«Филия» грек қоғамдарының қауымдастығы

1 Наурыз 2014, 10:56

1993 жылы «Филия» Қазақстандағы грек қоғамдарының Қауымдастығы құрылды.

1993 жылы «Филия» Қазақстандағы грек қоғамдарының Қауымдастығы құрылды. Оның президенті – Павел Иванович Феодориди, шетелдегі, Азия мен Африка аймағындағы гректердің үйлестіру Кеңесінің мүшесі.
 
Қазіргі кезде Қазақстан мен Қырғызстандағы тіркелген 17 қоғам Қауымдастықтың мүшелері болып табылады. 
 
«Филия» орталығы жанынан «Афродита» би ансамблі мен хор ұйымдастырылған. Қауымдастықтың қолдауымен би және көркемөнер ансамбльдері құрылды: Панфиловта – «Македония», Кентау қаласында – «Селини» және тағы басқалар.
 
Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының көмегімен жексенбілік мектеп ашылды. Мектептің бағдарламасына халықтың тілін, мәдениетін, тарихын, дәстүрін зерттеу кіреді.
 
Қауымдастық өзінің қызметі барысында Греция Сыртқы істер министрлігінің шетелдік гректер бойынша Бас хатшылығымен байланыс орнатты және олармен бірге отырып оқытушыларды дайындау бойынша бағдарлама жасады.
 
Алдағы уақытта жоспарда – Алматы қаласында Грек Үйін ашу, курстар ұйымдастыру.
 
Қауымдастық ТМД елдеріндегі диаспорамен байланыстарды дамытып келеді, балалардың, зейнеткерлердің демалысын ұйымдастыру бойынша, студент жастар арасындағы алмасулар бойынша біріккен бағдарламаларды жасайды. Қазақстан аймақтарында жаңа ұлттық-мәдени орталықтарды ашу жоспарланып отыр. Ұйымның басымдықтары – ұлттық мәдениетті қайта өрлету, тілді дамыту, сондай-ақ басқа ұлт өкілдеріне тілін үйретуге, ұлттық салты мен дәстүрін, тарихын, Греция мен Кипрдің географиясын оқытуға септігін тигізу. 
 
Ұлттық киімдері: әйелдер қынама белі ұзын көйлек, алжапқыш, сарафан киеді. Бастарына жаулық тартады. Беліне кестелеген асыл тастармен өрнектелген  белбеу тағады. Ерлері қысқа кең ақ белдемшемен оқаланған келте кеудеше киеді. 
 
 
Бөлісу: