6 Қаңтар 2016, 12:44
Ақыл - дария білгенге.
Шортанбай Қанайұлы
Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек.
Шернияз Жарылғасұлы
Халық ісін орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.
Әлихан Бөкейханов
Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң - саған ақыл не керек?!
Әлихан Бөкейханов
Ой да көп, уайым да көп - ойлай берсең,
Ой да жоқ, уайым да жоқ - ойнай берсең.
Мұхтар Әуезов
Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
Мұхтар Әуезов
Адам көркі - ақыл.
Мұхтар Әуезов
Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.
Мұзафар Әлімбаев
Түйірдей болса да - түйінді ойың болсын.
Мұзафар Әлімбаев
Тауысқанша ішкен - ақылы ауысқанша ішер.
Мұзафар Әлімбаев
Түн жарып туатын - ай да бар, түн жарымда туатын - ой да бар.
Мұзафар Әлімбаев
Жұмулы көз - жүйрік ойдың алаңы.
Мұзафар Әлімбаев
Ағадан - ақыл, ініден - ізет.
Мақал - мәтел
Жетесіз ұл жеті атасын қаздырар.
Мақал - мәтел
Асыл тастан, ақыл - жастан.
Мақал - мәтел
Ақыл азбайды, алтын тозбайды.
Мақал - мәтел
Көп ақымақтың ағасы болғанша, аз ақылдының інісі бол.
Мақал - мәтел
Ақыл - дария, ой - мұхит.
Мақал - мәтел
Ақыл - тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен.
Мақал - мәтел
Білім - жұғыс, ақыл - ауыс.
Мақал - мәтел
Кенеуі жоқ кеудеге - сылдыратып сөз береді, ақылсыз басқа -бадырайтып көз береді.
Мақал - мәтел
0й - ойдан шығады, ойламаса - қайдан шығады.
Мақал - мәтел
Ақылға кішілік жүрмейді.
Нұржан Наушабаев
Ақылым - атам, білімім - бұрынға бабам.
Би-шешендер
Ақылдан артық хандық жоқ, жомарттан артық барлық жоқ.
Би-шешендер
Ақыл - дария білгенге.
Шортанбай Қанайұлы
Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек.
Шернияз Жарылғасұлы
Ақыл, ажар ажалға не қылады?
Шәңгерей Бөкеев
Ақыл мидан қайнап шыққаны дұрыс.
Шал Құлекеұлы
Ақыл иесі - сөз иесі.
Тоныкөк
Жанжалдың шоғы қызарса - ақылдың суын сеп.
Сайф Сарайи
Ақылды - көптің көңілін аулар, күншіл - жоқты даулар.
Сайф Сарайи
Темір шеге - тасқа кірмейді, ақыл - надан басқа кірмейді.
Сайф Сарайи
Ақиқат жеңер жалғанды.
Міржақып Дулатов
Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді.
Майқы би
Бұлт шықса - бағбан бақшасын ойлайды.
Құтып
Ойлай білген ер - көзсіз батырдан көп артық.
Құтып
Ақыл - білімге бастар жол.
Құтып
Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Ақыл-парасат - адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Әйтеке Байбекұлы
Ақыл деген - дария,
Алдын жапсаң - тоқырар.
Әйтеке Байбекұлы
Ашу - дұшпан, ақыл - дос.
Қазыбек Келдібекұлы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы