Тарих

9 Қараша 2012, 04:22

Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Тарих – 1) табиғат пен қоғамның уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы; 2) адамзат қоғамының өткенін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы. Қоғам Т-ы Жер, табиғат Т-ының бір бөлігі және жалғасы болып табылады. Қоғам Т-ы жерде адамның пайда болуына байланысты туды, сондықтан ол – адамзат Т-ы болып саналады. Қоғам Т-ы адамзаттың пайда болуынан бастап бүгінгі таңға дейінгі кезеңде бастан кешкен оқиғаларының, өркениеттердің, жекелеген адамдар мен ұжымдардың атқарған іс-әрекетінің жиынтығы болып табылады. Т-ты жасаушы – халық. Дегенмен, қоғам дамуының белгілі бір сәттерінде жеке тұлғалар халық бұқарасының белсенділігіне ықпал етіп, Т-та елеулі із қалдырады. Сондай-ақ қоғам Т-ы – халықтың зердесі. Ол болып өткен және түзетуге жатпайтын өткен уақыт ретінде бүкіл қайшылықтармен, қаїармандық және қайғылы беттерімен қоса, қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан тірлігімен, тұтас күйінде қабылданады. Барлық қоғамдық ғылымдар қоғамдық құбылыстар мен процестерді тану әдісі жөнінен тарихи болып табылады. Өйткені қоғамдық ғылымдар қоғам Т-ының түрлі қырлары мен астарларын зерттеп, оны танып-білуге өз септігін тигізеді. Қоғамдық ғалымдардың ішінде Т. алдына қойған мақсатымен және зерттеу тәсілімен ерекшеленеді. Түрлі оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы деректер жинау – Т. білімінің бір қыры. Бір-бірімен тығыз байланысты жинақталған және зерттеген деректерді түсіну, теор. тұрғыдан қорытындылау – Т. ғылымының екінші қыры. Т. ғылымы өзіндік ұзақ даму жолынан өтті (қ. Тарихнама). Қоғамның өткен дәуірінен зерттеу процесінде басқа ғылымдар сияқты Т. ғылымында да жеке бөлімдерге мамандану жүйеленді. Оның бірінші тобы – жалпы тарих, алғашқы қауымдық қоғам, ежелгі дәуір, орта ғасырлар, жаңа заман кезеңдеріне бөлінеді; екінші аралас тобына – жеке ғылымдардың (жаратылыстану, техника, мәдениет, экономика, әскери өнер, әдебиет, философия, т.б.) Т-ы жатады. Жалпы тарих жекелеген елдердің, халықтардың және аймақтардың да Т-ы болып бөлінеді (мыс., Азия және Африка елдерінің Т-ы, Таяу Шығыс елдерінің Т-ы, Орт. Азия Т-ы, түркі халықтары Т-ы, Латын Америкасы Т-ы, Қиыр Шығыс Т-ы, Батыс және Оңт. славяндар Т-ы, т.б.). Әрбір елдің, халықтың Т-ы өздері үшін Отан Т-ы болып саналады. Т. ғылымы археология, этнология, деректану, тарихнама, археография, тарихи демография, тарихи география, т.б. көптеген салаларға бөлінеді. Мұндай салаларға бөліну Т. ғылымының дамуымен тығыз байланысты. Т. ғылымының дамуына өзге ғылым салаларымен түйісуі айқын аңғарылады. Мұндай түйісулер тек қоғамдық ғылымдармен ғана емес, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарымен де жүреді. Бұл өз кезегінде ғылымдар тоғысындағы қоғам тарихының мәселелерін шешуге өз септігін тигізеді. Белгілі бір аймақтар мен халықтарды зерттейтін қоғамдық ғылымдар жүйесінде де Т. ғылымы маңызды рөл атқарады (мыс. түркология, синология, славянтану, шығыстану, т.б.). Қоғамдағы өзгерістер белгілі дәрежеде Т. ғылымына да ықпал етеді. Бұл көп жағдайда Т. ғылымының методологиясынан, ұстанымынан аңғарылады. Мәселен, кеңестік дәуірдегі Т. ғылымында маркстік-лениндік методология үстемдік етіп, қоғамдық өмір тап күресі ұғымымен байланыстырыла қарастырылды. Соның нәтижесінде кеңестік Т. ғылымында объективтілік сақталмай, бірқатар құбылыстар мен оқиғалар бұрмалана түсіндірілді. Сөйтіп, Т. ғылымы кеңестік идеологияның қолшоқпарына айналды. Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан тарихы ғылымы идеология шырмауынан арылды. С. Рүстемов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Тарих – 1) табиғат пен қоғамның уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы; 2) адамзат қоғамының өткенін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы. Қоғам Т-ы Жер, табиғат Т-ының бір бөлігі және жалғасы болып табылады. Қоғам Т-ы жерде адамның пайда болуына байланысты туды, сондықтан ол – адамзат Т-ы болып саналады. Қоғам Т-ы адамзаттың пайда болуынан бастап бүгінгі таңға дейінгі кезеңде бастан кешкен оқиғаларының, өркениеттердің, жекелеген адамдар мен ұжымдардың атқарған іс-әрекетінің жиынтығы болып табылады. Т-ты жасаушы – халық. Дегенмен, қоғам дамуының белгілі бір сәттерінде жеке тұлғалар халық бұқарасының белсенділігіне ықпал етіп, Т-та елеулі із қалдырады. Сондай-ақ қоғам Т-ы – халықтың зердесі. Ол болып өткен және түзетуге жатпайтын өткен уақыт ретінде бүкіл қайшылықтармен, қаїармандық және қайғылы беттерімен қоса, қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан тірлігімен, тұтас күйінде қабылданады. Барлық қоғамдық ғылымдар қоғамдық құбылыстар мен процестерді тану әдісі жөнінен тарихи болып табылады. Өйткені қоғамдық ғылымдар қоғам Т-ының түрлі қырлары мен астарларын зерттеп, оны танып-білуге өз септігін тигізеді. Қоғамдық ғалымдардың ішінде Т. алдына қойған мақсатымен және зерттеу тәсілімен ерекшеленеді. Түрлі оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы деректер жинау – Т. білімінің бір қыры. Бір-бірімен тығыз байланысты жинақталған және зерттеген деректерді түсіну, теор. тұрғыдан қорытындылау – Т. ғылымының екінші қыры. Т. ғылымы өзіндік ұзақ даму жолынан өтті (қ. Тарихнама). Қоғамның өткен дәуірінен зерттеу процесінде басқа ғылымдар сияқты Т. ғылымында да жеке бөлімдерге мамандану жүйеленді. Оның бірінші тобы – жалпы тарих, алғашқы қауымдық қоғам, ежелгі дәуір, орта ғасырлар, жаңа заман кезеңдеріне бөлінеді; екінші аралас тобына – жеке ғылымдардың (жаратылыстану, техника, мәдениет, экономика, әскери өнер, әдебиет, философия, т.б.) Т-ы жатады. Жалпы тарих жекелеген елдердің, халықтардың және аймақтардың да Т-ы болып бөлінеді (мыс., Азия және Африка елдерінің Т-ы, Таяу Шығыс елдерінің Т-ы, Орт. Азия Т-ы, түркі халықтары Т-ы, Латын Америкасы Т-ы, Қиыр Шығыс Т-ы, Батыс және Оңт. славяндар Т-ы, т.б.). Әрбір елдің, халықтың Т-ы өздері үшін Отан Т-ы болып саналады. Т. ғылымы археология, этнология, деректану, тарихнама, археография, тарихи демография, тарихи география, т.б. көптеген салаларға бөлінеді. Мұндай салаларға бөліну Т. ғылымының дамуымен тығыз байланысты. Т. ғылымының дамуына өзге ғылым салаларымен түйісуі айқын аңғарылады. Мұндай түйісулер тек қоғамдық ғылымдармен ғана емес, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарымен де жүреді. Бұл өз кезегінде ғылымдар тоғысындағы қоғам тарихының мәселелерін шешуге өз септігін тигізеді. Белгілі бір аймақтар мен халықтарды зерттейтін қоғамдық ғылымдар жүйесінде де Т. ғылымы маңызды рөл атқарады (мыс. түркология, синология, славянтану, шығыстану, т.б.). Қоғамдағы өзгерістер белгілі дәрежеде Т. ғылымына да ықпал етеді. Бұл көп жағдайда Т. ғылымының методологиясынан, ұстанымынан аңғарылады. Мәселен, кеңестік дәуірдегі Т. ғылымында маркстік-лениндік методология үстемдік етіп, қоғамдық өмір тап күресі ұғымымен байланыстырыла қарастырылды. Соның нәтижесінде кеңестік Т. ғылымында объективтілік сақталмай, бірқатар құбылыстар мен оқиғалар бұрмалана түсіндірілді. Сөйтіп, Т. ғылымы кеңестік идеологияның қолшоқпарына айналды. Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан тарихы ғылымы идеология шырмауынан арылды.

С. Рүстемов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том


Бөлісу: