Соңғы редакциялау:
30 қазан 2012
Егемен Қазақстан республикасының демографиялык дамуы (тарихи-демографиялық талдау)
КСРО ыдырағаннан кейін құрамындағы республикалар өз тәуелсіздіктеріне ие болды. Осының нәтижесінде күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары пайда болды. Мұндай жағдайды егеменді еліміз – Қазақстан Республикасы да бастан кешірді. Бұл кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі – халықтардың жалпы санының кемуі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы осының нәтижесінде табиғи өсімнің құлдырауы. Осы келең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қон нәтижесінде өсті.
Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер арасында халықтың саны жағынан Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды иеленеді, ал территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орында.
Қазақстан 2724,9 мың шаршы километрге тең кең байтақ аумақты алып жатса да, халық аз қоныстанған ел болып табылады. Бірінші Ұлттық санақ деректеріне сәйкес, халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге небәрі 5,5 адамды құрады. Қазақстан халқына 14 әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) бойынша біркелкі орналаспау тән. Қала және қала секілді поселкалар саны - 284. Халқының тығыздығы 1 шаршы километрге 16,9 адамнан келетін Оңтүстік Қазақстан облысы халқы ең тығыз орналасқан аумақ болып табылса, Маңғыстау облысында халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 1,9 адамды құрады. 1997 жылы Қазақстан Республикасында ауылдық аудандар мен әкімшілік аумақтардың шекарасын өзгерту туралы реформа жүргізілді, соған сәйкес республикадағы 19 облыс 14 облыс болып қайта құрылды [1].
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде халқымыздың демографиялық және әлеуметтік дамуы да ірі-ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады.
Қазақстандағы 16 млн. халықтың аймақтық орналасу ерекшеліктері әртүрлі еді. Республика халқының 45,2% Оңтүстік аймақта, 23,0% - Солтүстік аймақта, 14,4% - Батыс, 8,9% - Шығыс, 8,5% - Орталықта өмір сүреді. Оңтүстік аймақ тұрғындары үлесі 1989-2009 жж. 6,9%, ал адам саны 15,9% (яғни 935 мың) өсті. Солтүстіктің 4 облысы тұрғындары саны 1 млн 114 мыңға азайды, тек Астана тұрғындары 358 мыңға көбейіп, аймақ үлесі 4,1% кеміді. Сол сияқты, Шығыс және Орталық аймақтардың тұрғындары да азая түсті: олардың үлесі тиісінше 10,9%-дан 9,0%-ға, 10,8%-дан 8,5%-ға дейін төмендесе, тұрғындар саны тиісінше 19,8% және 22,7%-ға азайды. Батыста, Оңтүстік сияқты, үлесі 13,0%-дан 14,4%-ға көтеріліп, тұрғындар саны 7,0%-ға көбейді [2].
20-жылдың ішінде халық саны қайта қалыптасып, бұрынғы деңгейіне келуі табиғи өсім мен көші-қон процестерінің оң бағыт алуының нәтижесі болды. Көші-қон процестері де әртүрлі, қарама-қайшылықтарға толы кезеңдерді басынан өткізді. Кеңес өкіметі дәуірі соңында, 1970-1980 жж. басталған теріс айырым (сальдо-келгендерден кеткендердің көптігі) тәуелсіздік жағдайында – 13 жылдай (1991-2003 жж. арасында) күрт көтеріліп кетті, оның шыңы 1994 ж. болып, теріс айырым 406,6 мыңнан асып түсті, жалпы осы 13 жылдың ішінде еліміз тек көші-қонның өзінен 2 108,5 мың адамы кеміп қалды [3].
Кеткендер ең алдымен европалық этнос өкілдері, оның ішінде әсіресе орыс, украин мен белорустар және немістер өз тарихи отандарына қайта оралды. Тек 1993-2004 жж. арасында көші-қон теріс айырымында орыстар саны 1 206,7 мың, немістер 531,2 мың, украиндер 177,5 мыңға дейін жетті. Жалпы 1991-2009 жж. теріс айырым бойынша 2 млн. 058 мың адам шетелдерге кетсе, соның басым көпшілігі Ресей мен Германияға барды, олардың 1 370 мыңы орыстар, 690,1 мың немістер, басқа ұлт өкілдері – 398,7 мың еді [4]. Дегенмен көші-қонның да оң нәтижелері де болды – ол шетелдерге ауып кеткен отандастарымыздың өз еліне қайта оралуы еді. Бұл толқынмен келген оралман бауырларымыз Кеңес өкіметі дәуірінде аштық пен қуғын-сүргінге ұшырап, ауа көшкендер мен солардың ұрпақтары болатын. Жалпы тәуелсіздік жылдары ресми мәлімет бойынша 750 мыңдай қазақ өз Отанына оралды, оған еңбек етуге және оқуға келгендерді қоса есептесек, 1 млн-дай қазақ қайта оралған екен. Сөйтіп, көші-қон процестерінің қайта қалпына түсуі еліміздегі халық санының бұрынғы деңгейіне жетуіне әсер етті.
Қазақстан республикасында жүзден аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер қатарындағы бірден-бір мемлекет Қазақстан Республикасы өзінің территориясындағы барлық ұлт өкілдерінің тілінің, мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөліп отырған ел. Оны біз кейінгі санақ қорытындыларынан да көре аламыз. Бізде барлық ұлт өкілдерінің өз тілінде білім алуына мүмкіндіктер жасалған, әр ұлт өкілінің мәдени орталықтары бар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан аз ұлттардың Ассоцациясы құрылған. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап бір ұлт өкіліндей ел экономикасын дамытуға үлес қосуда.
Көші-қон процестердің әсерінен Қазақстандағы көп ұлттың құрамы үнемі артып отырды: егер 1920 жылы 30 халықтың өкілі тіркелсе, 1970 жылы 114, ал 1986 жылы 120 болды. Ал қазіргі кезеңде елімізде ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде 8 ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар және беларустар – саны жағынан көп болып табылады, олардың үлесіне елдегі барлық халықтың 95,7% келеді.
1-кестеде көрсетілгендей, ұлттық құрамның күрт өзгеруі ең алдымен қазақтардың үлесі көбейгені мен европа ұлт өкілдерінің азаюынан көрініс тапты. Қазақтар 1989 ж. 40,1% болса, 1999 ж. – 53,5%-ға, ал 2009 ж. – 63,1%-ға жетті, яғни осы 20 жыл ішінде олардың үлесі 23,0%-ға өсті, саны 6 млн 496 мыңнан 10 млн 96 мыңға жетіп, 3 млн 600 мыңға өсті, яғни 55,4%-ға көбейді [5].
1-кесте Қазақстан республикасының ұлттық құрамы
Ұлттар
мың адам
үлесі, пайызбен
санақ қорытындысы бойынша
санақ қорытындысы бойынша
1989 ж.
1999 ж.
2009 ж.
1989 ж.
1999 ж.
2009 ж.
Барлығы
16199154
14953126
16009597
100
100
100
қазақтар
6496858
7985039
10096763
40,1
53,5
63,1
орыстар
6062019
4479620
3793764
37,4
29,9
23,6
украиндар
875691
547054
333031
5,4
3,7
2,1
өзбектер
331042
370663
456997
2,0
2,5
2,8
немістер
946855
353441
178409
5,9
2,4
1,1
татарлар
320747
248894
204229
2,0
1,7
1,3
ұйғырлар
181526
210365
224713
1,1
1,4
1,4
беларустар
177938
111927
66476
1,1
0,8
0,4
корейлер
100739
99665
100385
0,6
0,7
0,6
азербайжандар
88951
78295
85292
0,6
0,5
0,5
түріктер
49475
75933
97015
0,3
0,5
0,6
поляктар
59354
47297
34057
0,7
0,3
0,2
басқа ұлттар
567313
392230
338466
3,5
2,5
5,0
Қазақтар көптеген ғасырлар бойы алғаш рет 10 млн-нан асып, өз елінде тәуелсіздік жылдары басымдыққа ие болды. Кеңес заманында, 1931-1933 жж. ашаршылықта жаппай қырғынға ұшыраған қазақтар үлесі 1939 ж.- 38,9%, ал 1959 ж. - 29,8%-ға дейін құлдырап, тек 1960-1980 жж. табиғи өсім арқылы 1980 ж.- 40,1% әзер жеткен-ді. Енді 63,1% болып, Қазақстан халқының демографиялық даму көздері мен жолдарын, табиғи өсім, көші-қон, жастық-жыныстық құрамын, білім деңгейін, қала мен ауыл, аймақтар мен облыстарға орналасу ерекшеліктерін де анықтайтын, еліміздің санын да, өсу бағытын да өзі ғана белгілейтін дәрежеге көтерілген көш басшы ұлтқа айналды.
Қазақтардың аймақтар мен облыстарға орналасуы дәстүрлі түрде күшейе түсті: тәуелсіздік жағдайында қазақтардың жартысынан көбі – 50,4% - Оңтүстікте орналасуы ерекшелене түсті, ал қалған қазақтар Батыста – 19,1%, Солтүстікте – 16,9%, Шығыста - 8%, Орталықта – 6,2% еді. Қазақтардың үлесі Қызылорда облысында 95,2%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 72,3%, Жамбыл облысында – 71,30%, Алматы облысында – 67,6%, Алматы қаласында – 53,0%, Атырау облысында – 91,1%, Маңғыстау облысында – 88,2%, Ақтөбе облысында – 79,3%, Батыс Қазақстан облысында – 72,2%, Шығыс Қазақстанда – 55,9%, Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) – 46,3%, Солтүстікте де әлі де қазақтар басым емес (46,3%), Павлодар облысында – 47,6%, Ақмола облысында – 47,3%, қалған екі облыста мұнан да төмен: Қостанайда – 37,1%, Солтүстік Қазақстан облысында – 33,3%. Тек Астанада ғана қазақтар үлесі 69,3% болып, басымдыққа ие болды [6].
Орыстардың үлесі 20 жыл ішінде 37,4%-дан 23,7%-ға дейін, яғни – 13,7%-ға төмендеді, саны 2 млн 268 мың адамға азайып кетті. Орыстар дәстүрлі түрде Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтарда орналасқан, осы үш аймақта Қазақстандағы орыстардың 2009 ж. 64,5% тұрды. Сыртқа бағытталған көші-қон нәтижесінде орыстардың үлесі бұл аймақтар тұрғындары арасында да едәуір төмендеп, 2009 ж. солтүстікте – 37,9%, шығыста – 40,2%, орталықта – 39,5% болды. Дегенмен орыстардың үлесі Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың жартысынан (50,4%) әлі де асып тұр, Қостанай облысында 43%-ға жетеді.
Сан жағынан үшінші орынға шыққан өзбектер (456,9 мың – 2,8%) негізінде - 98%-ға жуығы – Оңтүстік аймақты мекендейді, ал төртінші орындағы украиндықтардың (333,0 мың – 2,1%) үштен екісі Солтүстікте тұрады, қалғандары басқа аймақтарда шашыранды түрде орналасқан (9-15%), тек Шығыста олар өте аз (2,5%). Бесінші орындағы ұйғырлардың (224,7 мың – 1,4%) басым көпшілігі – Оңтүстік аймақта (98,0%), негізінде Алматы облысы мен қаласында тұрады. Келесі орындағы татарлардың (204,2 мың – 1,3%) үштен екісі Оңтүстік аймақта, нақтылап айтқанда Алматы қаласы мен облысында орналасқан, қалғандары Солтүстік пен Астанада тұрады. Сан жағынан 1989 ж. қазақтар мен орыстардан кейінгі үшінші орындағы немістер (946,8 мың – 5,9%) енді жетінші орынға түсті – 178,4 мың – 1,1%, олардың жартысынан көбі Солтүстікте, 18,4% - Орталықта, 7,8% - Шығыста тұрады, қалғандары басқа аймақтарды шашырап мекендейді.
Саны жүз мыңнан асқан этнос өкілдерінің соңғысы – кәрістер (100,3 мың – 0,6%) – 1989 ж. салыстырғанда сол деңгейден (100,7 мың – 0,6%) сәл-ақ төмендеді. Олар негізінде - 70%-ға жуығы – Оңтүстікте орналасқан. Қалғандары Солтүстік пен Орталық аймақтары қалаларында тұрады [7].
Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан халқының қала мен ауылдық (селолық) мекендерге орналасуы қайшылыққа толы урбандану процесі ықпалында жүруге мәжбүр болды. Урбандану негізінде қала халқының, біріншіден, үлесі де, саны да азаюымен қабат, екіншіден, қалалықтардың дәстүрлі (европалық этнос өкілдері басым) ұлттық құрамында алғаш рет қазақтардың басымдыққа жетуі, яғни, бұрын негізінде аграрлық этнос болып келген қазақтардың қалаға бет бұруымен ерекшеленді. Қала тұрғындарының үлесі де, саны да кемуі онда мекендеген орыс, украин, белорус, неміс және басқа европалық этнос өкілдерінің сыртқа, өз тарихи отандарына көші-қоны себебінің нәтижесі еді. Бұған қосымша 1980 ж. соңы мен 1990-жылдардағы экономикалық дағдарыс та қала халқының кемуіне зор әсер етті.
2-кестеде көрсетілгендей, Республика халқының арасында қала тұрғындары 1989 ж. 56,7% болса, 1999 ж. – 56,0%, ал 2009 ж. – 54,1%-ға төмендеп, осы 20 жыл ішінде 2,6% азайды; ал саны 9 182,6 мыңнан 8 662,4 мыңға түсті, яғни 520,2 мыңға кеміді. Әсіресе, алғашқы онжылдықта кему күшті болды – (- 805,3 мың еді), тек екінші онжылдықта қала тұрғындары саны қайтадан көтеріле бастады – (285,1 мың адам қосылды). Экономикалық дағдарыс нәтижесінде қалалардың пайда болып, өсіп-дамуына жол ашқан көптеген ірі завод, фабрика, шахта және басқа кәсіпорындар тоқтап қалды, олардың және күйзеліске ұшыраған ауыл шаруашылығы (кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылған соң) еңбеккерлері ірі – Алматы және Астана қалалары мен облыс орталықтарына қарай беталды, соның нәтижесінде жұмыссыздық проблемалары да күшейе түсті. Қалаға беталғандардың, әсіресе ауылдан келгендердің ішінде қазақ жастары басым еді.
2-кесте Қазақстан Республикасының қала халқы
1989 ж.
1999 ж.
1989-
1999 жж.
2009 ж.
1999-2009 жж.
абс.
%
абс.
%
абс.
%
Қазақстан Рес.
9182636
56,7
8377303
56,0
-805333
8662432
54,1
285129
Ақмола обл.
502382
47,2
380427
45,5
-121955
341915
46,4
-38512
Ақтөбе обл.
396377
54,1
383674
56,2
-12703
461050
60,8
77376
Алматы обл.
537040
32,7
464953
29,8
-72087
416858
23,1
-48095
Атырау обл.
256011
60,3
256121
58,2
110
238936
46,8
-17185
Шығ.Қазақ. обл.
1031598
58,4
899745
58,8
-131853
801475
57,4
-98270
Жамбыл обл.
491769
47,3
456939
46,2
-34830
404535
39,6
-52404
Батыс-Қаз. обл.
267362
42,5
251761
40,8
-15601
277751
46,4
25990
Қарағанды обл.
1426386
81,7
1158948
82,2
-267438
1040203
77,5
-118745
Қостанай обл.
617938
50,5
552104
54,2
-65834
439554
49,6
-112550
Қызыл-Орда обл.
345782
60,2
360985
60,5
15203
284248
41,9
-76737
Маңғыс. обл.
287239
88,6
246848
78,4
-40391
263182
54,2
16334
Павлодар обл.
603176
64,0
511900
63,4
-91276
504579
68,0
-7321
Солт.Қаз. обл.
327450
35,9
274631
37,8
-52819
237436
39,8
-37195
Оңт.Қаз. обл.
738947
40,5
729587
36,9
-9360
972072
39,4
242485
Астана қ.
281252
100
319324
100
38072
613006
100
293682
Алматы қ.
1071927
100
1129356
100
57429
1365632
100
236276
1989-1999 жж. Қазақстан қалаларының бәрінде дерлік тұрғындар азайды, Бұл азаю 10%-дан 25%-ға дейін көтерілді. Әсіресе ірі индустриялық орталықтар осы жағдайға душар болды. Мысалы, тұрғындар саны Балхашта 24,6%, Теміртауда – 20,2%, Риддерде – 18,1%, Жезқазғанда – 15,9%, Семейде – 15,0%, Кентауда – 13,1%, Рудныйда – 12,6% және көптеген облыс орталықтарында: Талдықорған – 17,4%, Петропавловск – 15,1%, Қарағанды – 13,9% және т.б. кеміп кетті. Қазақстан бойынша тұрғындар тек бес қалада, оның ішінде Астана (13,4%) мен Алматыда (5,4%), екі облыс орталығы: Тараз (8,6%) бен Қызылордада (4,6%) және жалғыз Түркістанда (10,2%) өскені байқалады [10].
Урбандану процесі 1980 ж. соңында Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында күшті болса (тиісінше, қала тұрғындары үлесі 88,6% және 81,7%), 2009 ж. Қарағанды мен Павлодар облыстары (тиісінше 77,5% және 68,0%) алға шықты. Қалалану процесі Оңтүстік өңірде төмен болды. Мысалы, қала тұрғындарының үлесі Алматы облысында 23,1%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 39,4%, Жамбыл облысында – 39,6% ғана еді; Солтүстік Қазақстанда осы деңгейге (39,8%) жақын болды.
Қазақтардың қалаға бет бұруына келсек, Кеңес заманында қазақтардың қаланы мекендеуі төмен болды (1989 ж. 27,1%). Тәуелсіздік жағдайында қала тұрғындары арасында қазақтардың саны да, үлесі де күрт өзгерді: қаладағы үлесі 1999 ж. 43,2%-ға, ал 2009 ж. – 55,9% жетіп, осы 20 жыл ішінде 12,7% өсті, ал саны 2.488,9 мыңнан 4 841,0 мыңға көтеріліп, екі есеге жуық – 2 352,1 мың адамға көбейді, яғни 2,5 млн. қазақ жаңадан қалаға келіп орналасып, (заңды түрде есепке тіркелмегендерді қоса есептегенде) өмір сүріп жатыр деген сөз.
3-кестеде көрсетілгендей, еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматыда 724202 мың қазақ тұрады, олардың үлесі 53,0%, Астанада 425298 мың қазақ бар, үлесі – 69,3%. Облыс орталықтары ішінде қазағы көп Қызылорда (95,2%) мен Атырау (91,1%). Қазақтар едәуір басым қалалар: Ақтөбе – 68,2%, Ақтау – 64,4%, Талдықорған – 64,2%, Семей – 62,4%-і; қазақтары тұрғындардың жартысынан асатын қалалар: Тараз (59,1%), Шымкент (57,5%), Орал (53,2%), Көкшетау (50,9%). Қазақтар үлесі өте төмен қалалар: Петропавловск (20,8%), Өскемен (26,5%), Қостанай (27,7%), Павлодар (37,8%), Қарағанды (35,3%). Бұларда орыстар қазақтардан едәуір басым: Өскеменде – 68,1%, Петропавлда – 66,8%, Қостанайда – 50,9%, Павлодарда – 46,4%, Қарағандыда – 46,2% [11]. Жоғарыда көрсетілген урбанданудағы екі бағыт та ауыл шаруашылығының, әсіресе қазақ ауылының қайта жаңғырып, кең даму жолына түскенше жалғана беруі мүмкін.
3-кесте Қазақтардың өсу динамикасы
Облыстар
Қазақтар саны
қазақтардың үлес салмағы
1989 ж.
1999 ж.
2009 ж.
1989 ж.
1999 ж.
2009 ж.
Қазақстан Республикасы
6496858
7985039
10096763
40,1
53,4
63,1
Ақмола обл.
266831
313488
349086
25,1
37,5
47,3
Ақтөбе обл.
407222
482285
601463
55,6
70,7
79,3
Алматы обл.
741737
926137
1223181
45,1
59,4
67,6
Атырау обл.
338998
391672
465033
79,8
89,0
91,1
Шығыс Қазақстан обл.
687879
743098
781732
38,9
48,5
55,9
Жамбыл обл.
507302
640346
729675
48,8
64,8
71,3
Батыс-Қазақстан обл.
351123
399030
432517
55,8
64,7
72,2
Қарағанды обл.
449837
529478
622265
25,8
37,5
46,3
Қостанай обл.
279787
314801
328936
22,9
30,9
37,1
Қызыл-Орда обл.
504126
561630
646645
87,8
94,2
95,2
Маңғыстау обл.
165043
247644
428386
50,9
78,7
88,2
Павлодар обл.
268512
311862
353711
28,5
38,6
47,6
Солтүстік
Қазақстан обл.
206060
214697
198641
22,6
29,6
33,2
Оңтүстік Қазақстан обл.
1017470
1340889
1785992
55,8
67,8
72,3
Астана қаласы
49798
133585
425298
17,7
41,8
69,3
Алматы қаласы
255133
434397
724202
23,8
38,5
53,0
Республика халқының көпшілігі әлі де болса ауылда тұрады. 1989 ж. санақ бойынша ауыл халқы 43,3% болса, 1999 ж. – 44,0%, 2009 ж. – 45,9% құраған. Республикадағы ауыл халқының өсу динамикасын мына төмендегі кестеден көре аламыз.
4-кесте Қазақстан Республикасының ауыл халқы
1989 ж.
1999 ж.
1989-
1999 жж.
2009 ж.
1999-2009 жж.
абс.
%
абс.
%
абс.
%
Қазақстан Рес.
7016518
43,3
6575823
44,0
-440695
7347165
45,9
771342
Ақмола обл.
562024
52,8
455844
54,5
-106180
395580
53,6
-60264
Ақтөбе обл.
336276
45,9
298884
43,8
-37392
296718
39,2
-2166
Алматы обл.
1105877
67,3
1093581
70,2
-12296
1391036
76,9
297455
Атырау обл.
168697
39,7
184165
41,8
15468
271441
53,2
87276
Шығ.Қазақ. обл.
735627
41,6
631279
41,2
-104348
595118
42,6
-36161
Жамбыл обл.
546898
52,7
531901
53,8
-14997
617594
60,4
85693
Батыс-Қаз. обл.
362132
57,5
365039
59,2
2907
321129
53,6
-43910
Қарағанды обл.
319062
18,3
251270
17,8
-67792
301497
22,5
50227
Қостанай обл.
605906
49,5
465625
45,8
-140281
446016
50,4
-19609
Қызыл-Орда обл.
228682
39,8
235230
39,5
6548
394546
58,1
159316
Маңғыс. обл.
37004
11,4
67821
21,6
30817
222210
45,8
154389
Павлодар обл.
339137
62,0
295083
36,6
-44054
237896
32,0
-57187
Солт.Қаз. обл.
584615
64,1
451349
62,2
-133266
359099
60,2
-92250
Оңт.Қаз. обл.
1084581
59,5
1248752
63,1
164171
1497285
60,6
248533
4-кестеде берілген деректерге қарай отырып, екі санақ аралығында (1989-1999 жж.) республика бойынша ауылда тұратын халық саны 440695 адамға кеміген болса, керісінше (1999-2009 жж.) аралығында 771342 мың адамға өскен. 20 жыл аралығында халықтың үлесі 2,6% өскен. Жалпы алғанда ауыл халқы әлі де кемуде, Қазақстанның Қостанай (-19609 адамға); Солтүстік Қазақстан (-92250 адамға); Ақмола (-60264 адамға); Шығыс Қазақстан (-36161 адамға), Павлодар (-57187) және Ақтөбе (-2166 адамға) облыстарында көптеп кемігені көрінеді. Керісінше халық санының өсуі Оңтүстік Қазақстан (248533 адам), Атырау (87276 адам), Маңғыстау (154389 адам) Қызылорда (159316 адам) және Алматы (297455 адам) облыстарында байқалады.
2009 жылдың мәліметі бойынша, Республикада тұратын ауыл халқының үлесі 45,9% құрап, абсолюттік саны - 7347,1 мың адамға жетті. Ең көп ауылда тұратын халықтар Алматы облысында – 76,9%, Оңтүстік Қазақстан – 60,6%, Жамбыл облысы – 60,4%, Солтүстік Қазақстан – 60,2%, Қызыл-Орда - 58,1%, және Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында – 53,6% болып тұр [12].
Қазақстан халқының тәуелсіздік жағдайында білім деңгейінің көтерілуі негізінде мемлекеттік және жеке меншік оқу орындар жүйесінің кең дамуына сүйенді. 1989-1999 жж. арасында елдің білім деңгейі 47 промиллеге, оның ішінде жоғарғы білім бойынша 29 промиллеге, арнайы орта білім – 40 промиллеге, орта білім – 27 промиллеге өсті. Дегенмен, негізінде орта және бастауыш білім бойынша бұрынғы деңгейден едәуір төмендеп кетті. Осы жылдары қазақтардың жоғарғы білім алғандары 12,6%-дан 15,9% -ға, арнайы орта білімділері 15,6%-дан 19,7%-ға, жалпы орта білімділері – 39,8%-дан 42,3%, бастауыш білімділері – 7,5%-дан 23,0%-ға дейін көтерілді. Дегенмен 44 этнос өкілдері ішінде қазақтар жоғарғы білім бойынша сегізінші, аяқталмаған жоғары білімнен – оныншы, арнайы орта білімнен – жиырма сегізінші, жалпы орта білім бойынша – он бірінші, негізгі орта білімнен – отыз жетінші, бастауыш білімнен – отыз бесінші орында [13]. Бұл тек қатардағы қазақтардың ғана проблемасы емес, мемлекеттік мәселе екенін түсінгеніміз жөн.
Қорыта келгенде, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқының демографиялық дамуы қазіргі кезде негізінде оң қалыптасуда. Көші-қонның сыртқа бағытталған толқыны баяулап, оң айырым қалыптасты. Табиғи өсім де бұрынғы деңгейіне жетті. Ұлттық құрылымда қазақтардың басымдығына қол жетті. Ендігі демографиялық көрсеткіштерді қазақ ұлтының өз дамуы қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекетіміздің демографиялық және әлеуметтік салада ғылым мен тәжірибеге негізделген саясат жүргізуін талап етіп отырған проблемалар да баршылық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағының қорытындылары. 1 том. –Алматы, -7 б.
Казахстан за годы независимости 1991-2009. Статистический сборник. – Астана, 2010. – С. 11.
Там же. – С. 12.
// Отан тарихы. 2010. №3. 28-29 бб.
Қазақстан Республикасы халқының ұлттық құрамы. 1-том. Алматы, 2000. -6-8 бб.; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 10-11.
Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 11.
Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 11.
Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағының қорытындылары. 1 том, Алматы. 2001.11-12 бб.; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 17.
Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Алматы, 1999. с. 12; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 17.
Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағының қорытындылары. 1 том, Алматы. 2001. 11-12 бб.; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана. 2010. – С.6
// Отан тарихы. 2010. №3. 29-30 бб.
Омарова Г.А.

|
мың адам
|
үлесі, пайызбен
|
санақ қорытындысы бойынша
|
санақ қорытындысы бойынша
|
1989 ж.
|
1999 ж.
|
2009 ж.
|
1989 ж.
|
1999 ж.
|
2009 ж.
|
Барлығы
|
16199154
|
14953126
|
16009597
|
100
|
100
|
100
|
қазақтар
|
6496858
|
7985039
|
10096763
|
40,1
|
53,5
|
63,1
|
орыстар
|
6062019
|
4479620
|
3793764
|
37,4
|
29,9
|
23,6
|
украиндар
|
875691
|
547054
|
333031
|
5,4
|
3,7
|
2,1
|
өзбектер
|
331042
|
370663
|
456997
|
2,0
|
2,5
|
2,8
|
немістер
|
946855
|
353441
|
178409
|
5,9
|
2,4
|
1,1
|
татарлар
|
320747
|
248894
|
204229
|
2,0
|
1,7
|
1,3
|
ұйғырлар
|
181526
|
210365
|
224713
|
1,1
|
1,4
|
1,4
|
беларустар
|
177938
|
111927
|
66476
|
1,1
|
0,8
|
0,4
|
корейлер
|
100739
|
99665
|
100385
|
0,6
|
0,7
|
0,6
|
азербайжандар
|
88951
|
78295
|
85292
|
0,6
|
0,5
|
0,5
|
тү
|
|
|
|
|
|
|