Қазақстан тарихи демографиясының қалыптасуы

9 Қараша 2012, 03:21

Соңғы редакциялау: 30 қазан 2012 Қазақстан тарихи демографиясының қалыптасуы Қазақстан тарихи демографиясы – Отан тарихының бір саласы, әлі жас, тек тәуелсіздік жылдары ғана кең дамып, қалыптасқан бөлігі. Оның алғашқы елеулі қадымдары отарлық дәуірде – Қазақстанның Ресей империясына бодан болған жағдайда жасалған-ды. Басым көпшілігі отарлық басқару жүйесінде қызмет істеген орыс ғалымдары Қазақстанның жері мен байлығын пайдалану мақсатында, әсіресе отар елдің артық жерін тауып, оны қазақтардан тартып алып, қазақ әскерлері мен орыс шаруаларын қоныстандыру үшін, жергілікті халықтың санының құрамын және территориялық орналасуын зерттеді [1]. Ал Әлихан Бөкейхан сияқты ұлт зиялылары бұл мәселелерге Қазақстанда артық жатқан жер жақтығын дәлелдеу үшін жән Ресей империясының көші-қон саясатына қарсы күресу мақсатында көңіл бөлген-ді [2]. Кеңс дәуірінде, әсіресе 1920 жылдың екінші жартысына бастап Қазақстан тарихи демографиясы мәселелері жөнінде едәуір зерттеулер жарық көрді, дегенмен 1937 жылғы Бүкілодақтық санақ Кеңес өкіметі басшыларының халық санының күрт өсуі туралы болжамын ақтамаған соң, Кеңес Одағы бойынша тұрғындардың демографиялық мәліметтеріне ресми тиым салынған жағдай басталды. Кеңестік идеология барлық ұлттардың теңдігі мен өзін өзі билеу (өз алдына мемлекет құрып, бөлініп шығуға дейін) құқығы ашық жарияланғанымен, көп республикалардағы жергілікті халықтың азайып кетуі, Сібір мен Қиыр Шығыстағы ондағы ұлттың жоғалып кетуі, 1918, 1921-1922, әсіресе 1931-1933 жж. ашаршылық себептерірін, екінші дүниежүзілік соғыстағы адам шығыны көлемін және т.с. Б.Сүлейменов, П.Г.Галузо және басқа белгілі тарихшылар революцияға дейінгі (1917 ж.) Қазақстан халқының саны мен құрамы және территориялық орналасуы жөнінде өз зерттеулерінде мәліметтер келтіріп жүрді [3]. 1980 жж. Қазақстан тарихи демографиясы үшін бетбұрыс болды: Н.Е.Бекмаханованың екі көлемді монографиясы мен Н.В.Алексеенконың кітабы жарық көрді [4]. Бұл еңбектер Қазақстан халқының 1917 ж. революцияға дейінгі этнодемографиялық дамуы мен көші-қон үдерістеріне арналған еді. Жалпы тарихи демография мәслелері әлі де шектеулі еді. Мәне сондықтан да Отан тарихының бұл саласы тек Тәуелсіздік жылдары ғана кең дамып, қалыптасты десек қателеспейміз. Біз 1980 жж. бастап осы күнге шейін тарихи демографияға арналған зерттеулердің негізгі нәтижелері мен міндеттерін сіздердің арнайы талқылауларыңызға салғанды жөн көрдік. Бұл нәтижелердің бастылары төмендегідей: 1.Тарихи демографияның методологиялық және ғылыми әдістері нақтыланып, толықтырылып зерттелуде. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғалымдары бұл мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын, көзқарастары мен пікірлерін Алматы қаласында 2003 ж. 13 наурызда өткен «Қазақстанның тарих ғылымындағы методологиялық және теориялық-концептуалдық өзгерістер мен оларды  игеру мәселелері» атты халықаралық –практикалық конференцияда жасалған М.Х. Асылбеков пен А.И. Құдайбергенованың  «Қазақстан тарихи демографиясының өзекті мәселелерін жаңаша концептуалдық пайымдау» деген баяндамасында анықтап, көрсетуге ұмтылған-ды [5]. Осы баяндама арқылы сол мәселелерді анықтай түскенді дұрыс көрдік [6]. 2. Ресейге бодан болғаннан осы күнге дейінгі Қазақ халқының этнодемографиялық даму дәуірлері мен кезеңдері талданып, анықтала түсті [7]. Қазақ халқының Ресейге бағынған бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Бірінші дәуір –  отарлық дәуір, ХVІІІ ғ. 30-жылдарынан бері 1917 ж. дейін; бұл Қазақстанның Ресейдің отары, қазақтардың этнодемографиялық дамуы отарлық-миграциялық (соның ішінде қоныстандыру) саясатының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның стихиялық, әскери, ұйымдасқан, өз бетінше және басқа түрлері іске асқан, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты кезінде өрістеген дәуір, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп дәуір. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзгерістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін, бұрын өз елінде үлесі едәуір (90%) болғанымен, ХХ ғ. екінші онжылдығы соңында, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған дәуір. Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Солтүстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этностар өкілдерінің көпшілікке айнала бастаған дәуір. Дегенмен Қазақстандағы этнодемографиялық даму көрсеткіштерін қазақ ұлтының өзі (этногендік негізде) анықтаған дәуір. Екінші дәуір – 1917-1991 жж., яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың  екі орыс революциясын, азамат соғысын, талай ашаршылықты (1918, 1921 және 1931-1933 жж.), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және т.б. келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған дәуір. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жж. – қазақтардың өз елінде 58,7%-дан, 28,9%-ға түскен кезеңі; 2-кезең – 1959-1991 жж. қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден аз болған кезең. Соның нәтижесінде қазақтар  өз еліндегі этнодемографиялық көрсеткіштерін анықтап, белгілеуден айырылып қалған еді. Үшінші дәуір – Тәуелсіздік  дәуірі – 1991-2011 жж. қазақтардың өз елінде біртіндеп, көпшілікке айналған дәуір, бұл дәуірді екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – 1991-1999 жж. – қазақтардың үлесі Республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең – 1999-2011 жж. – қазақтардың өз Республикасында басым көпшілікке айнала бастаған кезеңі 53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен кезең). Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді. Тәуелсіздік жағдайында Қазақтардың өз еліндегі этнодемографиялық даму бағыттарын және оның сан-қилы жақтары мен көрсеткіштерін өздері (этногендік негізде) анықтауға қайта қолы жетті. 3. Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің дәуірлері мен кезеңдері белгіленді, бұл процестердің елдегі этнодемографиялық дамуға әсері, әсіресе ұлттық құрам мен аймақтық орналасу ерекшеліктері зерттелді. Бұл көші-қон процестерін жоғарыда көрсетілген үш дәуірге бөліп қарастырғанымыз жөн. Қазақстандағы зерттеушілер көші-қон тарихын осы үш дәуірге тікелей бөлгенімен, сол дәуірлердің ішіндегі кезеңдерді өздерінше әртүрлі көрсетіп келеді. Осы ғалымдардың бұл мәселе жөніндегі пікірлерін саралай келіп, солардың ішінде А.И. Құдайбергенова мен Ж.Ә. Құдайбергеновалардың тұжырымдарын негізінен қолдай келіп, Қазақстандағы көші-қон процестерін төмендегіше дәуірлер мен кезеңдерге бөлген жөн деп санаймыз [8]. І отарлық дәуір – ХVІІІ ғ. 30-жылдарынан 1917 ж. Бұл дәуір негізінде үш кезеңге бөлінеді: 1-кезең – ХVІІІ ғ. 30-жылдарынан 1888 ж. дейін – Ресейдің ішкі және басқа аймақтарынан келген көші-қон негізінде өз бетінше, ұйымдаспаған, стихиялы түрде болды; 2-кезең – 1889 ж. – 1905 жж.; көші-қон ресми, заң түрінде, ұйымдасқан жағдайда, негізінде шаруаларды қоныстандыру саясаты арқылы жүргізілді; 3-кезең – 1905-1917 жж. көші-қон Столыпин аграрлық реформасының ауқымында, шаруаларды қоныстандыру саясатының өрістеуі арқылы жүрді. ІІ-дәуір – Кеңес заманы – 1917-1991 жж. Кеңес дәуірін 6-кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – 1917-1926 жж. – сырттан келетін көші-қонның бәсеңдеген жылдары, 1916 ж. көтерілістен, 1918 және 1921-1922 жж. ашаршылықтан қазақтардың ауа көшіп, Ресейдің, басқа шетелдердің (Қытай, Ауғанстан және т.б.) әртүрлі аймақтарына барып, бас сауғалаған кез; 2-кезең – 1926-1939 жж. – көші-қонның сырттан келген толқындары қайта өрістеген, соның ішінде басқа аймақтардағы «сенімсіз халықтар» өкілдерін күштеп депортациялаудың бастала бастаған, ал қазақтардың бай-кулактарды тәркілеуден, 1931-1933жж жатпай ашаршылықтан, 1930-жж саяси қуғын-сүргіннен қырылып, ауа көшкен кез; 3-кезең – 1939-1945 жж. – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары – Қазақстанға көптеген халықтардың тұтас депортацияланған, соғыс жақын аймақтар азаматтары эвакуацияланған, Қазақстаннан 2 млн-дай адам Отан қорғауға және тылдағы ауыр жұмысқа шақырылған кез; 4-кезең – 1946-1959 жж. – көші-қонның әртүрлі бағытта, ішкі және сыртқы түрлері кеңінен жүріп, шарықтаған жылдары. Бұл халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту үшін, әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру, одақтық маңызы бар күрделі өндірістік-территориялық комплекстерді қалыптастыру үшін сырттан жұмысшы күшін көптеп әкелу, сонымен бірге депортацияланған халықтар мен эвакуациямен келгендердің өз тарихи отандарына қайтқан кез; 5-кезең – 1959-1970жж. – сырттан келетін көші-қон бәсеңдеген, соңында біртіндеп, теріс айырымға (келгендерден кеткендердің көп болуына) әкелген жылдар; 6-кезең – 1970-1996 жж. – сыртқы көші-қонның теріс айырма берген, Қазақстан халқының саны мен құрамына әсері әлсіреген кез. ІІІ дәуір – Тәуелсіздік дәуірі - 1991 – осы күнге дейін, бұл дәуірді қазірдің өзінде екі кезеңге бөлген жөн: 1-кезең – 1991-2003 жж. – шығыс славян, неміс және басқа этностар өкілдерінің өздерінің тарих отандарына қайтқан, шетелдердегі қандастарымыздың оралуы басталған, дегенмен көші-қонның теріс нәтиже-айырма (сальдо) берген жылдары; 2-кезең-2004 жылдан басталып, осы күндерге де жалғасып жата беретін кезең, теріс айырма (сальдо) оңға айналған жылдар. 4. Қазақстандағы жоғарыда көрсетілген дәуірлері мен кезеңдеріндегі көші-қоны үдерістерінің нәтижелері мен салдары, елдегі этнодемографиялық дамуға әсерлері мен кері ықпалы зерттеліп, нақтылана түсті [9]. 5. Тарихи демография саласындағы зерттеулердің келесі бір іргелі нәтижесі – ХІХ ғ. аяғыннан бастап ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығына дейінгі Қазақстан халқының, оның басты-басты этностарының, ең бастысы қазақтардың, онан кейін орыс, украин, белорус, неміс, татар, ұйғыр, дүнген және т.б. жалпы саны мен құрамы,территориялық орналасуы (қала-село-аймақтар-облыстар) жан-жақты зерттелді десек қателесе қоймаспыз. Бұл мәселенің Қазақстан халқының этнодемографиялық даму барысы мен ерекшеліктерін анықтау үшін маңызы зор екенін айтпасақ та белгілі 1926, 1937, 1939, 1959 жылдардағы және онан кейінгі (1970, 1979, 1989), қала берді тәуелсіздік дәуіріндегі екі ұлттық халық санақтары бойынша, бұл мәселелер жөнінде нақты және ресми мәліметтер жеткілікті-ақ. Бірақ отарлық дәуірдегі Қазақстан халқының жалпы саны мен құрамы жөнінде көпке дейін нақтыланған тұжырымдар болған жоқ. Себебі ол дәуірде өз алдына Қазақстан деген әкімгершілік-территориялық ұғым болмағандықтан, зерттеушілер көбінесе қазақтар мекендеген губерниялар мен облыстар халқын негізге алып, болжам жасап келді. Шынына келгенде, Ақмола облысының Омбы уезі (Омбы қаласымен бірге), Сыр-Дария облысының Ташкент уезі (Ташкент қаласымен бірге) және Аму-Дария бөлімі, Жетісу облысының Пішпек және Прижевальск  уездері басқа ұлт өкілдері басым болған деген тұжырым негізінде кейінгі Кеңес дәуірінде Қазақ Республикасына кірмеген еді. Сонымен қабат отарлық дәуірде ішкі (Бөкей) ордасы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау уезі – Закаспи облысына бағынатын. Қазақстан халқы санын есептеуде осы жағдайды ескеру керектігін белгілі тарихшы Б. Сүлейменов 1963 ж. нақтылап айтып, жол көрсеткен-ді [10]. Бұл жағдай көпке дейін ескерілмеді, яғни Қазақстан халқының отарлық дәуірдегі саны мен орналасуы анықталмады [11]. Тек 1987 ж. жарық көрген Қазақ ССР Ғылым академиясы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология и этнография институты даярлаған «История рабочего класса Советского Казахстана» (Алма-Ата) І-томында (44-50-бб.) ең алғаш рет Қазақстан халқының саны (1897 ж. Ресей империясы халқының жалпы санағы бойынша) 1 млн 147 мың адам деп көрсетілді, ал бұл тұжырым в 1991 ж. М.Х. Асылбеков және А.Б. Галиевтің «Социал-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.)», (Алма-Ата, 42, 187 бб.) деген монографиясында қосталып, нақтылана түсті. Бұл тұжырым Б. Сүлейменовтің көрсеткен жолымен жасалып, анықтала түскен-ді. 1897 ж. Қазақстан халқының саны осылай, Республикамыздың қазіргі территориясына жақын жер аймағына сай, анықталғанының маңызы Отан демографтары үшін зор болды, десек қателеспейміз. Себебі, 1897 ж. бастап осы күнге дейін Қазақстан халқының, басты-басты этностардың, әсіресе Қазақтардың саны мен құрамын, орналасуын және т.б. демографиялық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде зерттеуге мүмкіндік пайда болды, сол 1897 ж. мәліметтер оған бастау болып,одан кейінгі бір ғасырдан астам мезгілдегі жағдайды ғылыми тануға жол ашты. Бұл тұжырым қазір демограф-тарихшылар кең қолдануда 6. Соңғы 20 жыл ішінде, яғни Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі кезінде еліміз халқының Кеңес дәуіріндегі әлеуметтік-демографиялық жағдайы кең де, терең де зерттелуде. Жоғарыда көрсетілген М.Х. Асылбеков және  Ә.Б. Галиевтің 1917-1980 жж. арналған еңбегінен соң, 1926-1939, 1939-1959 және 1979-1989 жж. арналған, осы проблемаларды кең талдаған зерттеулер жарық көрді [12]. Өкінішке орай, тек 1959-1979 жж. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуын арнайы талдаған зерттеушілер әлі жоқ. 7. Қазақстандағы этнодемографиялық дамудың аймақтық (региондық) ерекшеліктері едәуір дәрежеде зерттеліп,талдана түсуде. Бұл жөнінде Батыс және Орталық Қазақстан мен  Жетісу халқы әлеуметтік-демографиялық дамуы туралы күрделі еңбектер (М.Н. Сдықов, В.В. Козина, М.К. Төлекова және т.б.) жарық көрді: Солтүстік пен Шығыс аймақтарға қатысты еңбектер де бар. Оңтүстік Қазақстан халқы туралы демографтардың арнайы зерттеуі әлі жоқтың қасы, тек 1926-1959 жж. жөнінде М. Мейірбековтің  кондидаттық диссертациясы мен мақалалары бар [13]. 8. Қазақстан тарихшы-демографтары еліміз халқының тәуелсіздік жағдайындағы әлеуметтік демографиялық дамуы мен көші-қон ерекшеліктері мен нәтижелерінзерттеуге көбірек көңіл бөлді. Бұл жөнінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты тарихи демография  және қазіргі әлеуметтік  проблемалар бөлімі ғылыми қызметкерлері, олардың әріптестері мен шәкірттері едәуір еңбек етуде, – десек теріс болмас. Солардың зерттеулерінің тарихи демография саласындағы төмендегі басты-басты нәтижелеріне, қысқаша болса да, тоқтала кетейік: а) Тәуелсіздік жылдары Республика халқының саны күрт азайды, ал ұлттық құрамында күрделі өзгерістер болды. Тек соңғы жылдары ғана 1989 ж. деңгейіне жақындай түсті. 1991-2003 жж. арасында ел халқы 1,5 млн.-нан аса адамға кеміп кетті, 2010ж. елде 16,038,1 мың адам болды, ал 1991 ж.-16,358,1 мың адам бар еді. б) Халық санының күрт кемуі себептері: 1) Қазақстаннан сыртқа бағытталған шығыс славян өкілдері мен неміс, татар және басқалардың өз тарихи отандарына қайтқан ірі-ірі толқынды көші-қон (теріс айырылымы – сальдо) нәтижелері; 2) өлім-жітім көбейіп, туу азайғаны арқасында табиғи өсімнің, (әсіресе шығыс славян өкілдері арасында) төмендеп кетуі болды. г) Халықтың ұлттық құрамында күрделі өзгерістер болды, әсіресе қазақтардың саны көбейе түсуде, табиғи өсім мен Отанына қайтқан қандастарымыз (шамамен 1 млн.) арқасында қазақтар 2009 ж. санақта 10 млн асып түсті, яғни 20 жыл ішінде олардың саны 3,564 мыңнан аса көбейіп, үлесі 39,7% дан 63,1%, яғни 23,4%-ға көтерілді. Орыстардың үлесі 39,7%-дан 23,7% -ға түсіп, 16,0% төмендеді, ал саны 2,430,5 мыңға кеміді. Немістер 726 мыңға, украиндар 653 мыңға қысқарып, үлестері 1,4% және 2,7%-ға түсті. Бұған керісінше өзбектер, ұйғырлар әзербайжандар, түріктер, тәжіктер және басқа түркі-мұсылман этностары өкілдері саны өсе түсуде. Бұл өзгерістер еліміздің ұлттық құрамын түбірлі түрде басқаша қалыптастырып үлгерді. д) Халықтың жыныстық құрамында әйелдердің еркектерден көбірек болуы сақталып келе жатса, жастық құрамда қартаю көрсеткіштері көрініс табуда, бұл жағдай негізінде шығыс славян өкілдерінің көбі қартая түскенінен болып отыр. Қазақтар негізінен жас ұлттар қатарына жатады. е) Қазақстан Республикасында негізгі этностардың аймақтарда орналасу ерекшеліктері өзінің дәстүрлік қасиетін нақтылай түсуде. Оңтүстік пен Батыста Қазақтарының басымдығы күшейе түсуде, ал Солтүстікте, Шығыста және Орталықта қазақтардың үлесі едәуір көтерілгенімен шығыс славян өкілдері әлі де басымдықтарын сақтап қалуда. ж) Қазақстан  Республикасы  халқының ұрбандану (қалалану) процесінің  бір-қатар ерекшеліктері пайда болды: 1) «қазақ қалаға бет бұрды», олардың саны да, үлесі де қала тұрғындары арасында көбейе түсуде; 2) Қала тұрғындары саны негізінде екі астанада (Астана мен Алматы), ірі облыс орталықтарында ғана өсуде; көп қалалар да (Түркістаннан басқа) тұрғындар саны кеміп кетті ал 1990-жж. тоқырауға (депрессияға) ұшыраған қалалар пайда болды. 3) Республика халқының, әсіресе қазақтардың білім деңгейі өсіп келеді. Дегенмен қазақтар білім жөніндегі көптеген көрсеткіштер бойынша европалық ұлт өкілдерінен едәір артта қалып келеді. и) Тәуелсіздік жағдайында, Қазақстан Республикасында жаңа саяси және экономикалық құрылым пайда болып, қалыптасты. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік құрылым да қалыптасып үлгерді. Бұрынғы Кеңес дәуіріндегі бірыңғай, жұмысшы, ұжымшар шаруасы мен интеллигенциядан тұратын әлеуметтік құрылым орнына экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күш) төмендегіше әртүрлі әлеуметтік топтарға (таптарға десе де болар): Жұмыспен қамтылғандар: Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер, жұмыс берушілер (жеке меншік иелері), өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық ақы төленбейтін қызметкерлер, әскерилер, дін қызметкерлері және т.б. жұмыссыздар болып бөлінді. Қазіргі Қазақстан  қоғамында мүліктік жіктелу күшеюде, байлар мен кедейлер арасы алшақтай түсуде, әлеуметтік,экономикалық және саяси құрылымның негізі салатын орта тап қалыптасу үстінде, бірақ әлі әлсіз 2,6 млн-нан асатын өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік қорғанысы еңбекпен қамтылғандар ішінде өте төмен. Жұмыссыздық проблемасы, ауыл халқының басым көпшілігі болып отырған қазақтардың, әсіресе олардың жастарының жағдайы мемлекеттік күрделі шараларды іске асыруды қажет етеді, жаңа инновациялық-индустриялық даму мақсаты ұлттық кәсіби техникалық мамандар кадрларын даярлап, тәрбиелеп өсіруді талап етеді. Міне осындай тұжырымдар, қорытындылар мен ұсыныстар Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының тиісті бөліміндегі демограф ғалымдардың, олардың әріптестері мен шәкірттерінің С.К. Рүстемов (бөлім меңгерушісі), М.Х. Асылбеков (ғылыми жетекшісі), М.Н. Сдықов, В.В Козина, М.К. Төлекова, А.И. Құдайбергенова, Ж.М. Асылбекова, Б.О. Жанғұттин, Б.К. Сапарбаев, А.М. Жаркенова, Б. Найманбаев. К.М. Ерімбетова, К.А. Еңсенов, Ш.А. Сәлімгереева, А.С. Уалтаева, Г. Ниязханқызы, Г.А. Омарова, Г.Ә. Сәрсенбаева және т.б. еңбектерінде зерттеліп жасалды [12]. 9. Тарихи демографиялық тарихнама және деректану мәселелері де қарастырылып, зерттелуде, әрбір докторлық және кандидаттық диссертациялардың және жарияланған монографиялар мен мақалалардың кіріспесінде бұл мәселелер арнайы талданады. Институттың тиісті бөлімі  М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың Қазақстан тарихи демографиясының даму белестеріне арналған монографиясын жариялады, Қ.А. Еңсенов Қазақстандағы 1939-1959 жж. көші-қон және оның зерттелуі туралы кандидаттық диссертация қорғап, 8 мақала жариялады. 2003 ж. М.Х. Асылбеков пен А.И. Құдайбергенованың жоғарыда айтылған және осы баяндамалар да Отан тарихы демографиясының тарихнамасы мен деректану салаларына арналғанын айта кеткен жөн. Институт бөлімі 1937 және 1939 жж. Бүкілодақтық халық санақтарының  Қазақстанға  арналған мәліметтерін бес том етіп, жариялауға даярлады. Бұл мәліметтер Мәскеудегі Ресей мемлекеттік экономика мұрағатында өте құпия сақталған-ды. Бөлім қызметкерлері (5 адам) арнайы сапар шегіп, осы мәліметтердің 2,5 мың бет көшірмесін, көп қиыншылықтарды жеңе отырып, алып келді. Бірінші томы 2010 ж. жарық көрді [14].  Бұл томға 1939 ж. Бүкілодақтық халық санағының қалай ұйымдастырылып өткені жөнінде және бұл санақ бойынша Қазақстан халқының этнодемографиялық даму қорытындылары туралы арнайы мақалалар берілді [15]. Тарихи демография мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесі туралы қысқаша шолудан едәуір жұмыс істелгенін байқауға болады. Дегенмен алдымызда Қазақстан халқы туралы әлі де, өзекті де мәселелер зерттеуді қажет екені де белгілі. Олардың негізгілері: -  Тәуелсіздік жағдайында Республика халқының этнодемографиялық даму ерекшеліктері; - Тәуелсіздік кезіндегі көші-қон үдерістері, оның нәтижелері мен этнодемографиялық дамуға әсері оралмандар проблемасы; - Еңбек ресурстары, жұмыссыздар мен өзбетінше жұмыс істейтін қызметкерлер саны мен құрамы, әлеуметтік жағдайы және т.б., - Қазақстан республикасы халқының жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасуы, оның негізгі топтары мен топтарының сипаттамасы мен жағдайы және т.б. - ұрбандану процесінің қазіргі кездегі ерекшеліктері; қалалар тарихы әлі зерттеле қоймаған, Оңтүстік Қазақстан қалалары жөнінде бір докторлық диссертация,  кішігірім қалалар, Алматы агломерациясы, Түркістан қаласы жөнінде бірнеше кандидаттық  диссертациялар ғана бар [16]; қалалар халқы жөнінде жан-жақты зерттеулер жүргізу керек. - Қазіргі ауыл халқының саны мен құрамы, жағдайы, әсіресе ауыл жастарының мұң-мұқтажы мен күрделеніп қалған мәселелері; - Қазақстан халқының, әсіресе қазақтар мен басқа этнос өкілдерінің табиғи өсімі, ондағы келеңсіз жағдайлар мен әлеуметтік қорғаныс жолдарын анықтау; - Қазақстан халқының білім деңгейінің көтерілуі, әсіресе қазақтардың бұл мәселедегі басқа, әсіресе европалық этнос өкілдерінен кейін қалуын жеңу жолдары және т.б. - Университеттер мен педагогикалық  институттарда  Қазақстан тарихи демографиясынан  арнайы курстар енгізу; - Қазақстан тарихи демографиясы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, жариялау; - Ежелгі дәуірден осы күнге дейінгі уақытты қамтыған Қазақстан тарихи демографиясының энциклопедиясын  даярлап, жарыққа шығару. 1. Левшин А.И. Описание Киргиз-Казачьих или Киргиз-Казсацких орд и степей. Алматы, 1990 с. 287-288; Военно-статистическое обозрение Российской империи. Т. ХІV, ч ІІ, СПБ, 1848:  Арисов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. СПБ., 1897; Южаков Ю. Новые приобретения в Средней Азии.  Чимкентский круг. «Отечественные записки», 1867, № 76. 2. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар.Алматы, 1994, 95 б.; Тынышпаев М. Материалы к истории Киргиз-Казахского народа. Ташкент. 1925. 3. Бекмаханов Е. Казахстан в 20.40 года ХІХ века. Алма-Ата, 1992,  Б. Сулейменов. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети ХІХ – начала ХХ в (1867-1907 гг.). Алма-Ата, 1963; Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1897-1914 гг. Алма-Ата, 1965 и др. 4. Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии. Последняя четверть ХІІІ-60-е годы ХІХ в. Москва, 1980; Ее же. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма. Москва, 1986; Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана.Алма-Ата, 1981. Асылбеков М.Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1917-1970 гг.). Алма-Ата,1973, Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан  Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса Казахстана (1946-1965 гг.). Алма-Ата, 1976; История рабочего класса советского Казахстана. Т.1, Алма-Ата, 1987; Т. 2, Алма-Ата, 1988 и др. 5. Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан тарихи демографиясының өзекті мәселелерін жаңаша концептуалдық пайымдау // Отан тарихы, 2003. – № 3. – 25-30 бб. 6. Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. Қазақ ұлтының этнодемографиялық дамуы. // Қазақ тарихы, 2011, № 2. – 2-16 бб.  7.  Бұл да сонда; Құдайбергенова Ж.А. Влияние миграционных процессов на изменения историко-демографической ситуации в Казахстане (вторая половина ХІХ – начало ХХ вв). – Алматы, 2010; Құдайбергенова А.И. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үрдістері: тарих-демографиялық аспект (1917-1991 жж.). – Алматы, 2010; Жагуттин Б.О. Формирование славянского населения в Казахстане.(численность, миграционный процесс в конце ХІХ-ХХ вв.). Алматы, 2010; Ниязханқызы Г. Қазақстан Республикасындағы көші-қон және оның әлеуметтік-демографиялық дамуға әсері (1991-2009 жылдар). Алматы, 2010; Еңсенов Қ.А. Қазақстандағы көші-қон:процестері және оның нәтижелері зерттелуі, Алматы, 2007. и.др (1926-1956 жж.). и.др. 8.  Бұл да сонда. 9.  Сулейменов Б. Указ. Работа, с.22-24. 10. Аймбетов С. 1926-1939 жылдар арлығындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Алматы, 1998. Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005. – 160 б.; Асылбеков М.Х., Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. Алматы, 1995. и др. 11.  Сдыков М.Н. Насление Западного Казахстана. Алматы, 1995; Козина В.В. Население Центрального Казахстана (мезадология, Историография. Источники). Алматы, 2001; Козина В.В.Население Центрального Казахстана (конец XIX в – 3 - годы XX в.). Алматы, 2000; Козина В.В.Насление Центрального Казахстана (40-ое годы - Конец XX в.). Алматы, 2001; Тулекова М. Жетісу халқы. (1897-1999 ж.ж.). Алматы, 2002;  Мейрбеков М.Б. Оңтүстік Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы. Алматы, 2010 және т.б. 12. Асылбеков М.Х., В.В. Козина. Демографическое развитие Республики Казахстан в условиях суверенитета. Алматы, 2001; Они же. Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета. Алматы, 2010; Асылбекова Ж.М-А. «Национальные индустриальные кадры Казахстана в конце ХІХ – начале ХХІ вв. (социально-демографический аспект): автореф. … докт. ист. наук. – Алматы, 2007. – 49 с.; Құдайбергенова А.И. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.): тарих ғыл. докт. ... дисс.  – Алматы, 2010. – 331 б.; Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. Социально- демографическое  развитие населения Казахстана в годы суверенитета. – Отан тарихы, 2010, № 3, с. 19-36;  Ерімбетова Қ.М. Кеңес мемлекетінің 1960-1990 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон саясаты (тарихи-демографиялық аспект): тарих ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2007. – 31 б.; Еңсенов Қ.А. Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жж.):  тарих ғыл. канд. ... автореф.  – Алматы, 2007. – 29 б.; Салимгереева Ш.А. Ақтөбе өңірі халқының этнодемографиялық дамуы (1897-2007 жж.): тарих ғыл. канд. ... автореф. – Алматы: 2009. – 30 б.; Уалтаева А.С. Население малых городов Восточного Казахстана (1959 - 2006 гг.): автореф. ... канд. ист. наук. – Алматы, 2009. – 31 с.;  и др. 13. Асылбекова Ж.М. Национальные кадры Казахстана в конце ХІХ-начале ХХІ вв. (социально-демографический аспект). – Алматы, 2007; Сапарбаев Б.К., Жаркенова А.М., Б. Найманбаев  Индустральное развитие Казахстана во второй половине XX -  начале XXI веков (историка модернизационный проект). – Алматы, 2010, Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. О социальной структуре населения Республика Казахстан. (1991-2007г). Современное состояние и перспективе развитие исторической науки Казахстана и России. Сборник материалов международной научно-практической кконференции. Алматы, 26 июня 2008г. – Алматы, 2008, с. 86-95, Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. О формировании новой социальной структуры населения Казахстана в условиях суверенитета. Социальная экономика в условиях цивилизационных перемен в современном мире: парадигмы и векторы развития материалы международной научно-практической конференция (22 сентября 2010 года). – Алматы, 2010, с. 174-183. 14.  Население Казахстана по Всесоюзной преписи населения 1939 года. Т.1. –Алматы, 2010. 15.  Асылбеков М.Х. Кудайбергенова Л.И. Подготовка и проведение Всесоюзной преписи населения 1939 года по Казахстану. Там же, с. 19-38; Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. - Основные итоги Всесоюзной переписи населения 1939 года по Казахстану. Там же. с. 19-38. 16. Кожакеева Л.Т. Социально-демографическое развитие населения городов Южного Казахстана во второй половине XIX – начале XXI вв. – Алматы, 2010; Сулейменова Қ.Қ. Алматы агломерациясы: этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен динамикасы (1991-2007жж). – Алматы, 2009; Уалтаева А.С. Население малых городов Восточного Казахстана (1959-2006 гг.). – Алматы, 2009. Байсалбаева Т.М. Социально-экономическое  развитие малых городов Казахстана (1959-2000 гг.). – Алматы, 2004 и др. Асылбеков М.Х.  

Соңғы редакциялау:

30 қазан 2012

Қазақстан тарихи демографиясының қалыптасуы

Қазақстан тарихи демографиясы – Отан тарихының бір саласы, әлі жас, тек тәуелсіздік жылдары ғана кең дамып, қалыптасқан бөлігі. Оның алғашқы елеулі қадымдары отарлық дәуірде – Қазақстанның Ресей империясына бодан болған жағдайда жасалған-ды. Басым көпшілігі отарлық басқару жүйесінде қызмет істеген орыс ғалымдары Қазақстанның жері мен байлығын пайдалану мақсатында, әсіресе отар елдің артық жерін тауып, оны қазақтардан тартып алып, қазақ әскерлері мен орыс шаруаларын қоныстандыру үшін, жергілікті халықтың санының құрамын және территориялық орналасуын зерттеді [1]. Ал Әлихан Бөкейхан сияқты ұлт зиялылары бұл мәселелерге Қазақстанда артық жатқан жер жақтығын дәлелдеу үшін жән Ресей империясының көші-қон саясатына қарсы күресу мақсатында көңіл бөлген-ді [2].

Кеңс дәуірінде, әсіресе 1920 жылдың екінші жартысына бастап Қазақстан тарихи демографиясы мәселелері жөнінде едәуір зерттеулер жарық көрді, дегенмен 1937 жылғы Бүкілодақтық санақ Кеңес өкіметі басшыларының халық санының күрт өсуі туралы болжамын ақтамаған соң, Кеңес Одағы бойынша тұрғындардың демографиялық мәліметтеріне ресми тиым салынған жағдай басталды. Кеңестік идеология барлық ұлттардың теңдігі мен өзін өзі билеу (өз алдына мемлекет құрып, бөлініп шығуға дейін) құқығы ашық жарияланғанымен, көп республикалардағы жергілікті халықтың азайып кетуі, Сібір мен Қиыр Шығыстағы ондағы ұлттың жоғалып кетуі, 1918, 1921-1922, әсіресе 1931-1933 жж. ашаршылық себептерірін, екінші дүниежүзілік соғыстағы адам шығыны көлемін және т.с. Б.Сүлейменов, П.Г.Галузо және басқа белгілі тарихшылар революцияға дейінгі (1917 ж.) Қазақстан халқының саны мен құрамы және территориялық орналасуы жөнінде өз зерттеулерінде мәліметтер келтіріп жүрді [3].

1980 жж. Қазақстан тарихи демографиясы үшін бетбұрыс болды: Н.Е.Бекмаханованың екі көлемді монографиясы мен Н.В.Алексеенконың кітабы жарық көрді [4]. Бұл еңбектер Қазақстан халқының 1917 ж. революцияға дейінгі этнодемографиялық дамуы мен көші-қон үдерістеріне арналған еді. Жалпы тарихи демография мәслелері әлі де шектеулі еді. Мәне сондықтан да Отан тарихының бұл саласы тек Тәуелсіздік жылдары ғана кең дамып, қалыптасты десек қателеспейміз. Біз 1980 жж. бастап осы күнге шейін тарихи демографияға арналған зерттеулердің негізгі нәтижелері мен міндеттерін сіздердің арнайы талқылауларыңызға салғанды жөн көрдік. Бұл нәтижелердің бастылары төмендегідей:

1.Тарихи демографияның методологиялық және ғылыми әдістері нақтыланып, толықтырылып зерттелуде. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғалымдары бұл мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын, көзқарастары мен пікірлерін Алматы қаласында 2003 ж. 13 наурызда өткен «Қазақстанның тарих ғылымындағы методологиялық және теориялық-концептуалдық өзгерістер мен оларды  игеру мәселелері» атты халықаралық –практикалық конференцияда жасалған М.Х. Асылбеков пен А.И. Құдайбергенованың  «Қазақстан тарихи демографиясының өзекті мәселелерін жаңаша концептуалдық пайымдау» деген баяндамасында анықтап, көрсетуге ұмтылған-ды [5]. Осы баяндама арқылы сол мәселелерді анықтай түскенді дұрыс көрдік [6].

2. Ресейге бодан болғаннан осы күнге дейінгі Қазақ халқының этнодемографиялық даму дәуірлері мен кезеңдері талданып, анықтала түсті [7].

Қазақ халқының Ресейге бағынған бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Бірінші дәуір –  отарлық дәуір, ХVІІІ ғ. 30-жылдарынан бері 1917 ж. дейін; бұл Қазақстанның Ресейдің отары, қазақтардың этнодемографиялық дамуы отарлық-миграциялық (соның ішінде қоныстандыру) саясатының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның стихиялық, әскери, ұйымдасқан, өз бетінше және басқа түрлері іске асқан, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты кезінде өрістеген дәуір, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп дәуір. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзгерістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін, бұрын өз елінде үлесі едәуір (90%) болғанымен, ХХ ғ. екінші онжылдығы соңында, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған дәуір. Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Солтүстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этностар өкілдерінің көпшілікке айнала бастаған дәуір. Дегенмен Қазақстандағы этнодемографиялық даму көрсеткіштерін қазақ ұлтының өзі (этногендік негізде) анықтаған дәуір.

Екінші дәуір – 1917-1991 жж., яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың  екі орыс революциясын, азамат соғысын, талай ашаршылықты (1918, 1921 және 1931-1933 жж.), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және т.б. келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған дәуір. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жж. – қазақтардың өз елінде 58,7%-дан, 28,9%-ға түскен кезеңі; 2-кезең – 1959-1991 жж. қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден аз болған кезең. Соның нәтижесінде қазақтар  өз еліндегі этнодемографиялық көрсеткіштерін анықтап, белгілеуден айырылып қалған еді.

Үшінші дәуір – Тәуелсіздік  дәуірі – 1991-2011 жж. қазақтардың өз елінде біртіндеп, көпшілікке айналған дәуір, бұл дәуірді екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – 1991-1999 жж. – қазақтардың үлесі Республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең – 1999-2011 жж. – қазақтардың өз Республикасында басым көпшілікке айнала бастаған кезеңі 53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен кезең). Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді.

Тәуелсіздік жағдайында Қазақтардың өз еліндегі этнодемографиялық даму бағыттарын және оның сан-қилы жақтары мен көрсеткіштерін өздері (этногендік негізде) анықтауға қайта қолы жетті.

3. Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің дәуірлері мен кезеңдері белгіленді, бұл процестердің елдегі этнодемографиялық дамуға әсері, әсіресе ұлттық құрам мен аймақтық орналасу ерекшеліктері зерттелді.

Бұл көші-қон процестерін жоғарыда көрсетілген үш дәуірге бөліп қарастырғанымыз жөн. Қазақстандағы зерттеушілер көші-қон тарихын осы үш дәуірге тікелей бөлгенімен, сол дәуірлердің ішіндегі кезеңдерді өздерінше әртүрлі көрсетіп келеді. Осы ғалымдардың бұл мәселе жөніндегі пікірлерін саралай келіп, солардың ішінде А.И. Құдайбергенова мен Ж.Ә. Құдайбергеновалардың тұжырымдарын негізінен қолдай келіп, Қазақстандағы көші-қон процестерін төмендегіше дәуірлер мен кезеңдерге бөлген жөн деп санаймыз [8].

І отарлық дәуір – ХVІІІ ғ. 30-жылдарынан 1917 ж. Бұл дәуір негізінде үш кезеңге бөлінеді: 1-кезең – ХVІІІ ғ. 30-жылдарынан 1888 ж. дейін – Ресейдің ішкі және басқа аймақтарынан келген көші-қон негізінде өз бетінше, ұйымдаспаған, стихиялы түрде болды; 2-кезең – 1889 ж. – 1905 жж.; көші-қон ресми, заң түрінде, ұйымдасқан жағдайда, негізінде шаруаларды қоныстандыру саясаты арқылы жүргізілді; 3-кезең – 1905-1917 жж. көші-қон Столыпин аграрлық реформасының ауқымында, шаруаларды қоныстандыру саясатының өрістеуі арқылы жүрді.

ІІ-дәуір – Кеңес заманы – 1917-1991 жж. Кеңес дәуірін 6-кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – 1917-1926 жж. – сырттан келетін көші-қонның бәсеңдеген жылдары, 1916 ж. көтерілістен, 1918 және 1921-1922 жж. ашаршылықтан қазақтардың ауа көшіп, Ресейдің, басқа шетелдердің (Қытай, Ауғанстан және т.б.) әртүрлі аймақтарына барып, бас сауғалаған кез; 2-кезең – 1926-1939 жж. – көші-қонның сырттан келген толқындары қайта өрістеген, соның ішінде басқа аймақтардағы «сенімсіз халықтар» өкілдерін күштеп депортациялаудың бастала бастаған, ал қазақтардың бай-кулактарды тәркілеуден, 1931-1933жж жатпай ашаршылықтан, 1930-жж саяси қуғын-сүргіннен қырылып, ауа көшкен кез; 3-кезең – 1939-1945 жж. – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары – Қазақстанға көптеген халықтардың тұтас депортацияланған, соғыс жақын аймақтар азаматтары эвакуацияланған, Қазақстаннан 2 млн-дай адам Отан қорғауға және тылдағы ауыр жұмысқа шақырылған кез; 4-кезең – 1946-1959 жж. – көші-қонның әртүрлі бағытта, ішкі және сыртқы түрлері кеңінен жүріп, шарықтаған жылдары. Бұл халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту үшін, әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру, одақтық маңызы бар күрделі өндірістік-территориялық комплекстерді қалыптастыру үшін сырттан жұмысшы күшін көптеп әкелу, сонымен бірге депортацияланған халықтар мен эвакуациямен келгендердің өз тарихи отандарына қайтқан кез; 5-кезең – 1959-1970жж. – сырттан келетін көші-қон бәсеңдеген, соңында біртіндеп, теріс айырымға (келгендерден кеткендердің көп болуына) әкелген жылдар; 6-кезең – 1970-1996 жж. – сыртқы көші-қонның теріс айырма берген, Қазақстан халқының саны мен құрамына әсері әлсіреген кез.

ІІІ дәуір – Тәуелсіздік дәуірі - 1991 – осы күнге дейін, бұл дәуірді қазірдің өзінде екі кезеңге бөлген жөн: 1-кезең – 1991-2003 жж. – шығыс славян, неміс және басқа этностар өкілдерінің өздерінің тарих отандарына қайтқан, шетелдердегі қандастарымыздың оралуы басталған, дегенмен көші-қонның теріс нәтиже-айырма (сальдо) берген жылдары; 2-кезең-2004 жылдан басталып, осы күндерге де жалғасып жата беретін кезең, теріс айырма (сальдо) оңға айналған жылдар.

4. Қазақстандағы жоғарыда көрсетілген дәуірлері мен кезеңдеріндегі көші-қоны үдерістерінің нәтижелері мен салдары, елдегі этнодемографиялық дамуға әсерлері мен кері ықпалы зерттеліп, нақтылана түсті [9].

5. Тарихи демография саласындағы зерттеулердің келесі бір іргелі нәтижесі – ХІХ ғ. аяғыннан бастап ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығына дейінгі Қазақстан халқының, оның басты-басты этностарының, ең бастысы қазақтардың, онан кейін орыс, украин, белорус, неміс, татар, ұйғыр, дүнген және т.б. жалпы саны мен құрамы,территориялық орналасуы (қала-село-аймақтар-облыстар) жан-жақты зерттелді десек қателесе қоймаспыз. Бұл мәселенің Қазақстан халқының этнодемографиялық даму барысы мен ерекшеліктерін анықтау үшін маңызы зор екенін айтпасақ та белгілі 1926, 1937, 1939, 1959 жылдардағы және онан кейінгі (1970, 1979, 1989), қала берді тәуелсіздік дәуіріндегі екі ұлттық халық санақтары бойынша, бұл мәселелер жөнінде нақты және ресми мәліметтер жеткілікті-ақ.

Бірақ отарлық дәуірдегі Қазақстан халқының жалпы саны мен құрамы жөнінде көпке дейін нақтыланған тұжырымдар болған жоқ. Себебі ол дәуірде өз алдына Қазақстан деген әкімгершілік-территориялық ұғым болмағандықтан, зерттеушілер көбінесе қазақтар мекендеген губерниялар мен облыстар халқын негізге алып, болжам жасап келді. Шынына келгенде, Ақмола облысының Омбы уезі (Омбы қаласымен бірге), Сыр-Дария облысының Ташкент уезі (Ташкент қаласымен бірге) және Аму-Дария бөлімі, Жетісу облысының Пішпек және Прижевальск  уездері басқа ұлт өкілдері басым болған деген тұжырым негізінде кейінгі Кеңес дәуірінде Қазақ Республикасына кірмеген еді. Сонымен қабат отарлық дәуірде ішкі (Бөкей) ордасы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау уезі – Закаспи облысына бағынатын. Қазақстан халқы санын есептеуде осы жағдайды ескеру керектігін белгілі тарихшы Б. Сүлейменов 1963 ж. нақтылап айтып, жол көрсеткен-ді [10]. Бұл жағдай көпке дейін ескерілмеді, яғни Қазақстан халқының отарлық дәуірдегі саны мен орналасуы анықталмады [11]. Тек 1987 ж. жарық көрген Қазақ ССР Ғылым академиясы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология и этнография институты даярлаған «История рабочего класса Советского Казахстана» (Алма-Ата) І-томында (44-50-бб.) ең алғаш рет Қазақстан халқының саны (1897 ж. Ресей империясы халқының жалпы санағы бойынша) 1 млн 147 мың адам деп көрсетілді, ал бұл тұжырым в 1991 ж. М.Х. Асылбеков және А.Б. Галиевтің «Социал-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.)», (Алма-Ата, 42, 187 бб.) деген монографиясында қосталып, нақтылана түсті. Бұл тұжырым Б. Сүлейменовтің көрсеткен жолымен жасалып, анықтала түскен-ді. 1897 ж. Қазақстан халқының саны осылай, Республикамыздың қазіргі территориясына жақын жер аймағына сай, анықталғанының маңызы Отан демографтары үшін зор болды, десек қателеспейміз. Себебі, 1897 ж. бастап осы күнге дейін Қазақстан халқының, басты-басты этностардың, әсіресе Қазақтардың саны мен құрамын, орналасуын және т.б. демографиялық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде зерттеуге мүмкіндік пайда болды, сол 1897 ж. мәліметтер оған бастау болып,одан кейінгі бір ғасырдан астам мезгілдегі жағдайды ғылыми тануға жол ашты. Бұл тұжырым қазір демограф-тарихшылар кең қолдануда

6. Соңғы 20 жыл ішінде, яғни Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі кезінде еліміз халқының Кеңес дәуіріндегі әлеуметтік-демографиялық жағдайы кең де, терең де зерттелуде. Жоғарыда көрсетілген М.Х. Асылбеков және  Ә.Б. Галиевтің 1917-1980 жж. арналған еңбегінен соң, 1926-1939, 1939-1959 және 1979-1989 жж. арналған, осы проблемаларды кең талдаған зерттеулер жарық көрді [12]. Өкінішке орай, тек 1959-1979 жж. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуын арнайы талдаған зерттеушілер әлі жоқ.

7. Қазақстандағы этнодемографиялық дамудың аймақтық (региондық) ерекшеліктері едәуір дәрежеде зерттеліп,талдана түсуде. Бұл жөнінде Батыс және Орталық Қазақстан мен  Жетісу халқы әлеуметтік-демографиялық дамуы туралы күрделі еңбектер (М.Н. Сдықов, В.В. Козина, М.К. Төлекова және т.б.) жарық көрді: Солтүстік пен Шығыс аймақтарға қатысты еңбектер де бар. Оңтүстік Қазақстан халқы туралы демографтардың арнайы зерттеуі әлі жоқтың қасы, тек 1926-1959 жж. жөнінде М. Мейірбековтің  кондидаттық диссертациясы мен мақалалары бар [13].

8. Қазақстан тарихшы-демографтары еліміз халқының тәуелсіздік жағдайындағы әлеуметтік демографиялық дамуы мен көші-қон ерекшеліктері мен нәтижелерінзерттеуге көбірек көңіл бөлді. Бұл жөнінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты тарихи демография  және қазіргі әлеуметтік  проблемалар бөлімі ғылыми қызметкерлері, олардың әріптестері мен шәкірттері едәуір еңбек етуде, – десек теріс болмас. Солардың зерттеулерінің тарихи демография саласындағы төмендегі басты-басты нәтижелеріне, қысқаша болса да, тоқтала кетейік:

а) Тәуелсіздік жылдары Республика халқының саны күрт азайды, ал ұлттық құрамында күрделі өзгерістер болды. Тек соңғы жылдары ғана 1989 ж. деңгейіне жақындай түсті. 1991-2003 жж. арасында ел халқы 1,5 млн.-нан аса адамға кеміп кетті, 2010ж. елде 16,038,1 мың адам болды, ал 1991 ж.-16,358,1 мың адам бар еді.

б) Халық санының күрт кемуі себептері: 1) Қазақстаннан сыртқа бағытталған шығыс славян өкілдері мен неміс, татар және басқалардың өз тарихи отандарына қайтқан ірі-ірі толқынды көші-қон (теріс айырылымы – сальдо) нәтижелері;

2) өлім-жітім көбейіп, туу азайғаны арқасында табиғи өсімнің, (әсіресе шығыс славян өкілдері арасында) төмендеп кетуі болды.

г) Халықтың ұлттық құрамында күрделі өзгерістер болды, әсіресе қазақтардың саны көбейе түсуде, табиғи өсім мен Отанына қайтқан қандастарымыз (шамамен 1 млн.) арқасында қазақтар 2009 ж. санақта 10 млн асып түсті, яғни 20 жыл ішінде олардың саны 3,564 мыңнан аса көбейіп, үлесі 39,7% дан 63,1%, яғни 23,4%-ға көтерілді. Орыстардың үлесі 39,7%-дан 23,7% -ға түсіп, 16,0% төмендеді, ал саны 2,430,5 мыңға кеміді. Немістер 726 мыңға, украиндар 653 мыңға қысқарып, үлестері 1,4% және 2,7%-ға түсті.

Бұған керісінше өзбектер, ұйғырлар әзербайжандар, түріктер, тәжіктер және басқа түркі-мұсылман этностары өкілдері саны өсе түсуде. Бұл өзгерістер еліміздің ұлттық құрамын түбірлі түрде басқаша қалыптастырып үлгерді.

д) Халықтың жыныстық құрамында әйелдердің еркектерден көбірек болуы сақталып келе жатса, жастық құрамда қартаю көрсеткіштері көрініс табуда, бұл жағдай негізінде шығыс славян өкілдерінің көбі қартая түскенінен болып отыр. Қазақтар негізінен жас ұлттар қатарына жатады.

е) Қазақстан Республикасында негізгі этностардың аймақтарда орналасу ерекшеліктері өзінің дәстүрлік қасиетін нақтылай түсуде. Оңтүстік пен Батыста Қазақтарының басымдығы күшейе түсуде, ал Солтүстікте, Шығыста және Орталықта қазақтардың үлесі едәуір көтерілгенімен шығыс славян өкілдері әлі де басымдықтарын сақтап қалуда.

ж) Қазақстан  Республикасы  халқының ұрбандану (қалалану) процесінің  бір-қатар ерекшеліктері пайда болды: 1) «қазақ қалаға бет бұрды», олардың саны да, үлесі де қала тұрғындары арасында көбейе түсуде; 2) Қала тұрғындары саны негізінде екі астанада (Астана мен Алматы), ірі облыс орталықтарында ғана өсуде; көп қалалар да (Түркістаннан басқа) тұрғындар саны кеміп кетті ал 1990-жж. тоқырауға (депрессияға) ұшыраған қалалар пайда болды.

3) Республика халқының, әсіресе қазақтардың білім деңгейі өсіп келеді. Дегенмен қазақтар білім жөніндегі көптеген көрсеткіштер бойынша европалық ұлт өкілдерінен едәір артта қалып келеді.

и) Тәуелсіздік жағдайында, Қазақстан Республикасында жаңа саяси және экономикалық құрылым пайда болып, қалыптасты. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік құрылым да қалыптасып үлгерді. Бұрынғы Кеңес дәуіріндегі бірыңғай, жұмысшы, ұжымшар шаруасы мен интеллигенциядан тұратын әлеуметтік құрылым орнына экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күш) төмендегіше әртүрлі әлеуметтік топтарға (таптарға десе де болар): Жұмыспен қамтылғандар: Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер, жұмыс берушілер (жеке меншік иелері), өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық ақы төленбейтін қызметкерлер, әскерилер, дін қызметкерлері және т.б. жұмыссыздар болып бөлінді. Қазіргі Қазақстан  қоғамында мүліктік жіктелу күшеюде, байлар мен кедейлер арасы алшақтай түсуде, әлеуметтік,экономикалық және саяси құрылымның негізі салатын орта тап қалыптасу үстінде, бірақ әлі әлсіз 2,6 млн-нан асатын өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік қорғанысы еңбекпен қамтылғандар ішінде өте төмен. Жұмыссыздық проблемасы, ауыл халқының басым көпшілігі болып отырған қазақтардың, әсіресе олардың жастарының жағдайы мемлекеттік күрделі шараларды іске асыруды қажет етеді, жаңа инновациялық-индустриялық даму мақсаты ұлттық кәсіби техникалық мамандар кадрларын даярлап, тәрбиелеп өсіруді талап етеді.

Міне осындай тұжырымдар, қорытындылар мен ұсыныстар Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының тиісті бөліміндегі демограф ғалымдардың, олардың әріптестері мен шәкірттерінің С.К. Рүстемов (бөлім меңгерушісі), М.Х. Асылбеков (ғылыми жетекшісі), М.Н. Сдықов, В.В Козина, М.К. Төлекова, А.И. Құдайбергенова, Ж.М. Асылбекова, Б.О. Жанғұттин, Б.К. Сапарбаев, А.М. Жаркенова, Б. Найманбаев. К.М. Ерімбетова, К.А. Еңсенов, Ш.А. Сәлімгереева, А.С. Уалтаева, Г. Ниязханқызы, Г.А. Омарова, Г.Ә. Сәрсенбаева және т.б. еңбектерінде зерттеліп жасалды [12].

9. Тарихи демографиялық тарихнама және деректану мәселелері де қарастырылып, зерттелуде, әрбір докторлық және кандидаттық диссертациялардың және жарияланған монографиялар мен мақалалардың кіріспесінде бұл мәселелер арнайы талданады. Институттың тиісті бөлімі  М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың Қазақстан тарихи демографиясының даму белестеріне арналған монографиясын жариялады, Қ.А. Еңсенов Қазақстандағы 1939-1959 жж. көші-қон және оның зерттелуі туралы кандидаттық диссертация қорғап, 8 мақала жариялады. 2003 ж. М.Х. Асылбеков пен А.И. Құдайбергенованың жоғарыда айтылған және осы баяндамалар да Отан тарихы демографиясының тарихнамасы мен деректану салаларына арналғанын айта кеткен жөн. Институт бөлімі 1937 және 1939 жж. Бүкілодақтық халық санақтарының  Қазақстанға  арналған мәліметтерін бес том етіп, жариялауға даярлады. Бұл мәліметтер Мәскеудегі Ресей мемлекеттік экономика мұрағатында өте құпия сақталған-ды. Бөлім қызметкерлері (5 адам) арнайы сапар шегіп, осы мәліметтердің 2,5 мың бет көшірмесін, көп қиыншылықтарды жеңе отырып, алып келді. Бірінші томы 2010 ж. жарық көрді [14].  Бұл томға 1939 ж. Бүкілодақтық халық санағының қалай ұйымдастырылып өткені жөнінде және бұл санақ бойынша Қазақстан халқының этнодемографиялық даму қорытындылары туралы арнайы мақалалар берілді [15].

Тарихи демография мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесі туралы қысқаша шолудан едәуір жұмыс істелгенін байқауға болады. Дегенмен алдымызда Қазақстан халқы туралы әлі де, өзекті де мәселелер зерттеуді қажет екені де белгілі. Олардың негізгілері:

-  Тәуелсіздік жағдайында Республика халқының этнодемографиялық даму ерекшеліктері;

- Тәуелсіздік кезіндегі көші-қон үдерістері, оның нәтижелері мен этнодемографиялық дамуға әсері оралмандар проблемасы;

- Еңбек ресурстары, жұмыссыздар мен өзбетінше жұмыс істейтін қызметкерлер саны мен құрамы, әлеуметтік жағдайы және т.б.,

- Қазақстан республикасы халқының жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасуы, оның негізгі топтары мен топтарының сипаттамасы мен жағдайы және т.б.

- ұрбандану процесінің қазіргі кездегі ерекшеліктері; қалалар тарихы әлі зерттеле қоймаған, Оңтүстік Қазақстан қалалары жөнінде бір докторлық диссертация,  кішігірім қалалар, Алматы агломерациясы, Түркістан қаласы жөнінде бірнеше кандидаттық  диссертациялар ғана бар [16]; қалалар халқы жөнінде жан-жақты зерттеулер жүргізу керек.

- Қазіргі ауыл халқының саны мен құрамы, жағдайы, әсіресе ауыл жастарының мұң-мұқтажы мен күрделеніп қалған мәселелері;

- Қазақстан халқының, әсіресе қазақтар мен басқа этнос өкілдерінің табиғи өсімі, ондағы келеңсіз жағдайлар мен әлеуметтік қорғаныс жолдарын анықтау;

- Қазақстан халқының білім деңгейінің көтерілуі, әсіресе қазақтардың бұл мәселедегі басқа, әсіресе европалық этнос өкілдерінен кейін қалуын жеңу жолдары және т.б.

- Университеттер мен педагогикалық  институттарда  Қазақстан тарихи демографиясынан  арнайы курстар енгізу;

- Қазақстан тарихи демографиясы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, жариялау;

- Ежелгі дәуірден осы күнге дейінгі уақытты қамтыған Қазақстан тарихи демографиясының энциклопедиясын  даярлап, жарыққа шығару.

1. Левшин А.И. Описание Киргиз-Казачьих или Киргиз-Казсацких орд и степей. Алматы, 1990 с. 287-288; Военно-статистическое обозрение Российской империи. Т. ХІV, ч ІІ, СПБ, 1848:  Арисов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. СПБ., 1897; Южаков Ю. Новые приобретения в Средней Азии.  Чимкентский круг. «Отечественные записки», 1867, № 76.

2. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар.Алматы, 1994, 95 б.; Тынышпаев М. Материалы к истории Киргиз-Казахского народа. Ташкент. 1925.

3. Бекмаханов Е. Казахстан в 20.40 года ХІХ века. Алма-Ата, 1992,  Б. Сулейменов. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети ХІХ – начала ХХ в (1867-1907 гг.). Алма-Ата, 1963; Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1897-1914 гг. Алма-Ата, 1965 и др.

4. Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии. Последняя четверть ХІІІ-60-е годы ХІХ в. Москва, 1980; Ее же. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма. Москва, 1986; Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана.Алма-Ата, 1981. Асылбеков М.Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1917-1970 гг.). Алма-Ата,1973, Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан  Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса Казахстана (1946-1965 гг.). Алма-Ата, 1976; История рабочего класса советского Казахстана. Т.1, Алма-Ата, 1987; Т. 2, Алма-Ата, 1988 и др.

5. Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан тарихи демографиясының өзекті мәселелерін жаңаша концептуалдық пайымдау // Отан тарихы, 2003. – № 3. – 25-30 бб.

6. Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. Қазақ ұлтының этнодемографиялық дамуы. // Қазақ тарихы, 2011, № 2. – 2-16 бб.

 7.  Бұл да сонда; Құдайбергенова Ж.А. Влияние миграционных процессов на изменения историко-демографической ситуации в Казахстане (вторая половина ХІХ – начало ХХ вв). – Алматы, 2010; Құдайбергенова А.И. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үрдістері: тарих-демографиялық аспект (1917-1991 жж.). – Алматы, 2010; Жагуттин Б.О. Формирование славянского населения в Казахстане.(численность, миграционный процесс в конце ХІХ-ХХ вв.). Алматы, 2010; Ниязханқызы Г. Қазақстан Республикасындағы көші-қон және оның әлеуметтік-демографиялық дамуға әсері (1991-2009 жылдар). Алматы, 2010; Еңсенов Қ.А. Қазақстандағы көші-қон:процестері және оның нәтижелері зерттелуі, Алматы, 2007. и.др (1926-1956 жж.). и.др.

8.  Бұл да сонда.

9.  Сулейменов Б. Указ. Работа, с.22-24.

10. Аймбетов С. 1926-1939 жылдар арлығындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Алматы, 1998. Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005. – 160 б.; Асылбеков М.Х., Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. Алматы, 1995. и др.

11.  Сдыков М.Н. Насление Западного Казахстана. Алматы, 1995; Козина В.В. Население Центрального Казахстана (мезадология, Историография. Источники). Алматы, 2001; Козина В.В.Население Центрального Казахстана (конец XIX в – 3 - годы XX в.). Алматы, 2000; Козина В.В.Насление Центрального Казахстана (40-ое годы - Конец XX в.). Алматы, 2001; Тулекова М. Жетісу халқы. (1897-1999 ж.ж.). Алматы, 2002;  Мейрбеков М.Б. Оңтүстік Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы. Алматы, 2010 және т.б.

12. Асылбеков М.Х., В.В. Козина. Демографическое развитие Республики Казахстан в условиях суверенитета. Алматы, 2001; Они же. Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета. Алматы, 2010; Асылбекова Ж.М-А. «Национальные индустриальные кадры Казахстана в конце ХІХ – начале ХХІ вв. (социально-демографический аспект): автореф. … докт. ист. наук. – Алматы, 2007. – 49 с.; Құдайбергенова А.И. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.): тарих ғыл. докт. ... дисс.  – Алматы, 2010. – 331 б.; Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. Социально- демографическое  развитие населения Казахстана в годы суверенитета. – Отан тарихы, 2010, № 3, с. 19-36;  Ерімбетова Қ.М. Кеңес мемлекетінің 1960-1990 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон саясаты (тарихи-демографиялық аспект): тарих ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2007. – 31 б.; Еңсенов Қ.А. Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жж.):  тарих ғыл. канд. ... автореф.  – Алматы, 2007. – 29 б.; Салимгереева Ш.А. Ақтөбе өңірі халқының этнодемографиялық дамуы (1897-2007 жж.): тарих ғыл. канд. ... автореф. – Алматы: 2009. – 30 б.; Уалтаева А.С. Население малых городов Восточного Казахстана (1959 - 2006 гг.): автореф. ... канд. ист. наук. – Алматы, 2009. – 31 с.;  и др.

13. Асылбекова Ж.М. Национальные кадры Казахстана в конце ХІХ-начале ХХІ вв. (социально-демографический аспект). – Алматы, 2007; Сапарбаев Б.К., Жаркенова А.М., Б. Найманбаев  Индустральное развитие Казахстана во второй половине XX -  начале XXI веков (историка модернизационный проект). – Алматы, 2010, Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. О социальной структуре населения Республика Казахстан. (1991-2007г). Современное состояние и перспективе развитие исторической науки Казахстана и России. Сборник материалов международной научно-практической кконференции. Алматы, 26 июня 2008г. – Алматы, 2008, с. 86-95, Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. О формировании новой социальной структуры населения Казахстана в условиях суверенитета. Социальная экономика в условиях цивилизационных перемен в современном мире: парадигмы и векторы развития материалы международной научно-практической конференция (22 сентября 2010 года). – Алматы, 2010, с. 174-183.

14.  Население Казахстана по Всесоюзной преписи населения 1939 года. Т.1. –Алматы, 2010.

15.  Асылбеков М.Х. Кудайбергенова Л.И. Подготовка и проведение Всесоюзной преписи населения 1939 года по Казахстану. Там же, с. 19-38; Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. - Основные итоги Всесоюзной переписи населения 1939 года по Казахстану. Там же. с. 19-38.

16. Кожакеева Л.Т. Социально-демографическое развитие населения городов Южного Казахстана во второй половине XIX – начале XXI вв. – Алматы, 2010; Сулейменова Қ.Қ. Алматы агломерациясы: этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен динамикасы (1991-2007жж). – Алматы, 2009; Уалтаева А.С. Население малых городов Восточного Казахстана (1959-2006 гг.). – Алматы, 2009. Байсалбаева Т.М. Социально-экономическое  развитие малых городов Казахстана (1959-2000 гг.). – Алматы, 2004 и др.

Асылбеков М.Х.

 

Бөлісу: