Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы

9 Қараша 2012, 03:55

Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1.4.1925, Алматы обл. Қле ауд. Н.Тілендиев а. – 15.10. 1998, Алматы; Алматы обл. Жамбыл ауд-нда жерленді) – композитор, дирижер, домбырашы, Қазақ КСР-і (1975) және КСРО-ның (1984) халық арт., Қазақстанның халық қаїарманы (1998). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1949 – 50 ж. Алматы мемл. консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), ал 1950 – 52 ж. Мәскеу мемл. консерваториясының дирижерлік ф-тінде (проф. Н.П. Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952 – 61 ж. Қазақтың мемл. академ. опера және балет театрының дирижері, 1960 – 64 ж. Қазақтың мемл. академ. халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды. 1968 – 81 ж. “Қазақфильм” киностудиясы муз. редакциясының бас редакторы болып, 1981 – 98 ж. өзі ұйымдастырған “Отырар сазы” фольклорлық этногр. ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін – композитор шығарм-на тән қасиет. Т. – “Ортеке” балет-поэмасының (1957) және “Менің Қазақстаным” (1959) кантатасының, “Достық жолымен” балетінің (1958, Л.Б. Степанов және Е.В. Манаевпен бірге), “Алтын таулар” операсының (1961, Қ.Қожамияровпен бірге), оркестрге арналған “Поэма” (1962), “Ата толғауы” (1975), “Алтын дән”, “Ақсақ құлан”, “Аққу”, “Арман”, “Махамбет”, “Көш керуен” поэмалары мен “Халық қуанышы” (1963), “Қайрат” (1964), “Жеңіс салтанаты” (1975) атты увертюралардың, 400-ден астам ән-романстардың авторы. Ол 50-ден астам драм. спектакльге, 19 көркем фильмге (“Қыз Жібек”, “Қилы кезең”, “Менің атым – Қожа”, т.б.), 17 мульт. фильмге (“Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”, “Ақсақ құлан”, т.б.), 14 деректі-хроник. фильмге (“Академик Сәтбаев”, “Ыбырай Алтынсарин”, т.б.) музыка жазды. Алматы мемл. консерваториясының құрметті проф. (1995) болған. 1976 – 77 жылдардағы әндері, романстары және оркестрге арнап шығарған муз. шығармалары үшін оған Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. (1978) берілді. 1999 ж. Алматы қ-нда композитор есімімен көше (бұрынғы Софья Ковалевская атынд.), “Отырар сазы” фольклорлық этногр. ансамблі (2000) Т. аталады және ол тұрған үйге (Қонаев көш., 96-үй) мемориалдық тақта орнатылды. 11-сайланған Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты болды. Отан, 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Шығ.: Жан сәулем, А., 1967; Алатау, А., 1972; “Құстар әні”, А., 1976; Жеңіс салтанаты, А., 1980; Ата толғауы. Күйлер. Академ. шығ. жин., 1 – 2-т., А., 2005. К. Оршын Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1.4.1925, Алматы обл. Қле ауд. Н.Тілендиев а. – 15.10. 1998, Алматы; Алматы обл. Жамбыл ауд-нда жерленді) – композитор, дирижер, домбырашы, Қазақ КСР-і (1975) және КСРО-ның (1984) халық арт., Қазақстанның халық қаїарманы (1998). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1949 – 50 ж. Алматы мемл. консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), ал 1950 – 52 ж. Мәскеу мемл. консерваториясының дирижерлік ф-тінде (проф. Н.П. Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952 – 61 ж. Қазақтың мемл. академ. опера және балет театрының дирижері, 1960 – 64 ж. Қазақтың мемл. академ. халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды. 1968 – 81 ж. “Қазақфильм” киностудиясы муз. редакциясының бас редакторы болып, 1981 – 98 ж. өзі ұйымдастырған “Отырар сазы” фольклорлық этногр. ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін – композитор шығарм-на тән қасиет. Т. – “Ортеке” балет-поэмасының (1957) және “Менің Қазақстаным” (1959) кантатасының, “Достық жолымен” балетінің (1958, Л.Б. Степанов және Е.В. Манаевпен бірге), “Алтын таулар” операсының (1961, Қ.Қожамияровпен бірге), оркестрге арналған “Поэма” (1962), “Ата толғауы” (1975), “Алтын дән”, “Ақсақ құлан”, “Аққу”, “Арман”, “Махамбет”, “Көш керуен” поэмалары мен “Халық қуанышы” (1963), “Қайрат” (1964), “Жеңіс салтанаты” (1975) атты увертюралардың, 400-ден астам ән-романстардың авторы. Ол 50-ден астам драм. спектакльге, 19 көркем фильмге (“Қыз Жібек”, “Қилы кезең”, “Менің атым – Қожа”, т.б.), 17 мульт. фильмге (“Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”, “Ақсақ құлан”, т.б.), 14 деректі-хроник. фильмге (“Академик Сәтбаев”, “Ыбырай Алтынсарин”, т.б.) музыка жазды. Алматы мемл. консерваториясының құрметті проф. (1995) болған. 1976 – 77 жылдардағы әндері, романстары және оркестрге арнап шығарған муз. шығармалары үшін оған Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. (1978) берілді. 1999 ж. Алматы қ-нда композитор есімімен көше (бұрынғы Софья Ковалевская атынд.), “Отырар сазы” фольклорлық этногр. ансамблі (2000) Т. аталады және ол тұрған үйге (Қонаев көш., 96-үй) мемориалдық тақта орнатылды. 11-сайланған Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты болды. Отан, 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Шығ.: Жан сәулем, А., 1967; Алатау, А., 1972; “Құстар әні”, А., 1976; Жеңіс салтанаты, А., 1980; Ата толғауы. Күйлер. Академ. шығ. жин., 1 – 2-т., А., 2005.

К. Оршын

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том

Бөлісу: