен немесе қамыстан тоқылған сандал, ал жауынды күндері өкшесі биік етіліп ағаштан ойылып жасалған аяқ киім киетін болған. Мысалы орыс мұжықтары шіліктен шәркей тоқып кисе, қазақтар мал терісінен жасалған шәркейді пайдаланған. Сол сияқты корейлер былғарыдан тігілген аяқ киімдермен қатар резеңкеден жасалған аяқ киімдерді (оны комус деп атаған) пайдаланған. Бұл аяқ киімдерді олар әлі күнге дейін Қазақстанда болатын түрлі ұлттық іс-шараларда киіп жүр. Ерлердің сабаннан немесе жұқа киізден бас киімі – шляпа бүгінге дейін өзінің ұлттық мән-мағынасын жойған жоқ. Оларды көбінесе жастар жағы киюге әуес келеді.
Корейлердің садақ тарту жарысы, белбеу тақпай күресу, матадан жасалған белбеу тағып күресу секілді ұлттық ойындары мен спорт жарыстары мереке қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Жалпы, кәрістердің осы тұстағы дәстүрлі ұлттық ойындары қазақ халқының төл ойындарына ұқсас келеді.
Қазіргі кезде жоғарыда аталған ойындарға қоса спорттың жеңіл атлетика, футбол, волейбол, шаңғы, коньки тебу түрлері қосылған.
Корейдің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері, ертегі-аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған. Кең тараған музыкалық аспабына комунго, паягым, флейта, барабан жатады. Корей тілі – Азияның ежелгі тілдеріне жататын оқшауланған тіл. Кореяның Қытаймен көршілес орналасқандықтан осы елмен байланыс жасайтын болған, өз жазулары болмағандықтан корейліктер мың жылдан аса уақыт қытай иероглифтерін пайдаланған. Қазіргі корей тілінің негізін салушы Джу Си Гень (1876-1914 жж.) болып табылады. Ол өзінің қысқа өмірін корей ұлттық тілінің бекітілуіне арнаған болатын. Корей тілінің бірегей фонетикасы, түсінікті грамматикасы мен бай лексикасы бар. Корей жазуы әріптік-буындық және солдан оңға қарай жазылады. Әліпбиі 14 дауыссыз, 10 дауысты әріптерден тұрады. Корей ұлтының дәстүрлі қолөнеріне – қыш өндіру, лак бұйымдары, сабаннан тоқу және т.б жатады.
Қазақстанның ауылдық жерінде тұратын корейліктердің тұрғын үйі дәстүрлі және орта азиялық құрылыс элементтерінің жиынтығын көрсетеді. Үйлері көбінесе саз балшықты қабырғалардан немесе саман кірпішінен жасалған қабырғалардан тұрғызылады. Қазақстанға келгенге дейін бұндай үй құрылыстары болған жоқ, себебі, корейлердің дәстүрлі тұрғын үйлері, қаңқа бағаналы құрылыстар жатады. Корейлердің дәстүрлі жылыту жүйесі кудур немесе ондаль ұлттың өзіне тән ерекшеліктерімен белгілі болды. Оның мәні от жағатын жерден құбырларға өтетін түтін шығару жүйесінде болды.
Корейлердің ұлт болып қалыптасқанға дейінгі бастапқы атауы – чосен-саран. Корей тілі кейінгі уақытқа дейін оқшауланған тіл болып келді, яғни ешқандай лингвистикалық топқа енбеген. Оның шығуы туралы түрлі жорамал бар.
1939 жылғы депортация салдарынан Қазақстанға 96453 корей күштеп көшірілген. Жолдан әбден қажып, қалжыраған корей ұлтын қазақтар болмысына сай құшағын айқара ашып, емін-жарқын көңіл күймен қарсы алды. Қаншама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді басынан өткерген қазақ халқы тағдырлас корей халқының жан батпанын тереңінен түсініп, бауырына басты. Сол уақыттан бері корейлерден бірнеше ұрпақ тарады, бүгінде олар осыншама ыстық ықылас пен аса мейірбандылық танытқан қазақ жұртының, қазақ елі мен жеріне адал қызмет етіп жүрген, кез келген салада өзіндік үлесі бар ел азаматтары болып отыр. Олардың ұрпақтары бүгінде Қазақстанды өз Отаны санайды. Өздерінің саны аз бола тұра (халықтың 1%-нен аз) корейлер ұлт ретінде ғана сақталып қалмай, ұлттық-мәдени орталықтар арқылы өздерінің бар екендігін көрсеткеніне тарихшылар әлі баға берері анық. 1990 жылы Алматы қаласында Қазақстан корейлерінің құрылтай съезі өтті, онда корей мәдени орталықтарының Республикалық қауымдастығы құрылды. Кейіннен ол Корей мәдени орталықтарының Қауымдастығы деп өзгертілді. Қауымдастықты Юрий Андреевич Цхай басқарды. Барлық облыстарда дерлік ана тілін үйрену бойынша топтар, көркемөнерпаздар ұжымы құрылған. Алматы қаласындағы Корей Республикасының білім беру Министрлігінің білім беру мекемесі Білім беру Орталығы ашылған алғашқы күндерінен бастап мәдени орталықтарға зор көмек көрсетуде. Қауымдастық корей өнері фестивальдарын өткізіп отырады, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында тілді жетік білу бойынша республикалық сайыстар ұйымдастырылып тұрады. Сайыстың жеңімпаздары Халықаралық сайысқа қатысу үшін Тэджон қаласына жіберіледі. Корей тілінің оқытушылары Корея Республикасының жоғары оқу орындарында машықтанудан өтіп тұрады. Қазақстанның республикалық радиохабарларында 20 жылдан астам уақыттан бері корей тілінде хабарлар шығып тұрады. «Коре ильбо» республикалық газеті шығарылады. Халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықтар кең өріс алуда, негізінен – Корея Республикасының радио және теледидар Корпорациясымен. Қазақстан корейлерінің Қауымдастығы ұлттық мәдениетті қайта өрлету мен дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға, этносаралық келісімді сақтауға ұмтылады. Маңызды міндеттерінің бірі –халықаралық мәдени және экономикалық байланыстарды орнату және дамыту. Ұрпақтар сабақтастығына, жастар қозғалысын дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Қазір Қазақстанда 99665 корей бар, оның 14097-і Қарағанды облысында. Қарағанды облысында корейлердің көп шоғыры орналасқандықтан, ол жерде Қарағанды облыстық корей мәдени орталығы ашылған. Ол 1989 жылдың қыркүйегінде құрылған. Қоғамдық ұйымның негізгі міндеті – корей мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін одан әрі дамытып, жаңғырту, қоғамның демократиялық жаңаруына диаспораның белсенділігін көтеруге көмек беру. Орталықтың басты жетістігі оның жоғары беделі, жинақталған тәжірибе, ұрпақтар жалғастығын бекітетін, үлкендерге, ана тілі мен мәдениетіне құрмет көрсетуге тәрбиелейтін дәстүрлер. Орталықтың бірден-бір ұжымы немесе құрылымы он бес жылдың ішінде өз қызметін тоқтатқан емес. Орталықтың негізгі қазынасы адамдар, оның активін уақыт сынынан өткен адамдар құрайды. Соның заңды жалғасы ретінде 2003 жылы "Мугунхва" фольклорлық ансамблі "халықтық" атағын алды. Филиалдың қасында, сондай-ақ Қарағандының үш мектебі мен екі жоғары оқу орнында Қазақстан корейлері қауымдастығының Қарағанды филиалының көмегімен корей тілін оқыту іске асырылады. Осы мақсат үшін Корей Республикасы елшілігі жанындағы ағарту орталығынан оқыған филиал активтерінен төрт оқытушы даярланды. Сабақ беруге Корей Республикасынан келген еріктілер тартылды. Филиалдың жанынан ардагерлер хоры, "Киппым" би тобы құрылып, жұмыс жасайды. Көркем өнерпаздар ұжымдарының мүшелері қалалық, облыстық, республикалық ұлттық мәдени фестивальдарға үнемі қатысады. Филиал түрлі шараларды тұрақты өткізеді, оның көбі дәстүрге айналды. Солардың ішінде ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлау, қыздар мен ұлдардың мерекесі ерекше орын алады. Поэзиялық атау алған "Өмірдің күзі" мерекесі қариялар күніне арналған. Филиалдың жұмысы орталықтың құрылымын одан әрі жетілдіруге арналған. Қазақстан Республикасы үкіметінің іс-әрекет бағдарламасына сәйкес басым бағыттар анықталған. Мысалы, филиалда "Кемеңгерлер алқасының" басшылығымен аға ұрпақпен жұмыс жүргізіледі. Жастарды тәрбиелеу Қазақстан корейлері республикалық қауымдастығы мен Қазақстан корейлері жастар қозғалысының бағдарламасы арқылы іске асырылады. Оқушылар арасындағы "Жеткіншек көшбасшы" республикалық іріктеу турына жыл сайын Қарағанды тұратын корей ұлтының өкілдері арасынан 100 оқушы қатысады. Корея республикасы елшілігінің "КАХАК" НТО мен Қарағанды филиалының көмегімен ҚКҚ-ның атаулы стипендиясын алу үшін студенттік конкурс өткізіліп келеді. Онда КарМУ, КарМТУ мен "Лингва" тіл мен аударма институтының студенттері жеңімпаз атанды. Қарағанды филиалы республикада бірінші болып шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің слетін өткізіп, экономикалық кеңес құрып, Қазақстан корейлері қауымдастығына ҚКҚ-ның қасынан экономикалық кеңес құру ұсынысымен шықты. Корейлер, бастапқы атауы – чосен-саран. Корей тілі кейінгі уақытқа дейін оқшауланған тіл болып келді, яғни ешқандай лингвистикалық топқа енбеген. Оның шығуы жайында түрлі жорамалдар бар. Қазақстанда (100 мыңдай) корейлер бар.
Қазақстанға корейлер 1939-40 жылдары Қиыр Шығыстағы толқу кезінде Қиыр Шығыстан жер аударылып келген. Олардың көпшілігі Қызылорда облысы мен бұрынғы Талдықорған облысының Қаратал, Көксу аудандарына орналасқан. Республикада корейлердің музыкалық комедия театры жұмыс істейді. Корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады.