21 Қараша 2014, 04:23
Жортар аттың тоғы игі.
Мақал - мәтел
Ат күйгелек болса - арық болар, ер күйгелек болса - ғаріп болар.
Мақал – мәтел
Ат қадірін - жоқ білмес, ас қадірін - тоқ білмес.
Мақал - мәтел
Сиыр су ішсе - бұзау мұз жалайды.
Мақал - мәтел
Есектің еті -арам, күші - адал.
Мақал – мәтел
Қой сүті - қорғасын.
Мақал - мәтел
Семіздікті қой ғана көтереді.
Мақал - мәтел
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Мақал - мәтел
Ақсақ қой жатып семіреді.
Мақал - мәтел
Құдай сүзеген сиырға мүйіз бермейді.
Мақал - мәтел
Басы аманның - малы түгел.
Мақал - мәтел
Ала қойды бөле қырыққан - жүнге жарымас.
Мақал - мәтел
Тай - атқа жеткізер, ат - мұратқа жеткізер.
Мақал - мәтел
Еттің бәрі - қозы емес, иттің бәрі - тазы емес.
Мақал - мәтел
Алпыс күн атан болғанша, бір күн бура болғанға нежетсін.
Мақал - мәтел
Жығылсаң жылқы - жалын төсейді, сиыр - мүйізін төсейді
Мақал - мәтел
Соңғы түйенің жүгі ауыр.
Мақал - мәтел
Малдың аузы оттамайды, аяғы оттайды.
Мақал - мәтел
Бас екеу болмай - мал екеу болмас.
Мақал - мәтел
Түйе даулап - лақ ал, лақ ал да - тына қал.
Мақал - мәтел
Ордалы құлан ақсағын білдіртпес.
Мақал - мәтел
Малымды алса да, қонағымды алмасын.
Мақал - мәтел
Құтты қонақ келсе - қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабады.
Мақал - мәтел
Түйенің танығаны - жапырағы.
Мақал - мәтел
Алыстан шабынған бураның күші тез қайтады.
Мақал - мәтел
Мал ашуы - жан ашуы.
Мақал - мәтел
Ойнақтап жаман сиыр - жылқы болмас.
Қара өлең
Алпыс күн атан болғанша - алты күн бура бол.
Би-шешендер
Арбадан үркер жаман ат - сауырына жал бітсе,
Қайыры болмас ғаріпке - ақылсызға мал бітсе,
Қасына қоңсы қондырмас - қас жаманға әл бітсе.
Би-шешендер
Ешкімнің іші толған лақ еді, саусам -сүті бұлақ еді, қап-қап құрты бар еді, қарын-қарын майы бар еді, сойсам - терісі бұтыма қап еді, мүйізі - пышағыма сап еді, қатыным қандай көретін еді - айыр емес, нардай көретін еді.
Би-шешендер
Сүріншек жылқы - жол таппас, еріншек жігіт- мал таппас.
Би-шешендер
Зекетсіз мал айдама.
Шортанбай Қанайұлы
Өлімге де - мал керек, батырға да - жан керек.
Шортанбай Қанайұлы
Қайыры жоқ ас сақтап, дәмді харам шайнама.
Шортанбай Қанайұлы
Жылқының құты - айғыр-ды, бұқаның құты - бура ғой.
Шортанбай Қанайұлы
Төрден орын тимейді - патша болса да малы азға.
Шортанбай Қанайұлы
Шабан ат жаман аттан азбас, тегі.
Шал Құлекеұлы
Ат қасқасы ай болмас.
Махмұд Қашқари
Малы көптің - қайғысы да көп.
Құтып
Нағыз тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілдіріп, әсерлі қайырып кісінейді.
Әйтеке Байбекұлы
Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.
Жанақ Сағындықұлы
Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы.
Жиренше шешен
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы