Алматы қаласының Мәдениет басқармасы 2013 жылға мәдениет пен өнер саласындағы жобаларды қолдау конкурсын өткізуде, деп хабарлайды BNews.kz.
Қала тұрғындарын Алматының мәдени өміріне қатыстыруға, балалар шығармашылығын дамытуға, қала тұрғындарының арасында қазіргі қазақстандық өнерді түсіндіріп таратуға, жеке меншік және мемлекеттік мәдени ұйымдар арасында әріптестік қатынастарды қалыптастыруға себептесетін жобаларға қолдау көрсетіледі.
Бастамалық жобалар мынадай бағыттарда қабылдануда: мұражай ісін дамытуға, әдебиет пен кітапхана ісін дамытуға бағытталған балалар мен жасөспірімдерге арналған ағартушылық шығармашылық ұсыныстар. Конкурс аясында театрлық, музыкалық, би өнерінің жобалары қамтылды. Мұнымен бірге, Алматының билік өкілдері бейнелеу өнерін, дизайнды, сәндік-қолданбалы өнер мен кинематографияны дамыту жобаларына да көңіл бөлуге уәде етті.
Конкурс жеңімпаздары өз жобасын жүзеге асыру кезінде әкімшілік және қаржылай қолдауға ие болады.