Ақмола облысы Абылай ханның 300-жылдығын жаппай тойлауға әзірленуде

13 Қараша 2012, 11:48

Абылай ханның 300-жылдығын тойлау жалпы бұқаралық сипат алуға тиіс екендігін аппарат кеңесі барысында облыс әкімі Қайрат Қожамжаров атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz. «Бұл оқиғаның ауқымы өңірлік деңгейдегі шаралар аясына сыймақ емес. Абылай ханның 300-жылдығы Ақмола облысының ғана емес, барша Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға болуы тиіс», - деді Қ. Қожамжаров. Облыс әкімі мұндай деңгейдегі міндеттерді тек бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асыру мүмкін еместігіне, сондықтан бизнестің мәдениет алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды екендігіне баса назар аударды. «Бұл бүгіннің өзінде біз жоспарларымызға бизнес-құрылымдарды белсенді қатыстыру туралы ойлануымыз қажет екендігін білдіреді», - деп атап айтты ол.  Келесі жылы аймақта Абылай ханның 300-жылдығы атап өтілетіндігі белгілі. Қазіргі уақытта облыста негізгі мерейтойлық шараларды өткізу жоспары әзірленді, оларды іске асыруға шамамен 365 млн теңге қажет, оның ішінде 20 млн теңгеден астамы облыстық бюджеттен бөлінетін болады. «Жоспар аймақтық фестивальдер, гала-концерттер, көрмелер өткізуді, энциклопедиялар шығаруды және т.б. қамтиды», - делінген хабарламада.

Абылай ханның 300-жылдығын тойлау жалпы бұқаралық сипат алуға тиіс екендігін аппарат кеңесі барысында облыс әкімі Қайрат Қожамжаров атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бұл оқиғаның ауқымы өңірлік деңгейдегі шаралар аясына сыймақ емес. Абылай ханның 300-жылдығы Ақмола облысының ғана емес, барша Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға болуы тиіс», - деді Қ. Қожамжаров. Облыс әкімі мұндай деңгейдегі міндеттерді тек бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асыру мүмкін еместігіне, сондықтан бизнестің мәдениет алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды екендігіне баса назар аударды. «Бұл бүгіннің өзінде біз жоспарларымызға бизнес-құрылымдарды белсенді қатыстыру туралы ойлануымыз қажет екендігін білдіреді», - деп атап айтты ол. 

Келесі жылы аймақта Абылай ханның 300-жылдығы атап өтілетіндігі белгілі. Қазіргі уақытта облыста негізгі мерейтойлық шараларды өткізу жоспары әзірленді, оларды іске асыруға шамамен 365 млн теңге қажет, оның ішінде 20 млн теңгеден астамы облыстық бюджеттен бөлінетін болады.

«Жоспар аймақтық фестивальдер, гала-концерттер, көрмелер өткізуді, энциклопедиялар шығаруды және т.б. қамтиды», - делінген хабарламада.
Бөлісу: