21 Қараша 2014, 03:14
Жалтақтық пен жалпақшешейлікті суқаным сүймейді.
Нұрсұлтан Назарбаев
Қызғаныш - құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.
Мұхтар Әуезов
Қарада да қара бар - хан ұлы басып өткісіз.
Махамбет Өтемісұлы
Мінездің сиқы: екі аяғы есерлік, ессіздік дейтін екі баспалдақта тұрған адам сияқты екен.
Ғабит Мүсірепов
Паңдық, надандық, тәкапарлық, асқақтық не айтқызбайды.
Ғабит Мүсірепов
Мінез: от басында күл шашып, күпілдеген көпірме.
Ғабит Мүсірепов
Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырыла бастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық, опасыздық, кісі өлтіру сияқты көне қалыптағы тағылық жаңа өнерлі түрін тауып, өрлеп барады.
Ғабит Мүсірепов
Ұлтына, жұртына қызмет ету - білімнен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханов
Сүтпен біткен мінез - сүйекпен кетеді.
Шортанбай Қанайұлы
Мінезі жаман адамға - енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрер адаммен - жалған намыс қуыспа.
Асан қайғы
Басында батпан міні көп - кісі айыбын тергеген,
Дәулет бітсе жаманға - сәлем берер жеңменген.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Мал аласы - сыртында, адам аласы - ішінде
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Мінездеме: аттың жемін жеп, тайдың ісін істейді.
Мақал - мәтел
Құл - кекшіл.
Мақал - мәтел
Жетім қозы - тасбауыр: отығар да - жұбанар.
Мақал - мәтел
Тентек шоқпар жинайды.
Мақал - мәтел
Үндемеген үйдей бәледен құтылады.
Мақал - мәтел
Берген - жомарт емес, алған - жомарт.
Мақал - мәтел
Жалқаудың ертеңі бітпес.
Мақал - мәтел
Үндемегеннен үйдей пәле шығады.
Мақал - мәтел
Адам аласы - шінде, мал аласы - сыртында.
Мақал - мәтел
Асатпай жатып құлдық.
Мақал - мәтел
Жуас түйе жүндеуге жақсы.
Мақал - мәтел
Пәле түбі - жұт, жақсы мінез - құт.
Би-шешендер
Сүтпен біткен мінез-сүйекпен кетеді.
Шортанбай Қанайұлы
Қазақта жазылмайтын бір ауру бар -
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
Міржақып Дулатов
Әркім өз қолынан келгенше жомарт.
Міржақып Дулатов
Қылымсығанда - қызыл киеді,
Жарамсақтанғанда - жасыл киеді.
Махмұд Қашқари
От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас.
Махмұд Қашқари
Ашу қысса - ақылың ғайып болады.
Махмұд Қашқари
Тәкаппар тақсірет тартырады.
Махмұд Қашқари
Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.
Білге қаған
Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады.
Білге қаған
Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады.
Білге қаған
Мінез-құлық міні - рухани кеселге жатады.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Өзгенің пікірін иемденіп кету - надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Мінез - жанның айнасы.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық - шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Құрсақта біткен мінез - қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді - өлгенше өзгерте алмайсың.
Жүсіп Баласағұн
Ойласа - ойдың көсемі, сөйлесе - қызыл тілдің шешені, ұстаса -қашағанның ұзын құрығы, қиып алған жас орманның сырығы.
Қазтуған Сүйінішұлы
Кекірейген кердеңдерден қаш.
Қожа Ахмет Йассауи
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы