21 Қараша 2014, 09:40
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.
Абай Құнанбаев
Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.
Абай Құнанбаев
Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде бірі жетілсе бағанағы досына бітімі жоқ дұшпаны сол болатұғыны қалай?
Абай Құнанбаев
Кей құрбы бүгін - тату, ертең - қату,
Тілеуі, жақындығы - бәрі сату.
Абай Құнанбаев
Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең - істің бәрі бос.
Абай Құнанбаев
Жас күнде кімді көрсең - бәрі дос.
Абай Құнанбаев
Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.
Абай Құнанбаев
Жау қожандап бұртиып,
Дос құбылып әуре етер.
Абай Құнанбаев
Жауға - мылтық, досқа - ынтық.
Абай Құнанбаев
Досқа - жаз, жауға - аяз.
Абай Құнанбаев
Жауға - жалынба, досқа - тарылма.
Мұхтар Әуезов
Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар.
Мұхтар Әуезов
Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.
Сырым Датұлы
Екі жақсы дос болмас - сірне үстінде хаты бар,
Ежелгі дұшпан ел болмас - көңілінде кір, даты бар.
Бұқар Қалқаманұлы
Күніңде өзім болдым деп - кең пейілге таласпа,
Артық үшін айтысып - достарыңмен санаспа.
Асан қайғы
Жақсы жолдас сыр шашпас.
Ақан сері Қорамсаұлы
Қандастықтан - жолдастықты жоғары қоюды қашан үйренер екенбіз?!
Мұзафар Әлімбаев
Дос көңілі бір атым насыбайдан қалады.
Мақал - мәтел
Айырылысар дос ердің артқы қасын сұрайды.
Мақал - мәтел
Достыққа достық - қарыз іс.
Мақал - мәтел
Дос - жылатып айтады, дұшпан - күлдіріп айтады.
Мақал - мәтел
Күлме досқа - келер басқа.
Мақал - мәтел
Дос - басқа, дұшпан - аяққа қарайды.
Мақал - мәтел
Дос есебі - көңілден.
Мақал - мәтел
Ағайын жат та болса көзге тәуір,
Өкпем жоқ, кеудемдегі бәрі - бауыр.
Жауымның дәлдеп салған найзасынан,
Досымның саусағымен шерткені ауыр.
Қара өлең
Жақсыменен дос болсаң - күнде базар,
Жаманменен дос болсаң - көңілің азар.
Қара өлең
Әйеліңмен дос бол - үйіңе береке кіреді,
Азаматпен дос бол - адамшылығыңды біледі,
Білімдімен дос бол - сасқанында ақыл береді.
Би-шешендер
Ақылсыз достан - ақымақ дұшпан артық.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Жаман достан жақсы дұшпан артық.
Шал Құлекеұлы
«Дос» оғы - ғапыл.
Шал Құлекеұлы
Жеңілсе дұшпан - достық қыл.
Шал Құлекеұлы
Алыстағы дұшпаннан, аңдып жүрген дос жаман.
Үмбетей Тілеуұлы
Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.
Тоқсары
Достық туралы көп сөзден достық пейілді бір іс артық.
Тоқсары
Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.
Тоқсары
Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.
Тоқсары
Досын сатқан - қасын сатқанмен бірдей.
Тоқсары
Құдалық та - достықтың дәнекері.
Тоқсары
Эллиндіктердің достығы, скифтердің достығына қарағанда, баланың ойынындай екен.
Тоқсары
Дос көп болмайды.
Тоқсары
Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ.
Тоқсары
Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей.
Тоқсары
Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.
Тоқсары
Көзіңді ойып берсең де - дос көңілін қалдырма.
Тоқсары
Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.
Тоқсары
Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан.
Досыңның арына тигені - өзіңнің арыңа тигені.
Сейсенге сенсең - маған сен.
Тоқсары
Абақ: «Бала белде - өлгеннің орны толар, бірақ жақсы боларын кім білген; Гиндандай сенімді дос опат болса - орны қалай толар».
Тоқсары
Жаман жолдас белгісі - көкқұтандай кекиіп шекесінен қарайды.
Сүйінбай Аронұлы
Алдында тұрсаң - жуас қойдай: сені «дос» деп біледі,
Артында тұрсаң - аш бөрідей теріңді тіледі.
Сайф Сарайи
Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.
Сайф Сарайи
Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос,
Жайшылықта доспын деген - жай сөз.
Сайф Сарайи
Дос - зынданда жатқанда керек,
Дастархан үстінде - дұшпан да дос.
Сайф Сарайи
Дос емес дос сыртынан жамандаған.
Міржақып Дулатов
Дос адам маңайынды жұмақ етер.
Махмұд Қашқари
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын.
Жүсіп Баласағұн
Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда.
Жүсіп Баласағұн
Дос достың кемшілігін кешіре білер
Жүсіп Баласағұн
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы