Жас отандықтар «Жастар-Отанға!» стратегиясының жобасын талқылады

15 Қараша 2012, 09:25

«Жас Отан» Жастар Қанаты ІІ Съезінің делегаттары «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бахытжан Сағынтаевтың қатысуымен өздерінің 2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» стратегиясының жобасын талқылады, деп хабарлады BNews.kz. «Ертең екінші съезде 2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» стратегиясы қабылданатын болады. Негізгі жаңалығы оның елдің барлық жастарына арналған әмбебап саяси құжат болып табылатындығында болып табылады», - деп атап өтті Сағынтаев. Ол сондай-ақ бұл оқиғаның Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күнін жалпыұлттық мерекелеу қарсаңында болатындығына баса назар аударды. «Бүкіл елдегі жастар қозғалысының қуатты ядросы ретінде «Жас Отан» жастар қанатын құру бастамасын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көтерген болатын», - деді Сағынтаев. Cтратегияның негізгі бағыттары мен басымдықтары мемлекеттің негізгі құжаттары 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасымен үйлестірілген. «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарымен болған кездесу барысында жастардың белсенділігін арттыру, Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құрудағы жастардың атқаратын рөлі туралы мәселелер көтерілді.

«Жас Отан» Жастар Қанаты ІІ Съезінің делегаттары «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бахытжан Сағынтаевтың қатысуымен өздерінің 2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» стратегиясының жобасын талқылады, деп хабарлады BNews.kz.

«Ертең екінші съезде 2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» стратегиясы қабылданатын болады. Негізгі жаңалығы оның елдің барлық жастарына арналған әмбебап саяси құжат болып табылатындығында болып табылады», - деп атап өтті Сағынтаев.

Ол сондай-ақ бұл оқиғаның Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күнін жалпыұлттық мерекелеу қарсаңында болатындығына баса назар аударды.

«Бүкіл елдегі жастар қозғалысының қуатты ядросы ретінде «Жас Отан» жастар қанатын құру бастамасын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көтерген болатын», - деді Сағынтаев.

Cтратегияның негізгі бағыттары мен басымдықтары мемлекеттің негізгі құжаттары 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасымен үйлестірілген.

«НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарымен болған кездесу барысында жастардың белсенділігін арттыру, Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құрудағы жастардың атқаратын рөлі туралы мәселелер көтерілді.

Бөлісу: