Ақтөбе өңірі халқының табиғи жолмен өсуі

9 Қараша 2012, 03:23

Соңғы редакциялау: 30 қазан 2012 Ақтөбе өңірі халқының табиғи жолмен өсуі Тарихи демографияның зерттеу нысанына алатын халықтың табиғи жолмен өсуі аса маңызды мемлекеттік стратегияның бір саласы болып табылады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік бір әсері бар (еңбек күші ресурстары, отан қорғауды қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды, мәдениетті дамытудағы жетекшілікті, тілді сақтап қалуда қазақтардың ара-салмағы) терең талдауды қажет ететін, қорытынды шығаруға дерек беретін түпкі нысана деуге болады. Ғасырдың басынан бастап-ақ қазақ халқының демографиялық дамуы, қоғамдағы тарихи оқиғалардың өрбуіне, саяси науқандар мен әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар мен дамуларға тікелей тәуелді болды. Бұл әсіресе, тұтастай ғасырлар бойы тізбектеліп өткен тарихи тәжірибенің жиынтығынан анық көрінеді. Қазақ халқының басынан өткен қоғамдық даму үрдістеріне, ондағы туу мен өлімнің көрсеткіштері анық баға береді. Халықтың жалпы санындағы өзгеріс (өсу немесе кему) екі факторға – халықтың табиғи өсіміне (туылғандар мен өлгендер арасындағы айырма) және көші-қондағы оң (келгендердің басым болуы) мен теріс (кері көшу) айырмасына тәуелді. Халық санының өсу қарқыны оның жоғарыда аталған негізгі факторы – табиғи өсімге тікелей байланысты. ХХ ғасырдың басындағы отырықшы халықтың табиғи өсімі 1,7% – 1,9% құрады [1]. Міне осы мәліметке қарағанда табиғи өсім деңгейінің мардымсыздығын көреміз. Мұның басты себебі, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендігі мен әртүрлі жұқпалы індеттердің кең таралғандығы, емдеу орталықтарының жоқтығы. Революцияға дейінгі Қазақстанда тырысқақ, шешек, қызылша секілді аурулар әдеттегі құбылыс болды. Сондай-ақ, ХІХ ғасырдың соңында 1897 ж. санақ мәліметтері дерегі бойынша Орта Азия мен Қазақстанда бір дәрігерге шаққанда – 113,9 мың адамнан келетін [2, с. 130]. 1897 ж. алғашқы халық санағы этнодемографиялық даму көзінің өзгере бастағанын көрсетті. Егер ХІХ ғ. 70-ші жылдарына дейін тұрғындар санының өсуі негізінен табиғи өсімнің нәтижесіне байланысты болса, кейінгі жылдары қоныс аударушы орыс-украин шаруаларының есебінен жүрді. Қазақ тұрғындарының табиғи өсім нәтижесінде саны – 129,9 мың адамға жетті. Міне, осылай Ақтөбе уезіндегі жалпы өсімнің көбеюінің тағы бір көзі механикалық өсу болды. Бұл үрдістердің нәтижесінде жергілікті тұрғындардың үлес салмағы – 95,1%-дан 52,4% кеміп кетті. Ал, бұл кемудің астарында қазақтарды жерден айыру, қоныстанушы орыс шаруаларына арнап жер қорын құру үшін, басқа құнарсыз жерлерге ығыстыру жатқан еді. ХІХ ғасырдың 70-шы ж. табиғи өсім туралы деректік мәлімет беретін туу туралы, өлгені туралы, неке туралы тіркеу кітапшалары Қазақстанның барлық облыстарында болды. Бірақ олар дұрыс жүргізілмеді. Себебі, әсіресе көшіп-қонып жүрген қазақтардың туу туралы мәліметі кейбір жерлерде мүлде жазылмады. Ал жазылғанның өзінде кейбір жерлерде православтарда баланың нақ туған күні жазылмай, оны шоқындырған күні жазылады немесе адамның нақ өлген күні емес, жерленген күні жазылады. Және бұл туу туралы куәліктерді әр жылдың соңында басқармаларға өткізетін болғандықтан, кейбір жерлерде тіпті жылдың аяғында туылған немесе өлген адамдарды келесі жылдың басында кітапшаларға тіркейтін болған. Бірақ статистика мәліметтеріндегі тізімнің толық еместігін қарамастан, сол кездегі қазақтардың табиғи өсімі аздау болды. Оған негізгі себеп, халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайы, жаппай індетке шалынуы өлім көрсеткішінің жоғары екенін дәлелдейді. Мысалы малшы қазақтар тіпті ешқандай медициналық көмек ала алмады. Халықтың табиғи жолмен өсуі тағы да жыныстық жағдайға да байланысты. Мысалы, 100 ер адамға 85–87 әйелден келді. Әрине туу көрсеткіші халықтың неке тұруына тікелей байланысты. Ал кедей ер адамдар қалың мал төлей алмағандықтан, көп жағдайда некеге отыра алмады. 1897–1917 ж. аралығында Қазақстанда халықтың табиғи өсімі жоғары болды. 1907-1916 ж. аралығында олардың саны – 15,3%-ға дейін артты. Оған бірінші себеп ХІХ ғ. аяғынан бастап, халықтың табиғи қозғалысынң есепке алынуы, екіншіден, қазақтар арасындағы туудың жоғары болуынан, өлімнің азаюы себеп болды. Табиғи өсім жыныстық арасалмаққа да, некелік жағдайына да байланысты. ХХ ғ. басында 100 ер адамға 85–87 әйелден келді. Ал кедейлер, қалыңмал төлей алмағандықтан, көп жағдайда отау құра алмады. Қазақтарға қарағанда өзге ұлт өкілдерінің табиғи өсімі жоғары болды. Мысалы, ғасыр басында Ақтөбе губерниясындағы қазақтардың туу көрсеткіші 34,3%, өлім 19,4%, табиғи өсімі 14,9% болғанда, өзге ұлттардың туу көрсеткіші 56,3%, өлім 17,9%, табиғи өсім 38,4%-ды көрсетті. Табиғи өсім, әсіресе, губернияның ауылдық жерлерінде оң айырым көрсетті. Ал, қалалық жерлерде табиғи өсімге қарағанда –механикалық өсім шешуші болды. 1908–1910 жылдар аралығында Ақтөбе уезі және Ақтөбе қаласында барлығы 3434 – ер балалар, 3880 – қыз балалар туылған. Ал отырықшы тұрғындарда 1908 жылы – 3,8%, 1909 жылы – 4,5%, 1910 ж. – 5,4% бала дүниеге келген болса, көшпелі тұрғындарда 1908 ж. 3,5%, 1909 ж. – 2,8%, 1910 ж. – 3,4% бала дүниеге келді. 1914–1915 жж. табиғи өсім есебінен халықтың саны өсе бастады. Бірінші дүние жүзілік соғысқа 1914–1915 жж. жүргізілген мобилизация алғашында халық саны өсіміне өз әсерін тигізе қоймады. Туу көрсеткіші әлі де жоғары болды, алайда 1915 ж. 2-ші жартысынан бастап, ер адамдардың негізгі бөлігінің майданға шақырылуы табиғи өсімге кері әсерін тигізді. 1914 ж. Ақтөбе уезіндегі халықтың саны – 238,6 адам болса, 1915 жылы – 242,6 адамға өсті, ал 1916 ж. – 232,9 адамға азайып, 1917 ж. – 223,6 адамға кеміді. Темір уезінде 1914 ж. халықтың саны – 173,6 адам, 1915 ж. – 174,0 адамға артты, ал 1916 ж. – 166,5 адамға кемісе, 1917 ж. – 159,0 адамға азайды. Ырғыз уезінде де 1914 ж. – 119,5 адам болса, 1915 ж. – 120,9 адам болды, ал 1916 ж. – 115,5 адамға азайып, 1917 ж. – 110,1 адамға кеміді [3, с. 82]. 1914–1915 жж. Ақтөбе, Темір, Ырғыз уездерінде адамдардың саны табиғи өсім есебінен көбейіп отырды. Ал 1916–1917 жж. халықтың саны күрт азайып кетті. Бұған негізгі себеп 1916–1917 жж. соғыстың әсері болды. Оған қазақтардың тыл жұмысына алынуы, соғыс кезіндегі ер адамдардың қаза болуы, халықтың көпшілігі тұрғылықты жерлерінен көшіп кетуі осының барлығы халық санының кемуіне әкелді. 1921–1925 жж. аралығындағы шаруашылық күйзеліс, ашаршылық, күштеп ұжымдастыру, байлар малын тәркілеу қазақтар арасында табиғи өсімге кері әсерін тигізді. 1920 ж. ҚазКСР-де 751 мың шаруашылық болса, 1922 ж. 650 мың, яғни 101 мыңға кеміген. Орал, Ақтөбе, Бөкей губернияларында 400 мыңнан астам адам саяси науқандар құрбаны болған. Дәл осы жылдары өлім-жітім елдегі туу көрсеткішінен жоғары болды. Жағдай 1924–25 жж. таман сәл орнына келе бастады. 1925 ж. Ақтөбе қаласында өлгендер саны – 188 (102 – ер, 86 – әйел) [3, 18-б.]. Ақтөбе губерниясының ауылдық жерлерінде халықтың саны негізінен табиғи өсімнің, сондай–ақ механикалық өсімнің нақты саны берілмеген. Ақтөбе губерниясы бойынша қазақтардың туу көрсеткіші 34,3%, өлім – 19,4%, сонда табиғи өсім – 14,9% болды, ал басқа ұлттардың туу көрсеткіші – 56,3%, өлім – 17,9%, табиғи өсім – 38,4%. Ал Ақтөбе губерниясының батыс аудандарының ішінде қазақтардың туу көрсеткіші – 39,4%, өлім – 20,3%, табиғи өсім – 19,4%, ал басқа ұлттардың туу көрсеткіші – 54,9%, өлім – 20,8%, табиғи өсім – 34,1% болды. Яғни Ақтөбе губерниясының ауылдық жерлерінде табиғи өсімнің оң айырымын көруге болады. Ал Ақтөбе губерниясының қалалық жерлерінде табиғи өсімге қарағанда механикалық өсім басымырақ болып келеді. Мысалы, 1923 ж. 15 наурызында Ақтөбе қаласында халықтың жалпы саны – 14747 адам, 1926 ж. 17 желтоқсанында – 20861 адам, ал 1928 ж. 1 қаңтарында халықтың жалпы саны – 22 499 адамға жетті. Яғни 1923 ж. салыстырғанда Ақтөбе қаласында 1926 ж. – 6114 адамға өскен, ал 1926 ж. салыстырғанда 1928 ж. – +7,3% оң айырым беріп отыр. Шалқар қаласында 1923 ж.  13 наурызында халықтың саны – 3717 адам, 1926 ж. 17 желтоқсанында – 6750 адам, ал 1928 ж. 1 қаңтарында – 7555 адамға жетті. 1923–1926 жж. аралығында Шалқар қаласында халық саны 2 еседей өскен. Ал 1926 ж. салыстырғанда 1928 ж. халық саны – +10,7% оң айырым берді. Темір қаласында 1923 ж. 15 наурызында халықтың саны – 2779 адам, 1926 ж. 17 желтоқсанында – 4129 адам, 1928 ж. 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша халықтың саны – 4489 адамға жетті. 1923–1926 жж. аралығында Темір қаласындағы халықтың саны 50% өскен. Ал 1926 ж. салыстырғанда 1928 ж. – +7,9% оң айырымды көрсетті. Сондай-ақ Ақтөбе губерниясындағы Ембі қаласында 1923 жылдың 15 наурызында халықтың саны – 1376 адам, 1926 ж. 17 желтоқсанында – 1876 адам, 1928 жылдың 1 қаңтарында – 2003 адамға жетті. 1923–1926 жж. аралығында Ембі қаласында халықтың саны – 500 адамға ғана өскен, ал 1926 жылмен салыстырғанда 1928 жылы халықтың саны – +6,3 оң айырым берді. Сонымен, Ақтөбе губерниясындағы қалаларында 1923–1926 жж. аралығында халықтың жалпы саны – 11003 адамға өскен [4, 2–3-пп.]. 1933 ж. Ақтөбе қаласында  37816 адам тіркелген. Оның ішінде 181 адам некеде болған. Сол жылы Ақтөбе қаласында 821 бала (417 – ер, 404 – әйел) дүниеге келді. Оның ішінде қазақтар – 127, орыстар – 434, украиндар – 185, немістер – 2, татарлар – 30, басқа ұлттар – 11. Қайтыс болғандар саны – 2323 (1518 – ер, 805 – әйел). Оның ішінде қазақтар – 914, орыстар – 968, украиндар – 238, немістер – 10, татарлар – 93, басқа ұлттар – 100. 1000 адамға шаққанда 21,7 адам дүниеге келген, 61,4 адам қайтыс болған, табиғи өсім – 39,7 пайызды құрады [5, 197-п.]. 1938 ж. облыс бойынша барлығы 2255 адам некеге тұрған (оның ішінде қалалық жерлерде – 123 адам, ауылдық жерлерде – 218 адам). Сол жылы облыс бойынша – 12701 адам (өлі туылғандарды есепке алмағанда) дүниеге келді (6529 – ер, 6172 – әйел). Ал қалалық жерлерде – 3495  адам (1793 – ер, 1702 – әйел), ауылдық жерлерде – 9206 бала (4736 – ер, 4470 – әйел) дүниеге келді. Облыс бойынша – 6232  адам өлген, қалалық жерлерде – 1990, ал ауылдық жерлерде – 4242 адам өлген [6, 7-п.]. 1939 ж. некеде облыс бойынша – 2344 адам болды, соның ішінде қалалық жерлерде – 730 адам, ауылдық жерлерде – 163 адам, ауылдық жерлерде – 266 адам. Ақтөбе облысы бойынша – 13196 адам (өлі туылғандарды есепке алмағанда) дүниеге келді (6810 – ер, 6386 - әйел), оның ішінде қалалық жерлерде – 3658 адам (1835 – ер, 1823 – әйел) адам, ал ауылдық жерлерде – 9538 адам (4975 – ер, 4563 - әйел) дүниеге келді [7, 266-п.]. Бұдан көріп отырғанымыздай ауылдық жерлерде туу көрсеткіші қалалық жерлермен салыстырғанда 2,5 еседей көп болды. Облыс бойынша өлгендер саны – 5822 (3069 – ер, 2753 – әйел), қалалық жерлерде – 1671 адам (937 – ер, 734 – әйел), ал ауылдық жерлерде – 41151 (2132 – ер, 2019 – әйел). Қалалық жермен салыстырғанда ауылдық жерлерде өлім саны әлдеқайда көп болды. Оның себебі, ауылдық жерлерде сол кездегі медицинаның баяу дамуы, азық-түліктің жетіспеушілігі және т.б. Жалпы, 1000 адамға шаққанда облыс бойынша туылғандар – 38,9 адам, өлгендер – 17,2 адам [7, 266-п.].  Ұлы Отан соғысы кезінде халықтың саны күрт азайды, туу көрсеткіші төмендеді, өлім саны артып, табиғи өсім азайды. ХХ ғ. 60-ж. жалпы Республика бойынша туу көрсеткіші 38,1% азайып кетті. Ал 70–ж. бастап туу саны бірқалыпты бола бастады. 1980 ж. аяғына таман Ақтөбе өңірінде туу көрсеткіші төмендеді.  Ең аз туу көрсеткіштерін мына облыстардан көруге болады. Мысалы, 1988 ж. Шығыс Қазақстанда 20,1%, Қарағандыда 19,5%, Солтүстік Қазақстанда 21,1%, Қостанайда 22%, Целиноградта 22,6% болды. Ал керісінше Шымкент облысында (32,6%), Қызылорда облысында (31,7%), Гурьев облысында (29,5%) туу көрсеткіші жоғары болды [8, с. 61–63]. Негізгі әйелдердің туу жасы 20–29 жас аралықтарында. Ал қала мен ауыл әйелдерінің туу жасын салыстыратын болсақ, қалада тұратын әйелдерден ауылда тұратын әйелдердің туу жасы ұзағырақ болады. 1984 ж. табиғи өсім 13357 адамға оң айырым көрсетті. 1977 ж. салыстырғанда 1984 ж. Ақтөбе облысында 2397 балаға артық туылған. Халықтың табиғи өсімі тікелей өлім санына байланысты. 1989 жылы Ақтөбе облысында өлім саны – 6,8 промилль (қалалық жерлерінде – 7,1 промилль, ауылдықжердерде – 6,4 промилль) болды. 1989 ж. ер адамдар мен әйел адамдардың үлес салмағы Ақтөбе облысында арасалмағы (диспропорция) – 3,2%, Қызыл-Ордада – 0,5%, Атырау облысында – 0,6% болды [9, с. 23–24]. Республикадағы халықтың денсаулығын қорғауға байланысты өткізілген  әлеуметтік–экономикалық іс-шараларға байланысты талаптарда, өлім саны едәуір қысқарды. 1988 ж. республиканың қалалық жерлерінде бала өлімінің саны мың адамға шаққанда 26,4% болса, ауылдық жерлерде ол көрсеткіш 32,1% болды. Ал Ақтөбе облысы бойынша мың адамға шаққанда барлығы 27,2% болды, қалалық жерлерде 28,4% болса, ауылдық жерлерде 25,9% болды. 1964 ж. жалпы республикадағы халықтың өлім коэффициенті ең төмен 5,7% болды. Бұл сан 1964 ж. дейін сақталды. 1980 ж. ол 8% өсіп, 1985 ж. дейін сақталды. 1988 ж. ол көрсеткіш 7,7% азайды [9, с.16]. 1980 ж. аяғына таман Ақтөбе өңірінде туу көрсеткіші төмендеді. Әсіресе ол Қазақстанның 1993–1999 жж. аралығында болған экономикалық дағдарыс кезінде қатты байқалды. Жастар некеге тұруға сол кездегі өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты асықпады. Сонымен 1990 ж. Қазақстандағы демографиялық дағдарыстың әсерінен өңірдегі  халықтың туу көрсеткіші жән эмигранттардың кетуі, өлім санының артуы барлығы халықтың табиғи өсімінің артуына әлі көп уақыт керек екендігін көрсетті. Қазіргі жағдайда облыста туу көрсеткіші артқанмен де өлімнің көп болуы себепті ол халық санының тез артуына мүмкіндік бермеуде. 2000 ж. бастап өңірдегі халықтың туу көрсеткіші жыл сайын артып отырды. 2-кестеден көріп отырғанымыздай, Ақтөбе облысы қалаларындағы халықтың табиғи қозғалысы жылдан жылға қарай оң айырым көрсетіп отыр. Әсіресе, 2001 ж. бастап туу қарқынының өскенін көреміз. Бұған себеп, елдегі экономикалық, саяси тұрақтылық пен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына байланысты еді. Елімізде ана мен балаға көп көңіл бөлуі, туылған балалар күтіміне байланысты берілетін жәрдемақының көбеюі, әлеуметтік саясатты жетілдіру жолындағы шаралар, жалақының өсуі табиғи өсімге жағымды әсер етуде. Кесте 1 – Ақтөбе облысы қалаларындағы жынысына қарай туғандар мен өлгендер саны және айырымы [10, с. 202, 203, 205, 206, 208, 209] Жылдар 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 Туылғандар Барлығы 5046 5389 5474 5644 6877 7782 8141 Еркектер 2590 2801 2876 2874 3589 4018 4277 Әйелдер 2456 2588 2598 2770 3288 3764 3864 Өлгендер Барлығы 3980 4365 4241 4255 4225 4050 4087 Еркектер 2243 2523 2517 2454 2452 2399 2425 Әйелдер 1737 1842 1724 1801 1773 1651 1662 Айырым Барлығы 1066 1024 1233 1389 2662 3732 4054 Еркектер 347 278 359 420 1137 1619 1852 Әйелдер  719 746 874 969 1515 2113 2202 Соңғы кездері Ақтөбе облысында қатерлі ісік ауруынан, тыныс жолдары органдарынан (туберкулез) және инфекциялық аурулар салдарынан өлім саны артып отыр. Республика бойынша Қызылорда облысында – 19,47 промилль, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Павлодар облыстарында  –  16–18  промилльге дейін жас балалар өлімі байқалады. Оған негізгі себеп медициналық жәрдеммен қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі мен экологиялық және әлеуметтік жағдайға байланысты болды, ол әсіресе ауылдық жерлерде жақсы байқалады. Мысалы, 2003 ж.  Ақтөбе облысында балалар өлімі – 20,6 промилль болса, өлі туылғандар саны – 17 промилль болды. Ақтөбе өңірі бойынша жалпы өлім саны – 1991 ж. – 7,4 промилль болса, ол көрсеткіш 2004 ж. – 9,6  промилльге артты. 1999 ж. Ақтөбе өңіріндегі халықтың өмір сүру ұзақтығы – 59,2 жас болды [11, с.  61–63]. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына орай, жергілікті тұрғындар арасында табиғи өсімнің артқандығы байқалады. Бұл ең алдымен, әлеуметтік төлемдердің үкімет тарапынан жас балалы аналарға бағытталған қамқорлығынан айқын көрінеді. Ақтөбе облысындағы табиғи өсімнің жалпы барысы оң айырмаға ауытқығандығы анық көрініс тапқан. Әдебиеттер және деректер Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы ХІХ в. – 1917 г.). Москва, 1986. Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н. Население Казахстана на 100 лет (1897–1997 гг.). Усть-Каменогорск, 1999. Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана: история формирования и развития (1897–1989 гг.). Алматы, 1995. Казахстана: история формирования и развития (1897–1989 гг.). Алматы, 1995. ҚР ОММ. 698-қ., 14-т., 153-іс. ҚР ОММ. 698-қ., 14-т., 205-іс. ҚР ОММ. 698-қ., 14-т., 208-іс. ҚР ОММ. 698-қ., 14-т., 219-іс. Жумасултанов Т.Ж. Народ Казахстана: современное состояние  народонаселения в Республике Казахстан. Алматы, 2005. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Казахи (демографические тенденции 80–90-х годов). Алматы: Өркениет, 2000. Казахи (демографические тенденции 80–90-х годов). Алматы, 2000. Қазақстан өңірлерінің демографиялық жылнамалығы. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі.  Алматы, 2006. Жумасултанов Т.Ж. Народ Казахстана: современное состояние  народонаселения в Республике Казахстан. Алматы, 2005. Салимгереева Ш.А  

Соңғы редакциялау:

30 қазан 2012

Ақтөбе өңірі халқының табиғи жолмен өсуі

Тарихи демографияның зерттеу нысанына алатын халықтың табиғи жолмен өсуі аса маңызды мемлекеттік стратегияның бір саласы болып табылады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік бір әсері бар (еңбек күші ресурстары, отан қорғауды қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды, мәдениетті дамытудағы жетекшілікті, тілді сақтап қалуда қазақтардың ара-салмағы) терең талдауды қажет ететін, қорытынды шығаруға дерек беретін түпкі нысана деуге болады.

Ғасырдың басынан бастап-ақ қазақ халқының демографиялық дамуы, қоғамдағы тарихи оқиғалардың өрбуіне, саяси науқандар мен әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар мен дамуларға тікелей тәуелді болды.

Бұл әсіресе, тұтастай ғасырлар бойы тізбектеліп өткен тарихи тәжірибенің жиынтығынан анық көрінеді. Қазақ халқының басынан өткен қоғамдық даму үрдістеріне, ондағы туу мен өлімнің көрсеткіштері анық баға береді.

Халықтың жалпы санындағы өзгеріс (өсу немесе кему) екі факторға – халықтың табиғи өсіміне (туылғандар мен өлгендер арасындағы айырма) және көші-қондағы оң (келгендердің басым болуы) мен теріс (кері көшу) айырмасына тәуелді. Халық санының өсу қарқыны оның жоғарыда аталған негізгі факторы – табиғи өсімге тікелей байланысты.

ХХ ғасырдың басындағы отырықшы халықтың табиғи өсімі 1,7% – 1,9% құрады [1]. Міне осы мәліметке қарағанда табиғи өсім деңгейінің мардымсыздығын көреміз. Мұның басты себебі, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендігі мен әртүрлі жұқпалы індеттердің кең таралғандығы, емдеу орталықтарының жоқтығы. Революцияға дейінгі Қазақстанда тырысқақ, шешек, қызылша секілді аурулар әдеттегі құбылыс болды. Сондай-ақ, ХІХ ғасырдың соңында 1897 ж. санақ мәліметтері дерегі бойынша Орта Азия мен Қазақстанда бір дәрігерге шаққанда – 113,9 мың адамнан келетін [2, с. 130].

1897 ж. алғашқы халық санағы этнодемографиялық даму көзінің өзгере бастағанын көрсетті. Егер ХІХ ғ. 70-ші жылдарына дейін тұрғындар санының өсуі негізінен табиғи өсімнің нәтижесіне байланысты болса, кейінгі жылдары қоныс аударушы орыс-украин шаруаларының есебінен жүрді.

Қазақ тұрғындарының табиғи өсім нәтижесінде саны – 129,9 мың адамға жетті. Міне, осылай Ақтөбе уезіндегі жалпы өсімнің көбеюінің тағы бір көзі механикалық өсу болды. Бұл үрдістердің нәтижесінде жергілікті тұрғындардың үлес салмағы – 95,1%-дан 52,4% кеміп кетті. Ал, бұл кемудің астарында қазақтарды жерден айыру, қоныстанушы орыс шаруаларына арнап жер қорын құру үшін, басқа құнарсыз жерлерге ығыстыру жатқан еді.

ХІХ ғасырдың 70-шы ж. табиғи өсім туралы деректік мәлімет беретін туу туралы, өлгені туралы, неке туралы тіркеу кітапшалары Қазақстанның барлық облыстарында болды. Бірақ олар дұрыс жүргізілмеді. Себебі, әсіресе көшіп-қонып жүрген қазақтардың туу туралы мәліметі кейбір жерлерде мүлде жазылмады. Ал жазылғанның өзінде кейбір жерлерде православтарда баланың нақ туған күні жазылмай, оны шоқындырған күні жазылады немесе адамның нақ өлген күні емес, жерленген күні жазылады. Және бұл туу туралы куәліктерді әр жылдың соңында басқармаларға өткізетін болғандықтан, кейбір жерлерде тіпті жылдың аяғында туылған немесе өлген адамдарды келесі жылдың басында кітапшаларға тіркейтін болған. Бірақ статистика мәліметтеріндегі тізімнің толық еместігін қарамастан, сол кездегі қазақтардың табиғи өсімі аздау болды. Оған негізгі себеп, халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайы, жаппай індетке шалынуы өлім көрсеткішінің жоғары екенін дәлелдейді. Мысалы малшы қазақтар тіпті ешқандай медициналық көмек ала алмады. Халықтың табиғи жолмен өсуі тағы да жыныстық жағдайға да байланысты. Мысалы, 100 ер адамға 85–87 әйелден келді. Әрине туу көрсеткіші халықтың неке тұруына тікелей байланысты. Ал кедей ер адамдар қалың мал төлей алмағандықтан, көп жағдайда некеге отыра алмады.

1897–1917 ж. аралығында Қазақстанда халықтың табиғи өсімі жоғары болды. 1907-1916 ж. аралығында олардың саны – 15,3%-ға дейін артты. Оған бірінші себеп ХІХ ғ. аяғынан бастап, халықтың табиғи қозғалысынң есепке алынуы, екіншіден, қазақтар арасындағы туудың жоғары болуынан, өлімнің азаюы себеп болды.

Табиғи өсім жыныстық арасалмаққа да, некелік жағдайына да байланысты. ХХ ғ. басында 100 ер адамға 85–87 әйелден келді. Ал кедейлер, қалыңмал төлей алмағандықтан, көп жағдайда отау құра алмады. Қазақтарға қарағанда өзге ұлт өкілдерінің табиғи өсімі жоғары болды. Мысалы, ғасыр басында Ақтөбе губерниясындағы қазақтардың туу көрсеткіші 34,3%, өлім 19,4%, табиғи өсімі 14,9% болғанда, өзге ұлттардың туу көрсеткіші 56,3%, өлім 17,9%, табиғи өсім 38,4%-ды көрсетті. Табиғи өсім, әсіресе, губернияның ауылдық жерлерінде оң айырым көрсетті. Ал, қалалық жерлерде табиғи өсімге қарағанда –механикалық өсім шешуші болды.

1908–1910 жылдар аралығында Ақтөбе уезі және Ақтөбе қаласында барлығы 3434 – ер балалар, 3880 – қыз балалар туылған. Ал отырықшы тұрғындарда 1908 жылы – 3,8%, 1909 жылы – 4,5%, 1910 ж. – 5,4% бала дүниеге келген болса, көшпелі тұрғындарда 1908 ж. 3,5%, 1909 ж. – 2,8%, 1910 ж. – 3,4% бала дүниеге келді.

1914–1915 жж. табиғи өсім есебінен халықтың саны өсе бастады. Бірінші дүние жүзілік соғысқа 1914–1915 жж. жүргізілген мобилизация алғашында халық саны өсіміне өз әсерін тигізе қоймады. Туу көрсеткіші әлі де жоғары болды, алайда 1915 ж. 2-ші жартысынан бастап, ер адамдардың негізгі бөлігінің майданға шақырылуы табиғи өсімге кері әсерін тигізді.

1914 ж. Ақтөбе уезіндегі халықтың саны – 238,6 адам болса, 1915 жылы – 242,6 адамға өсті, ал 1916 ж. – 232,9 адамға азайып, 1917 ж. – 223,6 адамға кеміді. Темір уезінде 1914 ж. халықтың саны – 173,6 адам, 1915 ж. – 174,0 адамға артты, ал 1916 ж. – 166,5 адамға кемісе, 1917 ж. – 159,0 адамға азайды. Ырғыз уезінде де 1914 ж. – 119,5 адам болса, 1915 ж. – 120,9 адам болды, ал 1916 ж. – 115,5 адамға азайып, 1917 ж. – 110,1 адамға кеміді [3, с. 82]. 1914–1915 жж. Ақтөбе, Темір, Ырғыз уездерінде адамдардың саны табиғи өсім есебінен көбейіп отырды. Ал 1916–1917 жж. халықтың саны күрт азайып кетті. Бұған негізгі себеп 1916–1917 жж. соғыстың әсері болды. Оған қазақтардың тыл жұмысына алынуы, соғыс кезіндегі ер адамдардың қаза болуы, халықтың көпшілігі тұрғылықты жерлерінен көшіп кетуі осының барлығы халық санының кемуіне әкелді.

1921–1925 жж. аралығындағы шаруашылық күйзеліс, ашаршылық, күштеп ұжымдастыру, байлар малын тәркілеу қазақтар арасында табиғи өсімге кері әсерін тигізді. 1920 ж. ҚазКСР-де 751 мың шаруашылық болса, 1922 ж. 650 мың, яғни 101 мыңға кеміген. Орал, Ақтөбе, Бөкей губернияларында 400 мыңнан астам адам саяси науқандар құрбаны болған. Дәл осы жылдары өлім-жітім елдегі туу көрсеткішінен жоғары болды. Жағдай 1924–25 жж. таман сәл орнына келе бастады. 1925 ж. Ақтөбе қаласында өлгендер саны – 188 (102 – ер, 86 – әйел) [3, 18-б.].

Ақтөбе губерниясының ауылдық жерлерінде халықтың саны негізінен табиғи өсімнің, сондай–ақ механикалық өсімнің нақты саны берілмеген. Ақтөбе губерниясы бойынша қазақтардың туу көрсеткіші 34,3%, өлім – 19,4%, сонда табиғи өсім – 14,9% болды, ал басқа ұлттардың туу көрсеткіші – 56,3%, өлім – 17,9%, табиғи өсім – 38,4%. Ал Ақтөбе губерниясының батыс аудандарының ішінде қазақтардың туу көрсеткіші – 39,4%, өлім – 20,3%, табиғи өсім – 19,4%, ал басқа ұлттардың туу көрсеткіші – 54,9%, өлім – 20,8%, табиғи өсім – 34,1% болды. Яғни Ақтөбе губерниясының ауылдық жерлерінде табиғи өсімнің оң айырымын көруге болады. Ал Ақтөбе губерниясының қалалық жерлерінде табиғи өсімге қарағанда механикалық өсім басымырақ болып келеді. Мысалы, 1923 ж. 15 наурызында Ақтөбе қаласында халықтың жалпы саны – 14747 адам, 1926 ж. 17 желтоқсанында – 20861 адам, ал 1928 ж. 1 қаңтарында халықтың жалпы саны – 22 499 адамға жетті. Яғни 1923 ж. салыстырғанда Ақтөбе қаласында 1926 ж. – 6114 адамға өскен, ал 1926 ж. салыстырғанда 1928 ж. – +7,3% оң айырым беріп отыр. Шалқар қаласында 1923 ж.  13 наурызында халықтың саны – 3717 адам, 1926 ж. 17 желтоқсанында – 6750 адам, ал 1928 ж. 1 қаңтарында – 7555 адамға жетті. 1923–1926 жж. аралығында Шалқар қаласында халық саны 2 еседей өскен. Ал 1926 ж. салыстырғанда 1928 ж. халық саны – +10,7% оң айырым берді. Темір қаласында 1923 ж. 15 наурызында халықтың саны – 2779 адам, 1926 ж. 17 желтоқсанында – 4129 адам, 1928 ж. 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша халықтың саны – 4489 адамға жетті. 1923–1926 жж. аралығында Темір қаласындағы халықтың саны 50% өскен. Ал 1926 ж. салыстырғанда 1928 ж. – +7,9% оң айырымды көрсетті. Сондай-ақ Ақтөбе губерниясындағы Ембі қаласында 1923 жылдың 15 наурызында халықтың саны – 1376 адам, 1926 ж. 17 желтоқсанында – 1876 адам, 1928 жылдың 1 қаңтарында – 2003 адамға жетті. 1923–1926 жж. аралығында Ембі қаласында халықтың саны – 500 адамға ғана өскен, ал 1926 жылмен салыстырғанда 1928 жылы халықтың саны – +6,3 оң айырым берді. Сонымен, Ақтөбе губерниясындағы қалаларында 1923–1926 жж. аралығында халықтың жалпы саны – 11003 адамға өскен [4, 2–3-пп.].

1933 ж. Ақтөбе қаласында  37816 адам тіркелген. Оның ішінде 181 адам некеде болған. Сол жылы Ақтөбе қаласында 821 бала (417 – ер, 404 – әйел) дүниеге келді. Оның ішінде қазақтар – 127, орыстар – 434, украиндар – 185, немістер – 2, татарлар – 30, басқа ұлттар – 11. Қайтыс болғандар саны – 2323 (1518 – ер, 805 – әйел). Оның ішінде қазақтар – 914, орыстар – 968, украиндар – 238, немістер – 10, татарлар – 93, басқа ұлттар – 100. 1000 адамға шаққанда 21,7 адам дүниеге келген, 61,4 адам қайтыс болған, табиғи өсім – 39,7 пайызды құрады [5, 197-п.].

1938 ж. облыс бойынша барлығы 2255 адам некеге тұрған (оның ішінде қалалық жерлерде – 123 адам, ауылдық жерлерде – 218 адам). Сол жылы облыс бойынша – 12701 адам (өлі туылғандарды есепке алмағанда) дүниеге келді (6529 – ер, 6172 – әйел). Ал қалалық жерлерде – 3495  адам (1793 – ер, 1702 – әйел), ауылдық жерлерде – 9206 бала (4736 – ер, 4470 – әйел) дүниеге келді. Облыс бойынша – 6232  адам өлген, қалалық жерлерде – 1990, ал ауылдық жерлерде – 4242 адам өлген [6, 7-п.].

1939 ж. некеде облыс бойынша – 2344 адам болды, соның ішінде қалалық жерлерде – 730 адам, ауылдық жерлерде – 163 адам, ауылдық жерлерде – 266 адам. Ақтөбе облысы бойынша – 13196 адам (өлі туылғандарды есепке алмағанда) дүниеге келді (6810 – ер, 6386 - әйел), оның ішінде қалалық жерлерде – 3658 адам (1835 – ер, 1823 – әйел) адам, ал ауылдық жерлерде – 9538 адам (4975 – ер, 4563 - әйел) дүниеге келді [7, 266-п.]. Бұдан көріп отырғанымыздай ауылдық жерлерде туу көрсеткіші қалалық жерлермен салыстырғанда 2,5 еседей көп болды. Облыс бойынша өлгендер саны – 5822 (3069 – ер, 2753 – әйел), қалалық жерлерде – 1671 адам (937 – ер, 734 – әйел), ал ауылдық жерлерде – 41151 (2132 – ер, 2019 – әйел). Қалалық жермен салыстырғанда ауылдық жерлерде өлім саны әлдеқайда көп болды. Оның себебі, ауылдық жерлерде сол кездегі медицинаның баяу дамуы, азық-түліктің жетіспеушілігі және т.б. Жалпы, 1000 адамға шаққанда облыс бойынша туылғандар – 38,9 адам, өлгендер – 17,2 адам [7, 266-п.]. 

Ұлы Отан соғысы кезінде халықтың саны күрт азайды, туу көрсеткіші төмендеді, өлім саны артып, табиғи өсім азайды.

ХХ ғ. 60-ж. жалпы Республика бойынша туу көрсеткіші 38,1% азайып кетті. Ал 70–ж. бастап туу саны бірқалыпты бола бастады. 1980 ж. аяғына таман Ақтөбе өңірінде туу көрсеткіші төмендеді.  Ең аз туу көрсеткіштерін мына облыстардан көруге болады. Мысалы, 1988 ж. Шығыс Қазақстанда 20,1%, Қарағандыда 19,5%, Солтүстік Қазақстанда 21,1%, Қостанайда 22%, Целиноградта 22,6% болды. Ал керісінше Шымкент облысында (32,6%), Қызылорда облысында (31,7%), Гурьев облысында (29,5%) туу көрсеткіші жоғары болды [8, с. 61–63]. Негізгі әйелдердің туу жасы 20–29 жас аралықтарында. Ал қала мен ауыл әйелдерінің туу жасын салыстыратын болсақ, қалада тұратын әйелдерден ауылда тұратын әйелдердің туу жасы ұзағырақ болады.

1984 ж. табиғи өсім 13357 адамға оң айырым көрсетті. 1977 ж. салыстырғанда 1984 ж. Ақтөбе облысында 2397 балаға артық туылған.

Халықтың табиғи өсімі тікелей өлім санына байланысты. 1989 жылы Ақтөбе облысында өлім саны – 6,8 промилль (қалалық жерлерінде – 7,1 промилль, ауылдықжердерде – 6,4 промилль) болды.

1989 ж. ер адамдар мен әйел адамдардың үлес салмағы Ақтөбе облысында арасалмағы (диспропорция) – 3,2%, Қызыл-Ордада – 0,5%, Атырау облысында – 0,6% болды [9, с. 23–24].

Республикадағы халықтың денсаулығын қорғауға байланысты өткізілген  әлеуметтік–экономикалық іс-шараларға байланысты талаптарда, өлім саны едәуір қысқарды. 1988 ж. республиканың қалалық жерлерінде бала өлімінің саны мың адамға шаққанда 26,4% болса, ауылдық жерлерде ол көрсеткіш 32,1% болды. Ал Ақтөбе облысы бойынша мың адамға шаққанда барлығы 27,2% болды, қалалық жерлерде 28,4% болса, ауылдық жерлерде 25,9% болды.

1964 ж. жалпы республикадағы халықтың өлім коэффициенті ең төмен 5,7% болды. Бұл сан 1964 ж. дейін сақталды. 1980 ж. ол 8% өсіп, 1985 ж. дейін сақталды. 1988 ж. ол көрсеткіш 7,7% азайды [9, с.16].

1980 ж. аяғына таман Ақтөбе өңірінде туу көрсеткіші төмендеді. Әсіресе ол Қазақстанның 1993–1999 жж. аралығында болған экономикалық дағдарыс кезінде қатты байқалды. Жастар некеге тұруға сол кездегі өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты асықпады.

Сонымен 1990 ж. Қазақстандағы демографиялық дағдарыстың әсерінен өңірдегі  халықтың туу көрсеткіші жән эмигранттардың кетуі, өлім санының артуы барлығы халықтың табиғи өсімінің артуына әлі көп уақыт керек екендігін көрсетті. Қазіргі жағдайда облыста туу көрсеткіші артқанмен де өлімнің көп болуы себепті ол халық санының тез артуына мүмкіндік бермеуде.

2000 ж. бастап өңірдегі халықтың туу көрсеткіші жыл сайын артып отырды. 2-кестеден көріп отырғанымыздай, Ақтөбе облысы қалаларындағы халықтың табиғи қозғалысы жылдан жылға қарай оң айырым көрсетіп отыр. Әсіресе, 2001 ж. бастап туу қарқынының өскенін көреміз. Бұған себеп, елдегі экономикалық, саяси тұрақтылық пен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына байланысты еді. Елімізде ана мен балаға көп көңіл бөлуі, туылған балалар күтіміне байланысты берілетін жәрдемақының көбеюі, әлеуметтік саясатты жетілдіру жолындағы шаралар, жалақының өсуі табиғи өсімге жағымды әсер етуде.

Кесте 1 – Ақтөбе облысы қалаларындағы жынысына қарай туғандар мен өлгендер саны және айырымы [10, с. 202, 203, 205, 206, 208, 209]

Жылдар

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

Туылғандар

Барлығы

5046

5389

5474

5644

6877

7782

8141

Еркектер

2590

2801

2876

2874

3589

4018

4277

Әйелдер

2456

2588

2598

2770

3288

3764

3864

Өлгендер

Барлығы

3980

4365

4241

4255

4225

4050

4087

Еркектер

2243

2523

2517

2454

2452

2399

2425

Әйелдер

1737

1842

1724

1801

1773

1651

1662

Айырым

Барлығы

1066

1024

1233

1389

2662

3732

4054

Еркектер

347

278

359

420

1137

1619

1852

Әйелдер 

719

746

874

969

1515

2113

2202

Соңғы кездері Ақтөбе облысында қатерлі ісік ауруынан, тыныс жолдары органдарынан (туберкулез) және инфекциялық аурулар салдарынан өлім саны артып отыр.

Республика бойынша Қызылорда облысында – 19,47 промилль, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Павлодар облыстарында  –  16–18  промилльге дейін жас балалар өлімі байқалады. Оған негізгі себеп медициналық жәрдеммен қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі мен экологиялық және әлеуметтік жағдайға байланысты болды, ол әсіресе ауылдық жерлерде жақсы байқалады. Мысалы, 2003 ж.  Ақтөбе облысында балалар өлімі – 20,6 промилль болса, өлі туылғандар саны – 17 промилль болды. Ақтөбе өңірі бойынша жалпы өлім саны – 1991 ж. – 7,4 промилль болса, ол көрсеткіш 2004 ж. – 9,6  промилльге артты. 1999 ж. Ақтөбе өңіріндегі халықтың өмір сүру ұзақтығы – 59,2 жас болды [11, с.  61–63].

Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына орай, жергілікті тұрғындар арасында табиғи өсімнің артқандығы байқалады. Бұл ең алдымен, әлеуметтік төлемдердің үкімет тарапынан жас балалы аналарға бағытталған қамқорлығынан айқын көрінеді. Ақтөбе облысындағы табиғи өсімнің жалпы барысы оң айырмаға ауытқығандығы анық көрініс тапқан.

Әдебиеттер және деректер

  1. Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы ХІХ в. – 1917 г.). Москва, 1986.
  2. Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н. Население Казахстана на 100 лет (1897–1997 гг.). Усть-Каменогорск, 1999.
  3. Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана: история формирования и развития (1897–1989 гг.). Алматы, 1995. Казахстана: история формирования и развития (1897–1989 гг.). Алматы, 1995.
  4. ҚР ОММ. 698-қ., 14-т., 153-іс.
  5. ҚР ОММ. 698-қ., 14-т., 205-іс.
  6. ҚР ОММ. 698-қ., 14-т., 208-іс.
  7. ҚР ОММ. 698-қ., 14-т., 219-іс.
  8. Жумасултанов Т.Ж. Народ Казахстана: современное состояние  народонаселения в Республике Казахстан. Алматы, 2005.
  9. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Казахи (демографические тенденции 80–90-х годов). Алматы: Өркениет, 2000. Казахи (демографические тенденции 80–90-х годов). Алматы, 2000.
  10. Қазақстан өңірлерінің демографиялық жылнамалығы. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі.  Алматы, 2006.
  11. Жумасултанов Т.Ж. Народ Казахстана: современное состояние  народонаселения в Республике Казахстан. Алматы, 2005.

Салимгереева Ш.А

 

Бөлісу: