Қазақстан Республикасының Президенті

9 Қараша 2012, 04:11

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Республика Президентіне халық пен мемл. билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі ретінде әрекет ету өкілеттігі берілген. Бұл өкілеттікті президент Парламентте бекітілетін заңдарды қарау, басқа мемл. органдармен өзара байланыс жасау процесінде пайдаланады. ҚР Конституциясында белгіленген тәртіппен президент ҚР-ның егемендігін, оның тәуелсіздігін, мемл. тұтастығын қорғау шараларын қолданады, мемл. биліктің барлық тармағының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол конституцияға және заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықар. қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді. Қ. Р. П-н конституцияға сәйкес (41-бап) жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 7 жыл мерзімге сайлайды. 40 жасқа толған, мемл. тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын (41-бап), соттылығы жоқ, тумысынан республика азаматы президент болып сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық мерзімге президент болып сайлана алмайды (42-бап). Қ. Р. П-нің кезекті сайлауын Парламент Мәжілісі тамыз айының алғашқы жексенбісінен кешіктірмей тағайындайды және ол жеті жылдан кейін тиісті жылдың алғашқы жексенбісінде өткізіледі. Оның өткізілу мерзімі Парламенттің жаңа құрамының сайлауымен бір мезгілге сай келмеуге тиіс. Қ. Р. П-нің кезектен тыс сайлауы президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе қызметінен кетірілген, не қайтыс болған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Сайлаушылардың 50%-дан астамы қатысса, сайлау өтті деп саналады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50%-ынан астамын жинаған кандидат сайланды деп саналады. Егер бір де бір кандидат көрсетілген дауыс санын жинай алмаса, қайта дауыс беру өткізіледі, оған ең көп дауыс санын жинаған 2 кандидат жіберіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. Қ. Р. П-н сайлау мәселелері конституциялық заңмен реттеледі. Ел Конституциясында Қ. Р. П-н сайлаудың парламенттен тыс тәсілі белгіленген. Мұның өзі президент басқаратын республикаға тән сипат. Мұндай жағдайда мемлекет басшысы өз мандатын тікелей халықтан алады. Бұл президенттің мемлекеттік істер үшін жауапкершілікті өз мойнына барынша толық алуына мүмкіндік береді. Қ. Р. П-нің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ, сондай-ақ, ол өз өкілеттігін атқару кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Қ. Р. П. құзыреті ҚР Конституциясының 44, 45-баптарында белгіленген. Қ. Р. П. Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берген сәттен бастап өз өкілеттігін атқаруға кіріседі және бұл өкілеттік жаңадан сайланған Қ. Р. П-нің қызметіне кіріскен кезінен бастап, сондай-ақ, қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген жағдайда, не науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі анықталған жағдайда, не қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Мұндай жағдайда Президент өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының төрағасына, оның бұл өкілеттікті қабылдауы мүмкін болмаған ретте Парламент Мәжілісінің төрағасына, оның да өкілеттікті қабылдауы мүмкін болмаған ретте Республика Премьер-Министріне көшеді. Президент өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бастама көтеруге құқығы жоқ. Қ. Р. П. өзінің міндеттерін атқаруы кезінде мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады және осы іс-әрекеті үшін оны Парламент қызметтен кетіре алады. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттары санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданады. Тағылған айыпты тексеру ісін Сенат ұйымдастырады және тексеру нәтижелері Сенат депутаттарының көпшілік дауысымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғ. сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палата депутаттарының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады. Айып тағылған кезден бастап 2 ай мерзімде түпкілікті шешім қабылданбаса, Президентке тағылған айыптың күші жойылады. Кезектен тыс сайланған Қ. Р. П-нің өкілеттігі кезекті Президент сайлауында сайланған Қ. Р. П. қызметіне кіріскенге дейін жалғастырылады. Бұл сайлау кезектен тыс сайлаудан кейін 7 жыл өткен соң, желтоқсанның алғашқы он күнінде өткізілуге тиіс. Қазақстанда Президент қызметі тұңғыш рет 1990 ж. 24 сәуірде Жоғ. Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғ. Кеңес 6 жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. ҚР-ның тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Конституцияға 1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды. Мемлекет басшысы ретіндегі Қ. Р. П-нің өкілеттігін былайша топтастыруға болады: Ел Парламентінің қызметімен байланысты құқықтары мен міндеттері: Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған Заңға 15 жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Үкіметке сенімсіздік білдірілгенде, Премьер-Министрді тағайындауға келісім беруден Парламент қатарынан екі рет бас тартқанда, Парламент Палаталарының арасында немесе Парламент пен мемл. биліктің басқа да тармақтарының арасында болған елеулі пікір алшақтығынан саяси дағдарыс туғанда Парламентті тарата алады. Ел Үкіметінің қызметімен байланысты құқықтары мен міндеттері: Парламенттің келісімімен Үкімет басшысын – Республика Премьер-Министрін қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Үкімет құрамына кірмейтін орт. атқарушы органдарын белгілейді, таратады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облыстар, респ. маңызы бар қалалар әкімдері мен Астана әкімі актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Үкімет басшысының ұсынуымен Республиканың мемл. бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; Өз бастамасы бойынша да, Үкіметтің мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ, Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да Үкіметтің өкілеттігін тоқтату не оның орнынан түсуі туралы шешім қабылдайды және оның кез-келген мүшесін қызметтен босатады; Парламенттің келісімімен ҚР Ұлттық банкінің Төрағасын, сондай-ақ, Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік к-тінің төрағасын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қорғаныс пен сыртқы қарым-қатынастар саласындағы құқықтары мен міндеттері: Президент ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; Жоғарғы қолбасшыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Әскери доктринаны бекітеді; Қауіпсіздік Кеңесін құрады және оны басқарады; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында не оның жекелеген аумағында әскери жағдай енгізеді; ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды; Сыртқы саясатқа басшылықты жүзеге асырады және халықар. қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді; келіссөздер жүргізіп, ҚР-ның халықар. қатынастарын бекіту грамоталарына қол қояды, шет мемлекеттердің елде тіркелген дипломат. және өзге өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды. Президенттің Конституцияда бекітілген басқа да өкілеттіктері бар: Президент өз өкілеттігін жүзеге асыра отырып, нормативке сай мазмұнда да, бейнормативтік мазмұнда да жарлықтар және құқықты қолдану құжаттары болып табылатын өкімдер шығарады; Сондай-ақ, Конституцияның 54-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауысымен, бір жылдан аспайтын мерзімге Заң шығару өкілеттігін беруі мүмкін, сонда Конституцияның 61-бабының 2-тармағына сәйкес, Президент Заң күші бар Жарлықтар шығарады. 2000 ж. 27 маусымда ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында Елбасының өмірлік мәртебесін анықтаған “Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы” ҚР-ның конституциялық Заңы қабылданды. С. Сартаев, Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Республика Президентіне халық пен мемл. билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі ретінде әрекет ету өкілеттігі берілген. Бұл өкілеттікті президент Парламентте бекітілетін заңдарды қарау, басқа мемл. органдармен өзара байланыс жасау процесінде пайдаланады.

ҚР Конституциясында белгіленген тәртіппен президент ҚР-ның егемендігін, оның тәуелсіздігін, мемл. тұтастығын қорғау шараларын қолданады, мемл. биліктің барлық тармағының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол конституцияға және заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықар. қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.

Қ. Р. П-н конституцияға сәйкес (41-бап) жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 7 жыл мерзімге сайлайды. 40 жасқа толған, мемл. тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын (41-бап), соттылығы жоқ, тумысынан республика азаматы президент болып сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық мерзімге президент болып сайлана алмайды (42-бап). Қ. Р. П-нің кезекті сайлауын Парламент Мәжілісі тамыз айының алғашқы жексенбісінен кешіктірмей тағайындайды және ол жеті жылдан кейін тиісті жылдың алғашқы жексенбісінде өткізіледі. Оның өткізілу мерзімі Парламенттің жаңа құрамының сайлауымен бір мезгілге сай келмеуге тиіс. Қ. Р. П-нің кезектен тыс сайлауы президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе қызметінен кетірілген, не қайтыс болған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Сайлаушылардың 50%-дан астамы қатысса, сайлау өтті деп саналады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50%-ынан астамын жинаған кандидат сайланды деп саналады. Егер бір де бір кандидат көрсетілген дауыс санын жинай алмаса, қайта дауыс беру өткізіледі, оған ең көп дауыс санын жинаған 2 кандидат жіберіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. Қ. Р. П-н сайлау мәселелері конституциялық заңмен реттеледі. Ел Конституциясында Қ. Р. П-н сайлаудың парламенттен тыс тәсілі белгіленген. Мұның өзі президент басқаратын республикаға тән сипат. Мұндай жағдайда мемлекет басшысы өз мандатын тікелей халықтан алады. Бұл президенттің мемлекеттік істер үшін жауапкершілікті өз мойнына барынша толық алуына мүмкіндік береді. Қ. Р. П-нің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ, сондай-ақ, ол өз өкілеттігін атқару кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Қ. Р. П. құзыреті ҚР Конституциясының 44, 45-баптарында белгіленген. Қ. Р. П. Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берген сәттен бастап өз өкілеттігін атқаруға кіріседі және бұл өкілеттік жаңадан сайланған Қ. Р. П-нің қызметіне кіріскен кезінен бастап, сондай-ақ, қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген жағдайда, не науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі анықталған жағдайда, не қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Мұндай жағдайда Президент өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының төрағасына, оның бұл өкілеттікті қабылдауы мүмкін болмаған ретте Парламент Мәжілісінің төрағасына, оның да өкілеттікті қабылдауы мүмкін болмаған ретте Республика Премьер-Министріне көшеді. Президент өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бастама көтеруге құқығы жоқ. Қ. Р. П. өзінің міндеттерін атқаруы кезінде мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады және осы іс-әрекеті үшін оны Парламент қызметтен кетіре алады. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттары санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданады. Тағылған айыпты тексеру ісін Сенат ұйымдастырады және тексеру нәтижелері Сенат депутаттарының көпшілік дауысымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғ. сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палата депутаттарының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады. Айып тағылған кезден бастап 2 ай мерзімде түпкілікті шешім қабылданбаса, Президентке тағылған айыптың күші жойылады. Кезектен тыс сайланған Қ. Р. П-нің өкілеттігі кезекті Президент сайлауында сайланған Қ. Р. П. қызметіне кіріскенге дейін жалғастырылады. Бұл сайлау кезектен тыс сайлаудан кейін 7 жыл өткен соң, желтоқсанның алғашқы он күнінде өткізілуге тиіс.

Қазақстанда Президент қызметі тұңғыш рет 1990 ж. 24 сәуірде Жоғ. Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғ. Кеңес 6 жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. ҚР-ның тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Конституцияға 1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысы ретіндегі Қ. Р. П-нің өкілеттігін былайша топтастыруға болады: Ел Парламентінің қызметімен байланысты құқықтары мен міндеттері: Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған Заңға 15 жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Үкіметке сенімсіздік білдірілгенде, Премьер-Министрді тағайындауға келісім беруден Парламент қатарынан екі рет бас тартқанда, Парламент Палаталарының арасында немесе Парламент пен мемл. биліктің басқа да тармақтарының арасында болған елеулі пікір алшақтығынан саяси дағдарыс туғанда Парламентті тарата алады.

Ел Үкіметінің қызметімен байланысты құқықтары мен міндеттері: Парламенттің келісімімен Үкімет басшысын – Республика Премьер-Министрін қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Үкімет құрамына кірмейтін орт. атқарушы органдарын белгілейді, таратады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облыстар, респ. маңызы бар қалалар әкімдері мен Астана әкімі актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Үкімет басшысының ұсынуымен Республиканың мемл. бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; Өз бастамасы бойынша да, Үкіметтің мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ, Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да Үкіметтің өкілеттігін тоқтату не оның орнынан түсуі туралы шешім қабылдайды және оның кез-келген мүшесін қызметтен босатады; Парламенттің келісімімен ҚР Ұлттық банкінің Төрағасын, сондай-ақ, Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік к-тінің төрағасын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Қорғаныс пен сыртқы қарым-қатынастар саласындағы құқықтары мен міндеттері: Президент ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; Жоғарғы қолбасшыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Әскери доктринаны бекітеді; Қауіпсіздік Кеңесін құрады және оны басқарады; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында не оның жекелеген аумағында әскери жағдай енгізеді; ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды; Сыртқы саясатқа басшылықты жүзеге асырады және халықар. қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді; келіссөздер жүргізіп, ҚР-ның халықар. қатынастарын бекіту грамоталарына қол қояды, шет мемлекеттердің елде тіркелген дипломат. және өзге өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

Президенттің Конституцияда бекітілген басқа да өкілеттіктері бар: Президент өз өкілеттігін жүзеге асыра отырып, нормативке сай мазмұнда да, бейнормативтік мазмұнда да жарлықтар және құқықты қолдану құжаттары болып табылатын өкімдер шығарады; Сондай-ақ, Конституцияның 54-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауысымен, бір жылдан аспайтын мерзімге Заң шығару өкілеттігін беруі мүмкін, сонда Конституцияның 61-бабының 2-тармағына сәйкес, Президент Заң күші бар Жарлықтар шығарады.

2000 ж. 27 маусымда ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында Елбасының өмірлік мәртебесін анықтаған “Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы” ҚР-ның конституциялық Заңы қабылданды.

С. Сартаев, Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу: