Атақты Стефани Майердің «Сумерки» сагасының экранға шыққан соңғы қорытынды бөлімі алғашқы күндері-ақ 341 миллион доллар табыс тапты.
Билл Кондонның ресми түрде «Таңсәрі: 2-бөлім» деп аталған фильмінің тұсаукесері 15 қарашада өткен болатын. Осы күні кинотаспа 30,4 миллион доллар жинаса, демалыс күндері АҚШ және Канада елдеріндегі көрсетілім барысында 141 миллион доллар қаржыны қанжығасына басты, деп хабарлайды Reuters.
Жалпы фильмнің бюджеті 120 миллион долларды құрағанын ескерсек, көрсетілімнен түскен қаражат оның шығындарын өтеп қана қоймай, үлкен табысқа кенеліп отыр.
BoxOfficeMojo сайты кинотуындының 17-18 қараша аралығында Солтүстік Америка елдерінің көрсеткіштері бойынша бірінші орынға шыққанын хабарлайды. Өткен аптада көшбасында болған «007: 'Скайфолл' координаттары» фильмі Канада мен АҚШ елдеріндегі көрсетілімде алғашқы аптада 87,8 миллион доллар жинаса, бұл аптада 41,5 миллион долларды қанағат тұтып, екінші орынға ығысты.
Ресми деректерге сүйенсек, кинотуындылардың табысы рейтингінде үшінші орынды 22,4 миллион доллар табыспен Америка президентінің өмірбаянын суреттейтін «Линкольн» фильмі иеленеді.
Қансорғыштар туралы саганың алғашқы бөлімі 2008 жарыққа шыққан болатын. Содан бері атағы кеңге жайылған фильм осы төрт жыл ішінде жалпы 2,5 миллиард доллар табыс тапты.
Дереккөзі: Lenta.Ru