Халық театры

9 Қараша 2012, 03:33

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Халық театры — сахналық өнер түрі. Сахналық өнердің алғашқы нышандары ерте заманнан-ақ халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, мұң-мүддесімен біте қайнасып, бірге дамыды. Шаруашылық науқандарына байланысты жиын-тойлар (“сабан той”, “ұлыстың ұлы күні”, т.б.) соның айғағы. Халықтың дәстүрлі ойындарына (“Қалтырауық қамыр кемпір”, “Ақ боран”, т.б.) шаруа ыңғайына сай қатысушылар көктем мен қыстың кейпіне еніп, шартты сахнада қысты көктемге жеңгізеді, сөйтіп, алдағы егіс науқанының сәтті, жемісті болуын алдын ала қамтамасыз етеді. Мұның өзі “ойынның” магиялық күшіне, яғни табиғаттың стихиялы күштерін (мезгілсіз жауын-шашын, қуаңшылық) игеріп, дүниені өзгерте алатынына сенуден туындаған еді. Малға жабысатын ауруды қуу мақсатында айтылатын бәдік айтысының да түп-төркіні шаруашылық қамына, мал басының амандығын тілеуге саяды; рулық қатынастардың дамуына байланысты ертеде бақсылар билік тізгінін өз қолдарына алған. Жазу, таңба құпиясын білетін бақсылар өз қолдарында адамдар тағдырын да ұстап отырмыз деп есептеді. Осыған орай ру тарихы, шежірелер сыры, әулиелер өмірінен үзінділер оқу, рубасыларының ерліктерін дәріптеп, жұрт алдында әр түрлі қимыл-әрекеттер арқылы соларды марапаттау, яғни діни-канондық негіздегі мәтіндер, әдет-ғұрыптар тек бақсылардың иелігінде болды. Халық көп жиналатын жиын-тойлар, ойын-сауық түрлері — осындай халық шығарм-ның алғашқы түрі болды. Мұндай жиындар жалпыхалықтық сипаттағы мейрамға айналды. Сол себепті, халық мейрамындағы адамдар арасындағы қарым-қатынас та еркін, ойнақы болатын. Мұның өзі ауызекі тілдің тек қана осындай жиындарға тән ерекше үрдістерін (ант-су ішу, серттесу, қарғап-сілеу, т.б.) дүниеге әкелді. Мейрам кезінде қулар, қуақылар күнделікті, мейрамнан тыс өмірдің кикілжіңдерінен үзінділер келтіріп, кем-кетікті жұрт алдында сынап-мінеп отырған. Халық арасында Алдар Көсе, Айдарбек, Торсықбай, Мәуке, Қонтай-Тонтай, т.б. қулар аңыз болды. Олар күнделікті өмірде де жиын-тойдағы әлеум. күшін жоймай, қатыгез, тоң мойын, дөрекі адамдарды сынап-мінеді. Сынап-мінейтін адамдарының кейпіне еніп, мінез-құлқын жұрт алдында масқаралайтын қулар өнерінің бастауында — сырқатты емдеу кезінде аруақтармен тілдесу үшін “өңін айналдырып”, әр түрлі тотемдік бейнелерді жасайтын бақсылар ойны жатыр. Бақсы ойнын қазіргі этногр. әдебиеттерде “бір актердің театры” деп жүр. Шындығында, бақсы ойнының өз сахнасы, декорациясы, муз. сүйемелдеушісі, көрермені болады. Сырқатты емдеуге бақсымен бірге көрермендер де қатысып, ауру-сырқаудан (жаман пиғылдан) олардың өздері де тазарып отырған. Сол сияқты адамның бойына жабысатын ауруды пәле-жала деп есептеген халық оны бақсы ойны арқылы емдеп, қоршаған әлемді тазартып алады да, ойын барысында өзінің жаны қайта туып, қайта түлеп, өзгеріп отырады. Театр өнерінің көрермен жанын тазарту дәстүрі (катарсис — Аристотель) бақсы ойнынан бастау алады. Халық жиындары адам өмірінің шешуші кезеңдеріне бағышталып отырды: ас беру, үйлену тойы, қыс пен көктемнің тоқайласқан кезі (“Наурыз”, “Ұлыстың ұлы күні”), қоғамдық (рулық) күштердің қақтығысуы (билер соты, айтыс) үстем тап пен халық мүддесінің қайшылығы (қулар), т.б. Осыған орай, қазақ топырағында дүниеге келген театр өнерінің алғашқы нышандары — қарама-қайшылығы да, теңдік-теңсіздігі де мол қазақ өмірінің өзі болды. Yйлену тойында айтылатын дәстүрлі “Жар-жар”, “Сыңсу”, “Қоштасу”, “Беташар”, т.б. әндер, өлеңдер мен күйлердің қыз аулына келгендегі еріксіз қатынасатын әр түрлі ойындары (“Есік ашар”, “Қол ұстар”, “Шаш сипар”, т.б.) бірігіп, өмірдің біртұтас драм., кейде комед. спектакліне айналатын. Бұл өмір “ойнынан” жат жұртқа айттырылған қыздың еліне айтқан зары, сүйініш-күйініші, өкпе-наласы, қалың мал ин-тының зардабы, т.с.с. Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі қазақ өмірінен орын алған қоғамдық әлеум. ахуал көрініс берді. Сондықтан да, үйлену тойына байланысты дәстүрлі әдет-ғұрыптар өмірлік қуатының, халықтың көкейкесті мүдде-мұратына жақындығының арқасында көптеген инсценировкаларға, бертін келе спектакльдерге рухани негіз болды. Осылайша халық өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, бірге дамыған театр өнері халықтық сипат алып отырды. Ертеден халық арасына халық арасына кең тарап, оның эстет. көңіл-күйінен хабар беретін айтыс өнері де өз бойында театр өнерінің нышандарын сақтады. Алғашында шаруашылық қамына байланысты жыл мезгілдерінің айтысы (11 ғ., Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” атты кітабында қыс пен көктемнің айтысы берілген) ретінде дүниеге келген айтыс өнері қоғамдық ойдың дамуына сай “Жар-жардағы” қыздар мен жігіттердің айтысы, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, т.б. түрлерге бөлініп, форма жағынан ыдырауды басынан кешірді. Айтыс та, басқа театр өнерінің түрлері сияқты қақтығысқа құрылды. Ақындар кейде ру атынан сайысқа түсіп, руаралық дау-дамайды қоздыра түсетін болса, кейде жеке басындағы қайшылықтарды, әлеум. теңсіздігін де тілге тиек етті. Ақындардың көрермен алдында өздерін ұстау дағдысы, айтысы өз пайдасына шешу үшін әр түрлі экспрессивтік әдістерді пайдалануы, т.с.с. жайттар кейін қазақ топырағында актерлік өнердің туып қалыптасуына, өркен жаюына игі ықпалын тигізді. Халық арасынан шыққан өнерпаздар (Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев) алғашында қулардың, бақсының, ақын, сал-серілердің машықтарын оңтайлы пайдаланды. Халық театрының бір бөлігін қамтитын ендігі бір үлкен сала — жыршы, жыраулар өнері. Эпостық, лиро-эпостық жырларын көрермендер їәм тыңдаушылар алдында нақышына келтіріп орындап, жыр кейіпкерлерінің тағдырына оларды да ортақтастырып, қатыстырып отыратын жыршы — халықтың біртұтас лиро-эпостық дүниетанымының бір бөлшегін құрады. Жыршының жыр айтуы қазіргі инсценировкалар дәрежесінде жүріп отырды. Бүгінгі таңдағы эпик. театр өз бастауын осы инсценировкалардан алады. Қоршаған әлемге, табиғат сұлулығына деген таңданыстан туып, бірте-бірте театрлық (ойыни) дүниетаным болып қалыптасқан қазақ өнерінің бір арнасы — халық билері. Халық арасында кең тараған билердің бірі — “Ортеке биі” қуыршақ театрының алғашқы элементтерін дүниеге әкелді. Осылайша қазақ өнерінің бір саласы — халық театры өз дамуының бірнеше сатыларын бастан кешіріп, кәсіби театр өнеріне ұласты. Қазақстанда 20 ғ-дың 2-жартысынан бастап Х. т-лары ұйымдастырылып жұмыс істей бастады. Кезінде олардың қатарынан, әсіресе, Абай, Ақжар, Зайсан (қазіргі Шығыс Қазақстан обл.), Теңіз (қазіргі Атырау обл.), Ақсу, Нарынқол (қазіргі Алматы обл.), Шаян (Оңт. Қазақстан обл.), т.б. Х. т. ұжымдары өз өнерлерімен көрермендердің зор құрметіне бөленді. 20 ғ-дың 90-жылдары нарықтық қатынасқа байланысты республикадағы Х. т-ның саны азайып, олардың көпшілігі көркемөнерпаздар үйірмелері деңгейіне дейін  түсті. Мыс., 1995 ж. осындай драм. ұжымдардың саны 1295 болса, 2000 ж. 731 драм. ұжымдар ғана еңбек етті. Соңғы жылдары халықтың экон.-әлеум. жағдайының өсуіне орай жер-жердегі өнер ұжымдарының жұмысына да көп көңіл бөліне бастады. Соның нәтижесінде 2005 ж. Х. т-ның негізін құрайтын драм. ұжымның саны 1106-ға жетті. Е. Аманшаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Халық театры — сахналық өнер түрі. Сахналық өнердің алғашқы нышандары ерте заманнан-ақ халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, мұң-мүддесімен біте қайнасып, бірге дамыды. Шаруашылық науқандарына байланысты жиын-тойлар (“сабан той”, “ұлыстың ұлы күні”, т.б.) соның айғағы. Халықтың дәстүрлі ойындарына (“Қалтырауық қамыр кемпір”, “Ақ боран”, т.б.) шаруа ыңғайына сай қатысушылар көктем мен қыстың кейпіне еніп, шартты сахнада қысты көктемге жеңгізеді, сөйтіп, алдағы егіс науқанының сәтті, жемісті болуын алдын ала қамтамасыз етеді. Мұның өзі “ойынның” магиялық күшіне, яғни табиғаттың стихиялы күштерін (мезгілсіз жауын-шашын, қуаңшылық) игеріп, дүниені өзгерте алатынына сенуден туындаған еді. Малға жабысатын ауруды қуу мақсатында айтылатын бәдік айтысының да түп-төркіні шаруашылық қамына, мал басының амандығын тілеуге саяды; рулық қатынастардың дамуына байланысты ертеде бақсылар билік тізгінін өз қолдарына алған. Жазу, таңба құпиясын білетін бақсылар өз қолдарында адамдар тағдырын да ұстап отырмыз деп есептеді. Осыған орай ру тарихы, шежірелер сыры, әулиелер өмірінен үзінділер оқу, рубасыларының ерліктерін дәріптеп, жұрт алдында әр түрлі қимыл-әрекеттер арқылы соларды марапаттау, яғни діни-канондық негіздегі мәтіндер, әдет-ғұрыптар тек бақсылардың иелігінде болды. Халық көп жиналатын жиын-тойлар, ойын-сауық түрлері — осындай халық шығарм-ның алғашқы түрі болды. Мұндай жиындар жалпыхалықтық сипаттағы мейрамға айналды. Сол себепті, халық мейрамындағы адамдар арасындағы қарым-қатынас та еркін, ойнақы болатын. Мұның өзі ауызекі тілдің тек қана осындай жиындарға тән ерекше үрдістерін (ант-су ішу, серттесу, қарғап-сілеу, т.б.) дүниеге әкелді. Мейрам кезінде қулар, қуақылар күнделікті, мейрамнан тыс өмірдің кикілжіңдерінен үзінділер келтіріп, кем-кетікті жұрт алдында сынап-мінеп отырған. Халық арасында Алдар Көсе, Айдарбек, Торсықбай, Мәуке, Қонтай-Тонтай, т.б. қулар аңыз болды. Олар күнделікті өмірде де жиын-тойдағы әлеум. күшін жоймай, қатыгез, тоң мойын, дөрекі адамдарды сынап-мінеді. Сынап-мінейтін адамдарының кейпіне еніп, мінез-құлқын жұрт алдында масқаралайтын қулар өнерінің бастауында — сырқатты емдеу кезінде аруақтармен тілдесу үшін “өңін айналдырып”, әр түрлі тотемдік бейнелерді жасайтын бақсылар ойны жатыр. Бақсы ойнын қазіргі этногр. әдебиеттерде “бір актердің театры” деп жүр. Шындығында, бақсы ойнының өз сахнасы, декорациясы, муз. сүйемелдеушісі, көрермені болады. Сырқатты емдеуге бақсымен бірге көрермендер де қатысып, ауру-сырқаудан (жаман пиғылдан) олардың өздері де тазарып отырған. Сол сияқты адамның бойына жабысатын ауруды пәле-жала деп есептеген халық оны бақсы ойны арқылы емдеп, қоршаған әлемді тазартып алады да, ойын барысында өзінің жаны қайта туып, қайта түлеп, өзгеріп отырады. Театр өнерінің көрермен жанын тазарту дәстүрі (катарсис — Аристотель) бақсы ойнынан бастау алады.

Халық жиындары адам өмірінің шешуші кезеңдеріне бағышталып отырды: ас беру, үйлену тойы, қыс пен көктемнің тоқайласқан кезі (“Наурыз”, “Ұлыстың ұлы күні”), қоғамдық (рулық) күштердің қақтығысуы (билер соты, айтыс) үстем тап пен халық мүддесінің қайшылығы (қулар), т.б. Осыған орай, қазақ топырағында дүниеге келген театр өнерінің алғашқы нышандары — қарама-қайшылығы да, теңдік-теңсіздігі де мол қазақ өмірінің өзі болды. Yйлену тойында айтылатын дәстүрлі “Жар-жар”, “Сыңсу”, “Қоштасу”, “Беташар”, т.б. әндер, өлеңдер мен күйлердің қыз аулына келгендегі еріксіз қатынасатын әр түрлі ойындары (“Есік ашар”, “Қол ұстар”, “Шаш сипар”, т.б.) бірігіп, өмірдің біртұтас драм., кейде комед. спектакліне айналатын. Бұл өмір “ойнынан” жат жұртқа айттырылған қыздың еліне айтқан зары, сүйініш-күйініші, өкпе-наласы, қалың мал ин-тының зардабы, т.с.с. Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі қазақ өмірінен орын алған қоғамдық әлеум. ахуал көрініс берді. Сондықтан да, үйлену тойына байланысты дәстүрлі әдет-ғұрыптар өмірлік қуатының, халықтың көкейкесті мүдде-мұратына жақындығының арқасында көптеген инсценировкаларға, бертін келе спектакльдерге рухани негіз болды. Осылайша халық өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, бірге дамыған театр өнері халықтық сипат алып отырды. Ертеден халық арасына халық арасына кең тарап, оның эстет. көңіл-күйінен хабар беретін айтыс өнері де өз бойында театр өнерінің нышандарын сақтады. Алғашында шаруашылық қамына байланысты жыл мезгілдерінің айтысы (11 ғ., Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” атты кітабында қыс пен көктемнің айтысы берілген) ретінде дүниеге келген айтыс өнері қоғамдық ойдың дамуына сай “Жар-жардағы” қыздар мен жігіттердің айтысы, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, т.б. түрлерге бөлініп, форма жағынан ыдырауды басынан кешірді. Айтыс та, басқа театр өнерінің түрлері сияқты қақтығысқа құрылды. Ақындар кейде ру атынан сайысқа түсіп, руаралық дау-дамайды қоздыра түсетін болса, кейде жеке басындағы қайшылықтарды, әлеум. теңсіздігін де тілге тиек етті. Ақындардың көрермен алдында өздерін ұстау дағдысы, айтысы өз пайдасына шешу үшін әр түрлі экспрессивтік әдістерді пайдалануы, т.с.с. жайттар кейін қазақ топырағында актерлік өнердің туып қалыптасуына, өркен жаюына игі ықпалын тигізді. Халық арасынан шыққан өнерпаздар (Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев) алғашында қулардың, бақсының, ақын, сал-серілердің машықтарын оңтайлы пайдаланды. Халық театрының бір бөлігін қамтитын ендігі бір үлкен сала — жыршы, жыраулар өнері. Эпостық, лиро-эпостық жырларын көрермендер їәм тыңдаушылар алдында нақышына келтіріп орындап, жыр кейіпкерлерінің тағдырына оларды да ортақтастырып, қатыстырып отыратын жыршы — халықтың біртұтас лиро-эпостық дүниетанымының бір бөлшегін құрады. Жыршының жыр айтуы қазіргі инсценировкалар дәрежесінде жүріп отырды. Бүгінгі таңдағы эпик. театр өз бастауын осы инсценировкалардан алады. Қоршаған әлемге, табиғат сұлулығына деген таңданыстан туып, бірте-бірте театрлық (ойыни) дүниетаным болып қалыптасқан қазақ өнерінің бір арнасы — халық билері. Халық арасында кең тараған билердің бірі — “Ортеке биі” қуыршақ театрының алғашқы элементтерін дүниеге әкелді. Осылайша қазақ өнерінің бір саласы — халық театры өз дамуының бірнеше сатыларын бастан кешіріп, кәсіби театр өнеріне ұласты. Қазақстанда 20 ғ-дың 2-жартысынан бастап Х. т-лары ұйымдастырылып жұмыс істей бастады. Кезінде олардың қатарынан, әсіресе, Абай, Ақжар, Зайсан (қазіргі Шығыс Қазақстан обл.), Теңіз (қазіргі Атырау обл.), Ақсу, Нарынқол (қазіргі Алматы обл.), Шаян (Оңт. Қазақстан обл.), т.б. Х. т. ұжымдары өз өнерлерімен көрермендердің зор құрметіне бөленді. 20 ғ-дың 90-жылдары нарықтық қатынасқа байланысты республикадағы Х. т-ның саны азайып, олардың көпшілігі көркемөнерпаздар үйірмелері деңгейіне дейін  түсті. Мыс., 1995 ж. осындай драм. ұжымдардың саны 1295 болса, 2000 ж. 731 драм. ұжымдар ғана еңбек етті. Соңғы жылдары халықтың экон.-әлеум. жағдайының өсуіне орай жер-жердегі өнер ұжымдарының жұмысына да көп көңіл бөліне бастады. Соның нәтижесінде 2005 ж. Х. т-ның негізін құрайтын драм. ұжымның саны 1106-ға жетті.

Е. Аманшаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Бөлісу: