Оңтүстік қазақстан облысы халқының ұлттық құрамындағы ерекшеліктер (1989-2009 жж.)

9 Қараша 2012, 03:43

Соңғы редакциялау: 30 қазан 2012 Оңтүстік қазақстан облысы халқының ұлттық құрамындағы ерекшеліктер (1989-2009 жж.) Егемен ел болғалы, халқымыздың шашыраған бөліктері бір шаңырақтың астына жинала бастағанына, еліміздің дербес дамуға мүмкіндік алғандығы басты себеп болды. Халық­­­­­­­­­ – мемлекетіміздің қайнар көзі бола отырып, тәуелсіз Қазақстанның кешегі, бүгінгі және болашақтағы дамуының тірегі. Тәуелсіздік жағдайындағы Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының ұлттық құрамындағы ерекшеліктерін көрсету. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық дамуына М.Х. Асылбеков пен В.В. Козина арнайы монография даярланған [1]. Онда аталған авторлар республикалық деңгейде еліміздегі тұрғындардың басты факторлары мен тұжырымдарын көрсеткен. Бірақ Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы және жан-жақты зерттеу жүргізбеген, тек Е.С. Асылбековтың қысқаша мақаласында, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 1999 жылғы табиғи өсімі ғана баяндалады [2]. 1989-2009 жылдары Қазақстан Республикасы халқы, оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының ұлттық құрамында едәуір өзгерістер орын алды. Оңтүстік Қазақстан облысы өзге облыстарға қарағанда, ұлттық-мәдени, дәстүрлік, өндірістік, табиғаттық жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Оңтүстік Қазақстан облысы халқының орналасуы, әлеуметтік-демографиялық дамуы, тәуелсіздік жағдайында өсіп-өнуі, соның ішінде ұлттық құрамындағы ерекшеліктері, бүгінде әлі де зерттеуді, толықтыруларды қажет етеді. Сондай-ақ, ұлттық ерекшеліктер, туу, өсу, эмиграциялық және иммиграциялық процестердің орны мен әсері, ерекше көңіл бөлетін мәселелер қатарына жатады. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына арналған 1999 және 2009 жылдардағы статистикалық қорытынды мәліметтерді біз, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (Оңтүстік Қазақстан облысының 1999 жылғы халық санағы қорытындысы) [3;4], (2009 жыл басына Қазақстан Республикасы халқының облыстар, қалалар және аудандар бойынша саны) [5.]. Осы мәліметтерді қолдана отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының 1989-2009 жж. халқының ұлттық құрамындағы өзгерістерді анықтадық. Оңтүстік Қазақстан облысы халқы тәуелсіздікке дейін, 1989 жылғы халық санағы бойынша, 1 млн 823,5 мың адам болса, 1999 жылы 1 млн 978,3 мың адамды құрады, яғни 155 мыңға жуық адамға көбейді, ал 2009 жылғы халық санағы бойынша 2 млн 381,5 мың адамға жетті, яғни 20 жыл ішінде 558 мың адамға өсті. Егер 1989-1999 жж. арасында Қазақстан халқы 1 млн 216 мыңға азайғанын, ал 2009 жыл 16 млн-нан асып, сол 20 жыл бұрынғы деңгейге (16 млн 199 мың) енді ғана жақындағанын ескерсек, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының демографиялық дамуындағы басты ерекшелік олардың саны көбеюінде екенін көреміз. Осыған тығыз байланысты облыс тұрғындарының ұлттық құрамында да елеулі өзгерістер көзге түседі, әсіресе 1989 жылы облыс тұрғындарының жартысынан сәл ғана асқан (55,8%) қазақтар енді басым көпшілікке (70,1%) айналды. Бұл ерекшелік бірінші кестеден айқын көрінеді [3,14б;5,42б.] 1-кесте Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұлттардың пайыздық көрсеткіші (1989-2009 жж.) Жылдар 1989 1999 2009 Барлығы 100 100 100 Қазақтар 55,8 67,8 70,1 Орыстар 15,3 8,2 6,2 Өзбектер 15,6 16,8 17,4 Татарлар 1,9 1,2 0,9 Украиндар 1,8 0,6 0,4 Немістер 2,5 0,3 0,2 Басқа ұлттар 7,1 5,1 4,8 Бұл кестеден бірінші жағынан, қазақтардың үлесі артып, басымдыққа жетуімен қабат, өзбектердің де күрт өсуі, екінші жағынан орыс, неміс, татар, украин және т.б. ұлт өкілдерінің кемігендігі байқалады. 1989-2009 жж. аралығында Республикадағы қазақтардың территориялық орналасуы дәстүрлі, бұрын қалыптасқан бөліс жағдайын нығайта түсті. Оңтүстік аймақта (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласы) барлық қазақтардың 49,8% шоғырланды, ал Батыс аймақта - 19,1%, Солтүстікте – 16,9%, Шығыста – 8,0%, Орталықта – 6,2% орналасқан еді. Яғни Республикадағы қазақтардың басым көпшілігі – 69,9% - Оңтүстік пен Батыс аймақтарда шоғырлануда. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары арасында қазақтардың үлесінің өсуінің негізгі себебі - қазақтардың табиғи өсімі едәуір жоғары болғандығында еді. Е.С. Асылбековтың зерттеуі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 1999 жылы қазақтардың табиғи өсімі 31,619 мың адамға жетсе, орыстар 2632 адам, өзбектер 8909 болса, басқа ұлт өкілдері 2617 адам болған. Бұдан біз қазақтардың табиғи өсімі басым, ал өзбек ұлтының туылуы 10 жыл ішінде артқандығы, орыстардың депопуляция процесіне ұшырағаны байқалады, ал басқа ұлт өкілдерінің төмен көрсеткішке ие болып отырғанын көреміз [2,136б.]. Тәуелсіздік жылдарын урбандалу процестерінің күшейе түскен, әсіресе қазақтардың қалаға бет бұрған кезеңі десек те болады. Бұл жылдары қала халқы 56,7%-дан 54%- ға түскенімен, Оңтүстік Қазақстан облысында қала тұрғындары арасында қазақтардың үлесі - 55,8%-дан 70,1%-ға дейін өсті, яғни 14,3% көбейді, өзбектер – 10,8% өсті, ал басқа ұлт өкілдерінің үлесі төмендей түсті.( 2-кесте қала тұрғындарының ұлттық құрамын көрсетеді.) 2-кесте Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала халқының ұлттық құрамындағы пайыздық көрсеткіш (1989-2009 жж.) [3,15б;5,42б.] Жылдар 1989 1999 2009 Барлығы 100 100 100 Қазақтар 40,8 61,6 59,8 Орыстар 30,7 18,2 12,5 Өзбектер 11,7 11,7 21,5 Немістер 2,4 0,5 0,2 Татарлар 3,6 2,5 1,6 Украиндар 3,3 1,4 0,6 Басқалар 7,5 4,1 3,8 Бұл кестеден қазақтардың 20 жыл ішінде артып, түркі-мұсылман этностары, оның ішінде, өзбектердің көбеюі, басқа еуропа ұлт өкілдерінің азаюын көріп отырмыз. Алдыңғы жылдарға қарағанда, қазақтардың қалалық мекендерде шоғырлана түскенін байқаймыз. Республикамыздағы 2009 жылғы халық санағы бойынша, қала тұрғындары арасындағы қазақтардың үлесі, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысында – 59,8% (552 171) құрап, 19%-ға өсті, сонымен қатар, өзбектер – 21,5% (197 775) құраса, 10 жыл ішінде 42 мың адамға көбейген, ал орыс, татар, украин, неміс т.б. ұлт өкілдері - 12,5% (172 417) құрап, төмендеді. Қазақстан Республикасында Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының алатын орны ерекше. Оның айғағы ретінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Шымкент қаласы, еліміздегі үшінші қала болуы тиіс» [6],- деген бағасынан көре аламыз. Республикадағы қала тұрғындары арасында, оның ішінде, 1 млн 365,105 – Алматы қаласында, ал 639,311 – Астана қаласында, 566,996 - Шымкент қаласында құрап, үшінші орынға ие болып отырса, оның ішінде, қазақтардың үлесі – 57,5% (325 777) құрап, 10 жыл ішінде 118 мыңға көбейді, ал Арыс қалалық әкімдігінде – 65 920 адамды құраса, оның ішінде, қазақтардың үлесі – 95,2% (62 761) адамды құрап, яғни 32 мыңға өсті, Кентау қалалық әкімдігінде – 87 265 адамды құрап, оның ішінде, қазақтардың үлесі – 65,7% (57 305) адамды құрап, 5 мыңға көбейді, ал Түркістан қалалық әкімдігінде – 202 182 адамды құраса, оның ішінде, қазақтардың үлесі – 52,6% (106 328) адамды құрап, 13 мыңға көбейді. [5,42-47бб.]. Облыста 1989 жылы қала тұрғындары – 40,5%, 1999 жылы – 36,8%, 2009 -38,7% құраса, ауылдық жерлерде 1989 жылы – 59,5%, 1999 - 63,2% болса, 2009 жылы – 61,3% құрап отыр, яғни Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының көпшілігі ауылдық мекендерде тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл тұрғындары арасында қазақтардың саны басым екендігі айқын. (3-кесте ауылдық мекендердегі тұрғындардың ұлттық құрамын көрсетеді). 3-кесте Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл халқының ұлттық құрамындағы пайыздық көрсеткіші (1989-2009 жж.) [1,15б;5,42б.] Жылдар 1989 1999 2009 Барлығы 100 100 100 Қазақтар 65,9 71,4 76,6 Орыстар 4,7 2,4 1,2 Өзбектер 18,3 19,7 14,9 Немістер 2,5 0,2 0,2 Татарлар 0,7 0,5 0,5 Украиндар 0,8 0,3 0,2 Басқа ұлттар 7,1 5,5 6,4 Осы кестеден, ауылдық жерлерде де, 20 жылдың ішінде қазақтар 76,6%-ды құраса, 10,7%-ға көбейді, өзбек, орыс, татар, неміс, украин ұлттарының ауылдық мекендерде 17% болып, 10%-ға төмендеп, ал қалған ұлттарда 6,4% құрап, 0,7%-ға кеміп отыр. Республикадағы 2009 жылғы санақ бойынша, аймақтардағы ауыл тұрғындары арасындағы қазақтардың үлесі, оның ішіндегі, Оңтүстік Қазақстан: Оңтүстік Қазақстан облысында – 61,8% (1 млн 471,6 мың) кұраса, Алматы облысында – 81,1% (408,5 мың), Жамбыл облысындағы – 58,1% (599,0 мың), Қызылорда облысында – 64,5% (415,0 мың) құраса, Шығыс Қазақстан: Шығыс Қазақстан облысында – 45,9% (651,0 мың), Орталық Қазақстан: Қарағанды облысында – 21,9% (295,2 мың), Батыс Қазақстан: Батыс Қазақстан облысында – 58,3% (342,4 мың), Ақтөбе облысында – 45,8% (326,0 мың) адамды құрап, 0,1%-ға төмендеген, Атырау облысында – 51,4% (258,0 мың), Маңғыстау облысында – 43,0% (182,3 мың), Солтүстік Қазақстан: Солтүстік Қазақстан облысында - 64,6% (419,0 мың), 37,7% (253,0 мың), Павлодар облысында – 33,7% (253,0 мың) құрап, 28,3%-ға кеміді, Қостанай облысында – 81,3% (456,0 мың), Ақмола облысында – 55,1% (408,5 мың) адамды құрап отыр [1,177б.]. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы халқының ұлтаралық қатынас, ерте заманнан тарихи орны бар еліміздің экономикалық жағдайында маңызды рөл атқарады. Облыстағы ұлттық құрамын қарастыратын болсақ, 1999 жылғы статистикалық санақ бойынша, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш аудандарында полиэтникалық (көпұлттылық) құрам басым, ал Шардара, Ордабасы, Отырар, Созақ, Төле би, Түлкібас аудандарында моноэтникалық (бірұлттылық) тұрғыда дамығандығын байқаймыз [4,41-44б.б.]. Оңтүстік Қазақстан облысында тәуелсіздіктен кейін қазақтар мен өзбектердің табиғи өсімі көрінсе, ал орыс неміс, татар, украин және т.б. ұлт өкілдерінің төмендегенін көреміз. Біздің ойымызша, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-демографиялық дамуына жағдай жасай отырып, егемен еліміздің ұлттық татулығының нығаюына, демографиялық дамуына мүмкіндіктер жеткілікті, - десек қателеспейміз. Облыстағы этностар ішінде қазақтар басым және ұлтаралық қатынастардың нығая түсуіне ұйытқы болып отырғаны баршаға аян. Осы жағдайларды назарға ала отырып, еліміздегі ұлттық қарым-қатынасты, әлеуметтік-демографиялық ахуалды жақсарта беруге ықпал жасағанымыз абзал. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Народанаселение Казахстана в условиях суверинетета. – Алматы: Тарих тағылымы, 2010. – 152 с. Асылбеков Е.С. Оңтүстік Қазақстанды мекендеген ұлттардың демографиялық тарихы. // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3 (38).2005. Итоги переписи населения 1999 года по Южно-Казахстанской области. Том 1. Агентство Республики Казахстан по статистике. Алматы, 2001.- 157 с. Итоги переписи населения 1999 года по Южно-Казахстанской области. Том 2. Агентство Республики Казахстан по статистике. Алматы, 2001.-255 с. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. 2009 жыл басына Қазақстан Республикасы халқының облыстар, қалалар және аудандар бойынша саны. 2009. – 47 б. Көлбай Ж. Шымкент миллионер болуға жақын. // Түркістан. № 49 (855) 9 желтоқсан. 2010 Спабеков Ж.Қ.

Соңғы редакциялау:

30 қазан 2012

Оңтүстік қазақстан облысы халқының ұлттық құрамындағы ерекшеліктер (1989-2009 жж.)

Егемен ел болғалы, халқымыздың шашыраған бөліктері бір шаңырақтың астына жинала бастағанына, еліміздің дербес дамуға мүмкіндік алғандығы басты себеп болды.

Халық­­­­­­­­­ – мемлекетіміздің қайнар көзі бола отырып, тәуелсіз Қазақстанның кешегі, бүгінгі және болашақтағы дамуының тірегі. Тәуелсіздік жағдайындағы Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының ұлттық құрамындағы ерекшеліктерін көрсету. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық дамуына М.Х. Асылбеков пен В.В. Козина арнайы монография даярланған [1]. Онда аталған авторлар республикалық деңгейде еліміздегі тұрғындардың басты факторлары мен тұжырымдарын көрсеткен. Бірақ Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы және жан-жақты зерттеу жүргізбеген, тек Е.С. Асылбековтың қысқаша мақаласында, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 1999 жылғы табиғи өсімі ғана баяндалады [2].

1989-2009 жылдары Қазақстан Республикасы халқы, оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының ұлттық құрамында едәуір өзгерістер орын алды. Оңтүстік Қазақстан облысы өзге облыстарға қарағанда, ұлттық-мәдени, дәстүрлік, өндірістік, табиғаттық жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Оңтүстік Қазақстан облысы халқының орналасуы, әлеуметтік-демографиялық дамуы, тәуелсіздік жағдайында өсіп-өнуі, соның ішінде ұлттық құрамындағы ерекшеліктері, бүгінде әлі де зерттеуді, толықтыруларды қажет етеді. Сондай-ақ, ұлттық ерекшеліктер, туу, өсу, эмиграциялық және иммиграциялық процестердің орны мен әсері, ерекше көңіл бөлетін мәселелер қатарына жатады.

Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына арналған 1999 және 2009 жылдардағы статистикалық қорытынды мәліметтерді біз, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (Оңтүстік Қазақстан облысының 1999 жылғы халық санағы қорытындысы) [3;4], (2009 жыл басына Қазақстан Республикасы халқының облыстар, қалалар және аудандар бойынша саны) [5.]. Осы мәліметтерді қолдана отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының 1989-2009 жж. халқының ұлттық құрамындағы өзгерістерді анықтадық.

Оңтүстік Қазақстан облысы халқы тәуелсіздікке дейін, 1989 жылғы халық санағы бойынша, 1 млн 823,5 мың адам болса, 1999 жылы 1 млн 978,3 мың адамды құрады, яғни 155 мыңға жуық адамға көбейді, ал 2009 жылғы халық санағы бойынша 2 млн 381,5 мың адамға жетті, яғни 20 жыл ішінде 558 мың адамға өсті. Егер 1989-1999 жж. арасында Қазақстан халқы 1 млн 216 мыңға азайғанын, ал 2009 жыл 16 млн-нан асып, сол 20 жыл бұрынғы деңгейге (16 млн 199 мың) енді ғана жақындағанын ескерсек, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының демографиялық дамуындағы басты ерекшелік олардың саны көбеюінде екенін көреміз. Осыған тығыз байланысты облыс тұрғындарының ұлттық құрамында да елеулі өзгерістер көзге түседі, әсіресе 1989 жылы облыс тұрғындарының жартысынан сәл ғана асқан (55,8%) қазақтар енді басым көпшілікке (70,1%) айналды. Бұл ерекшелік бірінші кестеден айқын көрінеді [3,14б;5,42б.]

1-кесте

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұлттардың пайыздық көрсеткіші (1989-2009 жж.)

Жылдар

1989

1999

2009

Барлығы

100

100

100

Қазақтар

55,8

67,8

70,1

Орыстар

15,3

8,2

6,2

Өзбектер

15,6

16,8

17,4

Татарлар

1,9

1,2

0,9

Украиндар

1,8

0,6

0,4

Немістер

2,5

0,3

0,2

Басқа ұлттар

7,1

5,1

4,8

Бұл кестеден бірінші жағынан, қазақтардың үлесі артып, басымдыққа жетуімен қабат, өзбектердің де күрт өсуі, екінші жағынан орыс, неміс, татар, украин және т.б. ұлт өкілдерінің кемігендігі байқалады.

1989-2009 жж. аралығында Республикадағы қазақтардың территориялық орналасуы дәстүрлі, бұрын қалыптасқан бөліс жағдайын нығайта түсті. Оңтүстік аймақта (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласы) барлық қазақтардың 49,8% шоғырланды, ал Батыс аймақта - 19,1%, Солтүстікте – 16,9%, Шығыста – 8,0%, Орталықта – 6,2% орналасқан еді. Яғни Республикадағы қазақтардың басым көпшілігі – 69,9% - Оңтүстік пен Батыс аймақтарда шоғырлануда. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары арасында қазақтардың үлесінің өсуінің негізгі себебі - қазақтардың табиғи өсімі едәуір жоғары болғандығында еді. Е.С. Асылбековтың зерттеуі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 1999 жылы қазақтардың табиғи өсімі 31,619 мың адамға жетсе, орыстар 2632 адам, өзбектер 8909 болса, басқа ұлт өкілдері 2617 адам болған. Бұдан біз қазақтардың табиғи өсімі басым, ал өзбек ұлтының туылуы 10 жыл ішінде артқандығы, орыстардың депопуляция процесіне ұшырағаны байқалады, ал басқа ұлт өкілдерінің төмен көрсеткішке ие болып отырғанын көреміз [2,136б.].

Тәуелсіздік жылдарын урбандалу процестерінің күшейе түскен, әсіресе қазақтардың қалаға бет бұрған кезеңі десек те болады. Бұл жылдары қала халқы 56,7%-дан 54%- ға түскенімен, Оңтүстік Қазақстан облысында қала тұрғындары арасында қазақтардың үлесі - 55,8%-дан 70,1%-ға дейін өсті, яғни 14,3% көбейді, өзбектер – 10,8% өсті, ал басқа ұлт өкілдерінің үлесі төмендей түсті.( 2-кесте қала тұрғындарының ұлттық құрамын көрсетеді.) 2-кесте Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала халқының ұлттық құрамындағы пайыздық көрсеткіш (1989-2009 жж.) [3,15б;5,42б.]

Жылдар

1989

1999

2009

Барлығы

100

100

100

Қазақтар

40,8

61,6

59,8

Орыстар

30,7

18,2

12,5

Өзбектер

11,7

11,7

21,5

Немістер

2,4

0,5

0,2

Татарлар

3,6

2,5

1,6

Украиндар

3,3

1,4

0,6

Басқалар

7,5

4,1

3,8

Бұл кестеден қазақтардың 20 жыл ішінде артып, түркі-мұсылман этностары, оның ішінде, өзбектердің көбеюі, басқа еуропа ұлт өкілдерінің азаюын көріп отырмыз. Алдыңғы жылдарға қарағанда, қазақтардың қалалық мекендерде шоғырлана түскенін байқаймыз. Республикамыздағы 2009 жылғы халық санағы бойынша, қала тұрғындары арасындағы қазақтардың үлесі, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысында – 59,8% (552 171) құрап, 19%-ға өсті, сонымен қатар, өзбектер – 21,5% (197 775) құраса, 10 жыл ішінде 42 мың адамға көбейген, ал орыс, татар, украин, неміс т.б. ұлт өкілдері - 12,5% (172 417) құрап, төмендеді.

Қазақстан Республикасында Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының алатын орны ерекше. Оның айғағы ретінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Шымкент қаласы, еліміздегі үшінші қала болуы тиіс» [6],- деген бағасынан көре аламыз. Республикадағы қала тұрғындары арасында, оның ішінде, 1 млн 365,105 – Алматы қаласында, ал 639,311 – Астана қаласында, 566,996 - Шымкент қаласында құрап, үшінші орынға ие болып отырса, оның ішінде, қазақтардың үлесі – 57,5% (325 777) құрап, 10 жыл ішінде 118 мыңға көбейді, ал Арыс қалалық әкімдігінде – 65 920 адамды құраса, оның ішінде, қазақтардың үлесі – 95,2% (62 761) адамды құрап, яғни 32 мыңға өсті, Кентау қалалық әкімдігінде – 87 265 адамды құрап, оның ішінде, қазақтардың үлесі – 65,7% (57 305) адамды құрап, 5 мыңға көбейді, ал Түркістан қалалық әкімдігінде – 202 182 адамды құраса, оның ішінде, қазақтардың үлесі – 52,6% (106 328) адамды құрап, 13 мыңға көбейді. [5,42-47бб.].

Облыста 1989 жылы қала тұрғындары – 40,5%, 1999 жылы – 36,8%, 2009 -38,7% құраса, ауылдық жерлерде 1989 жылы – 59,5%, 1999 - 63,2% болса, 2009 жылы – 61,3% құрап отыр, яғни Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының көпшілігі ауылдық мекендерде тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл тұрғындары арасында қазақтардың саны басым екендігі айқын. (3-кесте ауылдық мекендердегі тұрғындардың ұлттық құрамын көрсетеді).

3-кесте

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл халқының ұлттық құрамындағы пайыздық көрсеткіші (1989-2009 жж.) [1,15б;5,42б.]

Жылдар

1989

1999

2009

Барлығы

100

100

100

Қазақтар

65,9

71,4

76,6

Орыстар

4,7

2,4

1,2

Өзбектер

18,3

19,7

14,9

Немістер

2,5

0,2

0,2

Татарлар

0,7

0,5

0,5

Украиндар

0,8

0,3

0,2

Басқа ұлттар

7,1

5,5

6,4

Осы кестеден, ауылдық жерлерде де, 20 жылдың ішінде қазақтар 76,6%-ды құраса, 10,7%-ға көбейді, өзбек, орыс, татар, неміс, украин ұлттарының ауылдық мекендерде 17% болып, 10%-ға төмендеп, ал қалған ұлттарда 6,4% құрап, 0,7%-ға кеміп отыр.

Республикадағы 2009 жылғы санақ бойынша, аймақтардағы ауыл тұрғындары арасындағы қазақтардың үлесі, оның ішіндегі, Оңтүстік Қазақстан: Оңтүстік Қазақстан облысында – 61,8% (1 млн 471,6 мың) кұраса, Алматы облысында – 81,1% (408,5 мың), Жамбыл облысындағы – 58,1% (599,0 мың), Қызылорда облысында – 64,5% (415,0 мың) құраса, Шығыс Қазақстан: Шығыс Қазақстан облысында – 45,9% (651,0 мың), Орталық Қазақстан: Қарағанды облысында – 21,9% (295,2 мың), Батыс Қазақстан: Батыс Қазақстан облысында – 58,3% (342,4 мың), Ақтөбе облысында – 45,8% (326,0 мың) адамды құрап, 0,1%-ға төмендеген, Атырау облысында – 51,4% (258,0 мың), Маңғыстау облысында – 43,0% (182,3 мың), Солтүстік Қазақстан: Солтүстік Қазақстан облысында - 64,6% (419,0 мың), 37,7% (253,0 мың), Павлодар облысында – 33,7% (253,0 мың) құрап, 28,3%-ға кеміді, Қостанай облысында – 81,3% (456,0 мың), Ақмола облысында – 55,1% (408,5 мың) адамды құрап отыр [1,177б.].

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы халқының ұлтаралық қатынас, ерте заманнан тарихи орны бар еліміздің экономикалық жағдайында маңызды рөл атқарады. Облыстағы ұлттық құрамын қарастыратын болсақ, 1999 жылғы статистикалық санақ бойынша, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш аудандарында полиэтникалық (көпұлттылық) құрам басым, ал Шардара, Ордабасы, Отырар, Созақ, Төле би, Түлкібас аудандарында моноэтникалық (бірұлттылық) тұрғыда дамығандығын байқаймыз [4,41-44б.б.]. Оңтүстік Қазақстан облысында тәуелсіздіктен кейін қазақтар мен өзбектердің табиғи өсімі көрінсе, ал орыс неміс, татар, украин және т.б. ұлт өкілдерінің төмендегенін көреміз.

Біздің ойымызша, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-демографиялық дамуына жағдай жасай отырып, егемен еліміздің ұлттық татулығының нығаюына, демографиялық дамуына мүмкіндіктер жеткілікті, - десек қателеспейміз. Облыстағы этностар ішінде қазақтар басым және ұлтаралық қатынастардың нығая түсуіне ұйытқы болып отырғаны баршаға аян.

Осы жағдайларды назарға ала отырып, еліміздегі ұлттық қарым-қатынасты, әлеуметтік-демографиялық ахуалды жақсарта беруге ықпал жасағанымыз абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Народанаселение Казахстана в условиях суверинетета. – Алматы: Тарих тағылымы, 2010. – 152 с.
  2. Асылбеков Е.С. Оңтүстік Қазақстанды мекендеген ұлттардың демографиялық тарихы. // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3 (38).2005.
  3. Итоги переписи населения 1999 года по Южно-Казахстанской области. Том 1. Агентство Республики Казахстан по статистике. Алматы, 2001.- 157 с.
  4. Итоги переписи населения 1999 года по Южно-Казахстанской области. Том 2. Агентство Республики Казахстан по статистике. Алматы, 2001.-255 с.
  5. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. 2009 жыл басына Қазақстан Республикасы халқының облыстар, қалалар және аудандар бойынша саны. 2009. – 47 б.
  6. Көлбай Ж. Шымкент миллионер болуға жақын. // Түркістан. № 49 (855) 9 желтоқсан. 2010

Спабеков Ж.Қ.

Бөлісу: