Жоқтық, заң, күншілдік, көңіл-күй, сараңдық туралы

8 Ақпан 2016, 12:56

Жоқтық, заң, күншілдік, көңіл-күй, сараңдық туралы


Жоқтық туралы

Аш - не жемес, тоқ - не демес.

Махмұд Қашқари

Аштықта жеген құйқаның дәсі кетпес.

Мақал - мәтел

Жомарттың қолын жоқтық байлар.

Мақал - мәтел

Жоқтық не жегізбейді, тоқтық не дегізбейді.

Мақал - мәтел

Жоққа жүйрік жетпес.

Мақал - мәтел

Заң туралы

Заң - адам пайдасына жазылады, адам - заң үшін тумайды ғой.

Әлихан Бөкейханов

Адам жылап отырса - оның орнына келген заң қарпі не опа бере алады?!

Әлихан Бөкейханов

Ғұмыр ісі заң хатына қашан сыйған?!

Әлихан Бөкейханов

Заң дегеніміз - ноқта.

Шерхан Мұртаза

Заңның - азы, орындалуының - көбі ләзім.

Шерхан Мұртаза

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.

Шерхан Мұртаза

Күншілдік, қызғаныш туралы

Күндестердің күлі де - күндес.

Махмұд Қашқари

Қырсыққанда қымыран іриді.

Мақал - мәтел

Қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл, өз жұртың күншіл.

Мақал - мәтел

Ағайын жоқ болсаң - бере алмайды, бар болсаң - көре алмайды.

Мақал - мәтел

Күншілдің күні қараң.

Мақал - мәтел

Көкдолыдан дәупері қашыпты.

Мақал - мәтел

Екі қарға таласса, бір құзғынға жем болар.

Мақал - мәтел

Біреудің біреу бағын көп көреді,

Біреуді біреу алдап жеп келеді.

Би-шешендер

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса - түртіп оны көре алмас, басқа қиын іс түссе - ел қыдырып таба алмас.

Шернияз Жарылғасұлы

Ағайынға ала көз бола қалсаң -

Аузыңдағы несібеңді біреу жемек.

Төле би Әлібекұлы

Бақыты зордың - бақталасы да мол.

Жанақ Сағындықұлы

Күншіл адам - мұңшыл.

Жүсіп Баласағұн

Қызғаныш қайда болса - ұрыс-керіс те сонда.

Жүсіп Баласағұн

Опасызға бір түйір нан тістетпе,

Күншілге де сеніп ісің істетпе.

Жүсіп Баласағұн

Қызғанның қызыл итке жем болар.

Мақал - мәтел

Топ көрмеген - қорғаншақ, топта озбаған - қызғаншақ.

Мақал – мәтел

Көңіл-күй туралы

Кісі көңілі - түпсіз тұңғиық.

Көңілшек кісілер тез табысады.

Жүсіп Баласағұн

Ақ көңілділік - адам ойының тазалығының белгісі.

Жүсіп Баласағұн

Тілектің шегі болмайды.

Жүсіп Баласағұн

Қайғы басса - ағаш атқа жайдақ мінерсің.

Жүсіп Баласағұн

Тарыққан - қуанар, қамыққан - уанар.

Жүсіп Баласағұн

Сағыныш түбі - сүйініш.

Жүсіп Баласағұн

Қайғыру бар, сәтті бар - ащымен бірге тәтті бар.

Жүсіп Баласағұн

Қоштасу - жүрекке салмақ.

Жүсіп Баласағұн

Сараңдық туралы

Сараңнын сәбізі сарайдың түкпірінде жатады.

Мұзафар Әлімбаев

Сараңның өзі тойса да, көзі тоймайды.

Мақал - мәтел

Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады.

Махмұд Қашқари

Сараң санға қосылмас.

Махмұд Қашқари

Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін.

Майқы би

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

 

Бөлісу: