Қарашай-малқар (орыс тілінде – карачай-балкар) тілі түркі тілдерінің қыпшақ-оғыз тобына жатады.
Қарашай-малқар (орыс тілінде – карачай-балкар) тілі түркі тілдерінің қыпшақ-оғыз тобына жатады.
Олардың діни сенімі – ислам.
Қарашай-малқар халықтары ежелгі алан, бұлғар, қыпшақ тайпалары негізінде пайда болған.
1943–44 жылдары қарашайлар мен малқарлар Орта Азия мен Қазақстанға күштеп жер аударылды.
Қазақстанда «Минги Тау» атты қарашай-малқар мәдени орталығы 1996 жылы құрылды. Орталық өз ұлт өкілдерінің жинақталған аудандарымен байланыс жасайды. Мектептегі қарашай және малқар оқушыларына, жастарға ұлттық тәрбие беру беру жұмыстарымен айналысады. Ұлт жастарын спорттық-бұқаралық шараларға тартуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
«Минги Тау» балалар би ансамблі республикалық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясының мәдениет және өнер фестивалінде, сондай-ақ республикалық «Айналайын» балалар конкурстарында жүлделі орындар иеленіп келеді.
Орталық өкілдері 1997 жылы Түркияның Стамбул қаласында өткен түркітілді халықтар құрылтайына қатысты.
Малқар мен қарашай – кавказдық ағайынды халықтар.
Малқарлар Кабардино-Балкарияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағын мекендейді
Қарашайлар Қарашай-Шеркес Республикасын мекендейді. Өздерін «қарашайлы» деп атайды. Қазақтар «қарашай» деп атайды.