ЭКСПО-2017: Парижде Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152-сессиясы басталды

22 Қараша 2012, 16:57

Парижде Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы басталды, деп хабарлайды Парижден BNews.kz тілшісі. Сессия қорытындысына сай, ЭКСПО-2017 көрмесінің қай елде өтетіні анықталады. Астана (Қазақстан) және Льеж (Бельгия) қалалары өз кандидатураларын ұсынып отыр. 161 ел Астана уақытымен сағат 22.00-ден кейін жабық мекеме ішінде жасырын түрде дауыс береді. Астана «Болашақ энергиясы» атты тақырыпты алға тартып отыр және әлемдік қауымдастықтың көптеген өкілдері Қазақстан елордасының көп мүмкіндікке ие екенін айтуда. Естеріңізде болса, 2017 жылы EXPO Дүниежүзілік көрмесін өткізуге үміттеніп отырған Астананың кандитурасын қолдау үшін түсірілген «Astana Expo 2017. Great Expectation of Kazakhstan» атты Қазақстан фильмі қазан айында Каннада өткен халықаралық фестивалде марапатқа ие болған. Бұл да Астанаға халықаралық көрмені өткізу құқығына ие болу үшін үлкен мүмкіндік береді. Еске сала кетсек, ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласуда. Бельгия «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырыпты ұсынды. Ал Астана энергияның балама көзіне және «жасыл» технологияға арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды. Қазіргі уақытта 47 ел Қазақстанды қолдайтынын жазбаша растады және тағы 35 ел ауызша растады. 2011 жылдың маусым айында Париждегі Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы СІМ-нің жауапты хатшысы, ҚР-дағы ЕХРО жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев қазақстандық үкіметтің атынан ХКБ-ның бас хатшысы Висенте Лоссерталеске 2017 жылы Астанада ЕХРО Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған өтінімді ұсынды. 2011 жылдың қарашасында-ақ ХКБ Бас Ассамблеясының 150-ші сессиясында Қазақстан делегациясы ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Астана таныстырды. Көрме 2017 жылдың жаз маусымында үш ай бойы өткізіледі. Оған 50 млн-ға дейін адамдар қатысады деп күтілуде.

Парижде Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы басталды, деп хабарлайды Парижден BNews.kz тілшісі.

Сессия қорытындысына сай, ЭКСПО-2017 көрмесінің қай елде өтетіні анықталады. Астана (Қазақстан) және Льеж (Бельгия) қалалары өз кандидатураларын ұсынып отыр.

161 ел Астана уақытымен сағат 22.00-ден кейін жабық мекеме ішінде жасырын түрде дауыс береді. Астана «Болашақ энергиясы» атты тақырыпты алға тартып отыр және әлемдік қауымдастықтың көптеген өкілдері Қазақстан елордасының көп мүмкіндікке ие екенін айтуда.

Естеріңізде болса, 2017 жылы EXPO Дүниежүзілік көрмесін өткізуге үміттеніп отырған Астананың кандитурасын қолдау үшін түсірілген «Astana Expo 2017. Great Expectation of Kazakhstan» атты Қазақстан фильмі қазан айында Каннада өткен халықаралық фестивалде марапатқа ие болған. Бұл да Астанаға халықаралық көрмені өткізу құқығына ие болу үшін үлкен мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласуда. Бельгия «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырыпты ұсынды. Ал Астана энергияның балама көзіне және «жасыл» технологияға арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды. Қазіргі уақытта 47 ел Қазақстанды қолдайтынын жазбаша растады және тағы 35 ел ауызша растады.

2011 жылдың маусым айында Париждегі Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы СІМ-нің жауапты хатшысы, ҚР-дағы ЕХРО жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев қазақстандық үкіметтің атынан ХКБ-ның бас хатшысы Висенте Лоссерталеске 2017 жылы Астанада ЕХРО Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған өтінімді ұсынды. 2011 жылдың қарашасында-ақ ХКБ Бас Ассамблеясының 150-ші сессиясында Қазақстан делегациясы ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Астана таныстырды.

Көрме 2017 жылдың жаз маусымында үш ай бойы өткізіледі. Оған 50 млн-ға дейін адамдар қатысады деп күтілуде.

Бөлісу: