Астанада «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флеш-моб ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Аталмыш флеш-моб таяу уақытта өтетін Съезді қолдау мақсатындағы промо-акция болып табылады. Мұнда «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасын қолдау үшін Астана қаласының барлық жоғары оқу орындарының студенттері жиналды», - деді «Жас Отан» ЖҚ мүшелерінің бірі, «RadioMax» радиожүргізушісі және бүгінгі шараның жүргізушісі Ғалым Исмағұлов.
Флеш-мобтың негізгі бағыты – қызығушылықтар бойынша студенттер және аула клубтарын құру арқылы жастардың арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, қалалардағы спорттық алаңдар мен велосипед жолдарының санын арттыру. Шараға астананың белсенді жастары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері қатысты.
«Біз аталмыш флеш-мобты «Жас Отан» Жастар қанатының ІІ Съезі қарсаңында мақсатты түрде жоспарладық, ол 2 күннен кейін өткізіледі. Бүгінгі шара Съезд шеңберінде өткізілді, себебі 16-шы қарашада ұсынылатын Стратегияның негізгі тармағы жастардық арасында салауатты өмір салтын ұйымдастыру болып табылады, осыған байланысты біз осы шараны ұйымдастыруды шештік», - дейді «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Салтанат Әли.