Қазақ тілін үйрететін қалам жасалды

19 Қараша 2012, 06:46

Ақтөбе қаласында қазақша сөйлейтін «Зерек» қалам сатылымға шықты. 2-7 жас аралығындағы жас бүлдіршіндерге қазақша әріптер мен сандарды үйретуге арналған бұл қаламның бағасын өнертапқыштар 15 мың теңгеге бағалап отыр. Бұл ғажайып қаламның авторлары – Абзал Қадырбаев және Бауыржан Сейтенов деген өнертапқыштар. Бір қызығы олардың алғашқысының мамандығы хирург болса, екіншісі қарапайым мұғалім болып табылады. Өнертапқыштардың сипаттауы бойынша, өздері «Зерек» деп атаған қаламды ішіне жасырылған шағын компьютер басқарады екен. «Зерек» қаламы құрамына қазақ әліпбиі жазылған қатырма қағаз, МРЗ форматты ойнатқыш пен үш кітапша енетін кешенді жоба болып табылады. Қаламның ұшына орнатылған лазер кітапшалардағы ақпаратты «Зеректің» орталық процессорына жеткізеді. Ал ол  өз кезегінде барлық мәліметтер базасы жинақталған жады картасына сұраныс жасайды. Былайша айтқанда, «Зеректі» сөйлетіп тұрған оның жады картасына (сыйымдылығы 2 ГБ)  орнатылған аудиофайлдар қоры болып табылады. Сонымен бірге, қадамның жадына дербес компьютер арқылы басқа да МРЗ форматты аудиоматериалдарды (ертегілер, музыка және т.б.) жүктеп, ойнатушының (плеер) көмегімен тыңдауға болады. Кәдімгі қалта телефоны мен тұрмыстық техника секілді электр желісінен қуат алатын «Зерек» қаламының қуаты екі-үш сағатқа жетеді. Жоба идеясын іске асыруға авторлар бір жыл уақыттарын жұмсап, педагог мамандар мен психологтардың кеңестеріне жүгінген. Тіпті, ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы рұқсатын да рәсімдеп үлгерген олар өздерінің авторлық құқықтарының да заңмен толық қорғалғандығын айтып жеткізді. АҚШ пен Еуропа Одағы стандарттарының барлық талаптары ескеріле отырып жасалған жоба халықаралық сертификаттаудан өткен. Дереккөзі: nur.kz қазақстандық порталы

Ақтөбе қаласында қазақша сөйлейтін «Зерек» қалам сатылымға шықты.

2-7 жас аралығындағы жас бүлдіршіндерге қазақша әріптер мен сандарды үйретуге арналған бұл қаламның бағасын өнертапқыштар 15 мың теңгеге бағалап отыр.

Бұл ғажайып қаламның авторлары – Абзал Қадырбаев және Бауыржан Сейтенов деген өнертапқыштар. Бір қызығы олардың алғашқысының мамандығы хирург болса, екіншісі қарапайым мұғалім болып табылады.

Өнертапқыштардың сипаттауы бойынша, өздері «Зерек» деп атаған қаламды ішіне жасырылған шағын компьютер басқарады екен. «Зерек» қаламы құрамына қазақ әліпбиі жазылған қатырма қағаз, МРЗ форматты ойнатқыш пен үш кітапша енетін кешенді жоба болып табылады.

Қаламның ұшына орнатылған лазер кітапшалардағы ақпаратты «Зеректің» орталық процессорына жеткізеді. Ал ол  өз кезегінде барлық мәліметтер базасы жинақталған жады картасына сұраныс жасайды. Былайша айтқанда, «Зеректі» сөйлетіп тұрған оның жады картасына (сыйымдылығы 2 ГБ)  орнатылған аудиофайлдар қоры болып табылады. Сонымен бірге, қадамның жадына дербес компьютер арқылы басқа да МРЗ форматты аудиоматериалдарды (ертегілер, музыка және т.б.) жүктеп, ойнатушының (плеер) көмегімен тыңдауға болады.

Кәдімгі қалта телефоны мен тұрмыстық техника секілді электр желісінен қуат алатын «Зерек» қаламының қуаты екі-үш сағатқа жетеді.

Жоба идеясын іске асыруға авторлар бір жыл уақыттарын жұмсап, педагог мамандар мен психологтардың кеңестеріне жүгінген. Тіпті, ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы рұқсатын да рәсімдеп үлгерген олар өздерінің авторлық құқықтарының да заңмен толық қорғалғандығын айтып жеткізді. АҚШ пен Еуропа Одағы стандарттарының барлық талаптары ескеріле отырып жасалған жоба халықаралық сертификаттаудан өткен.

Дереккөзі: nur.kz қазақстандық порталы

Бөлісу: